Пән: «Орман тауарларын тану» Дәріс №1 Тақырып: Сүректің микроскопиялық құрылысы



бет6/10
Дата02.03.2023
өлшемі31,92 Kb.
#71151
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекция

Сүректің исі дегеніміз - эфир майларының, шайырдың және илік заттардың мөлшеріне байланысты болады. Жаңа кесілген ағаштар немесе механикалық өңделген сүректе сүректің исі жақсы сезіледі. Қылқан жапырақты скипидардың исі, жалпақ жапырақтыларда илік заттардың исі жоғары байқалады. Сүрек исіне қарай оларды ажыратуға болады.
Макроқұрлым (макроструктура) - жылдық қабаттардың енімен (1см кескінде) сүрек пайызымен сипатталады. Егер 1см-де 3-25 дейін жылдық қабаттары болса физика-механикалық қасиеттері жоғары болады. Сақина түтікшелі жалпақ жапырақты кеш сүрек мөлшеріне байланысты сүректің беріктігі, тығыздығы және қаттылығы жоғарлайды. Шашыраңқы түтікшелі жалпақ жапырақтыларда (қайың, шамшат) жылдық қабаттардың ені жақсы байқалмайды. Кеш сүрек құрамы жоғары болған сайын, тығыздығы жоғарлайды және механикалық қасиеттері жақсы болады.
Сүректің ылғалдылығы - пайызбен көрсетілген сүрек көлеміндегі ылғал массасының абсолюттік құрғақ сүрек массасына қатынасын айтады. Сүрек ылғал жасуша қабықшаларымен (байланысқан немесе гигроскопиялық ылғал) сіңіреді және жасуша аралығындағы кеңістіктерге (бос немесе капилиярлық ылғал) толтырады. Сүрек құрғағанда ең алдымен бос ылғал сосын байланысқан ылғал буланады. Сүректі ылғалдарда (ауадан сіңіргенде) тек қана жасуша қабықшалары толық қаныққанға дейін ылғал сіңіреді. Егер сүрек сумен тікелей жанасқанда жасуша аралығындағы кеңістіктер суға толады. Сүректің толық қанығуын гигроскопиялық шегі деп атайды. Бұл стадия әр түрлі ағаштарда 25-35% аралығында болады. 105º температурада кептірілген гигроскопиялық ылғал бойынан шыққан сүректі абсолюттік құрғақ деп атайды.
Практика жүзінде сүректің ылғалдылығы төмендегідей жіктеледі:
1.Бөлмелі құрғақ (ылғалдылығы 8-12%)
2.Ауалы жасанды құрғақ (ылғалдылығы 12-18%)
3.Атмосфералық құрғақ (ылғалдылығы 18-23%)
4.Ылғал құрғақ (ылғалдылығы 23%-дан жоғары)
5.Сулы сүрек (сүрек ұзақ уақыт суда жатса ылғалдылығы 200%-ға дейін болады).
Сүректегі ішкі кернеу - сыртқы күштердің әсерінсіз пайда болған кернеуді ішкі кернеу деп атайды. Сүректі кептіру кезінде кернеудің пайда болу себебі-ылғалдың біркелкі орналаспауы болып табылады. Талшық бойымен созылу кернеуі беріктік шегіне жететін болса, онда жарылулыр пайда болады. Кебудің алғашқы процесінде сортименттің беткі қабатында, ал кебу соңында ішкі бөлігінде жарылулар пайда болады. Кептірілген материалда (тақтай, бөрене) ішкі кернеу сақталады. Оларды механикалық өңдегенде мөлшерінен формаларының өзгеруіне себеп болуы мүмкін. Қалдық кернеу болған жағдайда тілінген материалдарды қосымша өңдейді, яғни тақтайда қисаюлар болса, оны қайтадан бумен ылғалдандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет