Қазақстан территориясының жер көлемі, шекарасы Қазақстаның геогрфиялық орны.Қазақстан аумағы 2724,9 мың км2-ге тең.Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия; Үндістан және Аргентинадан кейін 9-орын алады. Біздің еліміз Франциядан 5 есе, Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе үлкен. Мысалы,республика жеріне Ұлябритания, Франция, Испания, Германия, Аустрия, Нидерланды және Жапония мемлекеттері сыйып кетер еді.
Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан,екі дүние бөлігін қамтиды.Кіші батыс аймағы Еуропада,ал көлемі шыгыс аймагы Азияда жатыр.Жайық өзенінің екі жағында орналасқан Атырау қаласы тұрғындарының Еуропа мен Азияға күнде саяхат жасауға мүмкіндікттері бар.Мұндай мүмкіндік, сонымен қатар Ресейде де бар.
Физикалық-гоеграфиялық жағдайы тұрғысынан, Қазақстан Тынық мұхит пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан. Оның мұхиттардан шалғай жатуы әрі аумағының үлкендігі климатының өзіндік ерекшелігін қалыптастырады. Қазақстан батаында-Еділдің төменгі ағысынан, шығысында-Алтай тауларының етегіне дейін 3000км-ге, солтүстіктегі-Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1650 км-ге созылып жатыр.
Сөйтіп, республиканың географиялық орны оның табиғат жағдайларын анықтайды. Қазақстан қоныржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Еуропа қоныржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа субтропиктік климатымен ерекшеленсе,Қазақстан аумағы табиғатының бір шетінің екінші шетінен айырмашылығы үлкен. Мысалы, оңтүстіктегі тау етектерінде шие мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық , қарлы боран соғып тұрады. Қазақстан жерінде қатаң Сібір мен қапырақ Орта Азия тоғысып жатқандай. Географиялық орнына қарай республика жерінде орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Республиқаның батыс шетінде Эльтон және Басқұншақ көлдері маңында, ал шығыс нүктесі Бұқтырма өзенінің бастуына сай келеді. Ендік бойымен батастан шығысқа қарай,материктік ішіне енген сайын, климаттың континенттігі арта түседі. Қазақстаның оңтүстік-шығысы мен шығыс таулары өңірлерінде ланшафтардың күрделене түсетін алуан түрлі биіктік зоналры байқалады. Қазақстаның географиялық орнына байланысты барлық өңірлнрінде жылдық төрт мезгілдің ауысуы айқын байқалады.
Қазақстаның Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Еліміздің көп бөлігі жазық, үстіртті болып келеді. Ол алуан түрлі шаруашылық жұмыстарын дамытуға мүмкіндік береді.