Пән: «Орман тауарларын тану» Дәріс №1 Тақырып: Сүректің микроскопиялық құрылысы



бет8/10
Дата02.03.2023
өлшемі31,92 Kb.
#71151
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекция

Сүректің ісінуі дегеніміз - бос ылғал жоғары мөлшерде болуына байланысты сүректегі анатомиялық элементтердің үлкейіп (түтікшелер, трахейдтер) көлемімен мөлшерінің ұлғаюын айтады. Тангентал бағыттағы ісіну жоғары, ал талшық бойымен аз болады.
Суды сіңіруі дегеніміз - сүректің саңылауы (поралы) құрылысына байланысты тамшы сұйық ылғал сіңіру қабілеттілігін айтады. Бұл құбылыс сүректің тікелей сумен жанасқан кезде болады. Мұнда байланысқан және бос ылғал сүректе ұлғаяды.
Сүректің тығыздығы – тығыздығы мен беріктігі бір бірімен тікелей байланысты болғандықтан, ауыр сүрек қатты деп есептелінеді. Тығыздық мөлшері өте көп ауытқып отырады. 12%-қ ылғалды тығыздық бойынша сүректі үш топқа бөледі.
1.Тығыздығы төмен ағаш түрлері - (тығыздығы 510кг/м және одан төмен ағаш түрлері: қарағай, шырша, майқарағай, самырсын, терек, жөке, тал, қандыағаш, талшын, жаңғақ ағаштары)
2.Тығыздығы орташа ағаш түрлері - (тығыздығы 550-ден 740 кг/м балқарағай, тисс, қайың, шамшат, шегіршін, үйеңкі, алмұр ағашы, қарағаш, шынар, шетен, алма ағашы, шаған).
3.Тығыздығы жоғары ағаш түрлері - (750км жоғары аққараған, темір қайың, граб, шамшит, сексеуіл, пісте ағашы, қызыл гүлді бұта).
Сүректі кептіру - сүректі кептіру тәсілі мен кептіру жабдықтарын таңдау біршама факторларға байланысты: 1. кептірілетін тілінген материалдар дайындайтын (тақтай, рейка, брусь) ағаш түрлері мен сортимент құрамы;
2. қолданылатын электр энергия құны; 3. тұтынушы мүмкіндігі.
Қазіргі уақытта қолданылып жүрген кептіру камераларының 90-95% класикалық типтегі конвективті жүйелер. Олардың артықшылықтары шығынның аз жұмсалуы, кептіру процесінің қарапайымдылығы және техникалық қызмет көрсетудің жеңіл болуы. Сондықтан тұтынушылар осындай кептіру камераларын көбірек сатып алады. Бұл кептіргіштердің негізгі элементтері: циркулияциялық жабдықтар (вентелияторлар), қыздыру жүйелері (калпорифа), басқару жүйесі (регулияторлар).
Вентеляторлар - сүректі кептіру процесінің оптималды ұзақтығын және жоғары сапалы сүректі алу мақсатында әр түрлі ағаш түрлері үшін кептіру агентінің таралу жылдамдығымен біркелкілігін қамтамасыз ету қажет. Сүректі кептіру ұзақ әрі көп энергия жұмсайтын процесс. Жылу энергиясы кептіргіштер үшін (кательныйда) дайындалады. Мұнда жылу тасушы болып бу немесе ыстық су болып табылады. Электр энергиясы қымбат болғандықтан сирек қолданылады. Шетелдерде жылу энергиясын өңдеу үшін негізінен ағаш қалдықтарын (ағаш ұнтағы, жаңқа, қабық) жағатын қондырғылар қолданылады. Кептіру камераларындағы параметрлерді психрометрмен өлшейді. Дәстүрлі конвективті камералардан басқа вакуумдық және конденсациялық кептіргіштер тараған. Вакуумдық кептіргіштерді ірі (50мм және одан жоғары) материалдарды қатты жалпақ жапырақты ағаш түрлерін (әсіресе емен) кептіруде қолданған тиімді. Мұнда кептіру жылдамдығы басты фактор болып саналады. Мұндай камералар өте қымбат болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет