Пән: Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық дамуы



Дата07.01.2022
өлшемі54,43 Kb.
#17955

Пән: Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық дамуы

Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы баланың психологиялық даму факторлары мен заңдылықтарын, оның іс-әрекетінің дамуын, психикалық үдерістер мен сапаларының ерекшеліктерін және жеке басының психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуын зерттейді.

Сонымен қатар психикалық дамудың маңызды жағын баланың бойындағы психикалық үдерістер мен сапаларды, қабылдаудың түйсік, ес, зейін, қиял, ойлау, сөйлеу және мінез-құлық ерекшеліктері мен сезімнің, жас ерекшелігіне байланысты дамудың бастапқы формаларының пайда болуы, өзгеруі және жетілуі туралы мәселелерді жан-жақты қарастырады.

Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және анатомиялық, физиологиялық даму ерекшеліктерін де жан-жақты зерттеп, қарастырады.

1.Кіріспе Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және физиологиялық дамуы пәнінің мақсаты мен міндеттері

Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясының маңызды міндеті – әр жас кезеңіндегі баланың даму заңдылықтарын анықтау, оған әсер ететін себептерді іздестіру.

Зерттеу объектісі - адамның дүниеге келген күнінен бастап қартайғанға дейінгі әр түрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық ерекшеліктері. Мұның өзі бірнеше тармақтарға бөлінеді. Олар мектепке дейінгілер, бастауыш сыныптағылар, жасөспірімдер, балан жастағылар, кәмелетке келген және ересек, кәрілік, қарттық жастағылардың психологиясы. Бұлар да жан қуаттардың дамуының жас ерекшелігіне қарай дамып, қалыптасып отыратындығы ілім – білімді меңгеруге лайықты мүмкіндіктер қарастырады.

Сәбидің дамуын сипаттайтын факторлар: Баланың үнемі ілгері ұмтылуы, оның мінез-құлқында іс-әрекетінде жаңалықтың пайда болуы. Қарапайымдылықтан неғұрлым күрделі. Ойланып атқарылатын қимылға ауысуы. Сөйлеуді игеру дербестілігінің алғашқы көріністерінің пайда болуы.

Балалар психологиясының маңызды міндеті – даму заңдылықтарын анықтау, оған әсер ететін себептерді іздестіру.

Балалар психологиясының негізгі зерттеу компоненттері – балдырғанның психикалық дамуын, психикалық дамудың әрбір сатысының ерекшеліктерін, психикалық дамудың маңызды жағын, баланың бойындағы психикалық процесстер мен сапалардың, қабылдаудың, зейіннің, қиялдың, есте сақтаудың, ойлаудың, сөйлеудің, сезімдердің, мінез-құлықтың, еріктің, басқарудың бастапқы формаларының пайда болуы және жетілуі қарастырылады.

3.Балалар психологиясының басқа ғылым салаларымен байланысы.

Балалар психологиясы жалпы психологиядан тарайтын даму психикасы туралы білімге сүйенеді. Мысалы, балалар психологиясын зерттеудің, оның іс-әрекеті, психикалық үдерістері мен жағдайлары, жеке басының қасиеттері сияқты жағдайларды бөліп көрсету, олардың бұрын жалпы психологияда бөліп көрсетіліп, сипатталғандығынан ғана мүмкін болады.

Балалар психологиясы жас ерекшелігі анатомиясы мен физиологиясының жетістіктерін, әсіресе баланың жүйке жүйесі мен жоғарғы жүйке қызметінің дамуы туралы мәліметтерді үнемі пайдаланып отырады.

Баланың психикасының даму заңдылықтарын зерттегенде балалар психологиясы басқа ғылымдардың ғылыми мәліметтерінің негізіне сүйенеді.

Балалар психологиясы табиғат пен қоғамдағы құбылыстар дамуының заңдылықтарын ашатын сананың қоғаммен сабақтастығын дәлелдейтін философия, диалектикалық материализм негізіне сүйенеді.

Балалар психологиясы тек балдырғандардың психикалық дамуын, психологиялық дамудың әрбір сатысын сипаттайтын негізгі компоненттерді зерттейді.

Яғни, балалардың бойының өсуін, салмағының артуын, дене пропорциясының өзгеруін, жоғарғы нерв жүйесінің құрылымы мен жетілуін, ішкі секреция бездерінің қызметін, оның өзгерісін анатомиялық-физиологиялық негізіне сүйене отырып зерттейді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Балалар психологиясы ғылымы қандай мәселелермен шұғылданады?

2. Балалар психологиясы ғылымы нені зерттейді?

3. Балалар психологиясы ғылымы қандай пәндермен байланысты?

4.Балалар психологиясы ғылымының дамуына үлес қосқан қандай ғалымдарды білесіз?

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014



Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет