Пән: «Педагогика» Мерзімі



Дата25.05.2023
өлшемі19,12 Kb.
#97496
Байланысты:
Педагогика №6 (8 сем)


Пән: «Педагогика»
Мерзімі: 17.04.23
Оқытушы: Самарханова Н.Н.

Тақырыбы. Курстық жұмысқа қойылатын талаптар

Курстық жұмысты орындаушы студент оған қойылатын төмендегі талаптарды білу қажет:
- Зерттелген тақырып жалпы және дербес бөлімдерден жан-жақты, терең теориялық ашылуына басты басты назар аудару қажет.
- Курстық жұмысты әрбір тараудың негізгі мәселесінің мән-мағынасын анықтаудан және баяндаудан бастау керек.
Мән–мағынаны баяндау дәлелді, ғылыми негізделген және түсінікті болуға тиісті. Теориялық жағдайлар және қорытындылар шындықтың нақты материалына сүйену, ал фактілер мен үлгілер кездейсоқ емес, әдеттегі болу керек.
Курстық жұмыс материалы логикалық жүйелі түрде баяндалады, сондықтан оның тақырыбын толық ашу үшін студент:
- оған қатысты өкімет қаулылары, ҚР Президентінің жарлықтары;
- осы мәселеге арналған отандық және шетелдік ғылыми жұмыстарды оқып білуге;
- мерзімді басылымдағы мақалаларды зерттеуге тиісті.
Жазбаша түрде материалды сауатты түрде баяндау- курстық жұмысты орындау мен білімді қалыптастырудағы маңызды кезең. Өзіндік ақпарат жинау тәсілдерін игергеннен кейін студент біліміне өзіндік бақылау ұйымдастыру қажет, яғни таңдаған тақырыптың жоспарының мәселелерін логикалық жүйелі түрде ашу керек. Өзіндік шығармашылық сипатта баяндау қажет дегеніміз:
- студент жоспарының әрбір мәселесін өзі ойлаған схемаға сәйкес, цитаталарды дұрыс қолданып, оларды түсініктеме және мәтінде шамадан тыс асырмай, бір-бірімен логикалық байланысы жоқ үзінділер келтірмеуге, және талдаған теориялық жағдайларды практиалық қызметпен байланыстыруға тиісті.
Курстық жұмыс жақсы әдеби тілмен жазылу қажет. Баяндау стилі, тіл, қысқа сөйлем құрастыра білу, өз пікірін тҥсінікті түрде жеткізе білу маңызды роль атқарады. Терминдер, шартты белгілер мен қысқартудың жалпы орныққан белгілерін қолдану қажет.
Курстық жұмысқа қойылатын талаптар:
1. Тақырыптың өзектілігі, оның отандық және шетелдік ғылымның дамуына сәйкестігі.
2. Зерттеу проблемасы бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиеттерді және мерзімдік басылымдарды зерттеу және талдау.
3. Зерттеу мәселесінің тарихын, мұғалімдердің озат тәжірибесін және өзінің жеке тәжірибесін есепке ала отырып, оның практикалық жағдайын зерттеу және талдау.
4. Өз бетімен зерттеуді жүргізу: зерттеудің пәнін, мақсатын, әдістерін анық сипаттау, экспериментті сипаттау және талдау.
5. Жүргізілген зерттеудің нәтижелерін қорытындылау, қорытындыларды және практикалық ұсыныстарды негіздеу.
6. Безендіру мәдениеті (стандарт талаптарына сәйкестігі).


Мәтінді оқып, танысқаннан кейін төмендегі сұрақтарға жауап дайындаңыздар:

  1. Курстық жұмыстың сізге тигізер пайдасын қалай бағалайтыныңызды жазыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет