Пән: Педагогика СӨж орындаған: Құндыз Қанатбек Тексерген: С. Л. Турлыгазиевна Тақырыбы



бет1/3
Дата07.04.2022
өлшемі22,22 Kb.
#30268
  1   2   3
Байланысты:
Педагогика СӨЖ


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Факультет: Қазақ тілі және әлем тілдері

Курс:2

Пән: Педагогика


СӨЖ

Орындаған: Құндыз Қанатбек

Тексерген: С.Л.Турлыгазиевна


Тақырыбы: Оқудағы диагностика мен бақылау. Оқу нәтижелерін бақылау мен бағалау әдістерінің жүйесі. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалаудың заманауи түрлері.
Диагностиканы педагогикалық қызметтің оңтайлы шешімі десек, диагностикалауды іс-әрекеттің барысы (негізгі бөлшегі) деп айқындаймыз.

Диагностика немесе баға өлшемі, тағы да еске сала кетейік — әдістемелік құбылыс ағымындағы барлық жағдайдың ашылуы, нәтижесінің нақты анықталуы. Бағалау өлшемінсіз әдістемелік іс-әрекетті тиімді басшылыққа алу, әрі бар жағдайды жоғары нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.


Оқыту өлшемін нәтижемен, қол жеткен табыспен, оқытумен ажыратылады. Оқытылу көздеген мақсатқа қол жеткізуі сәтіндегі өлшемнің дәрежесі есебінде қарастырылады. Әдістемелік бағалаудың мақсаты оқыту процессінің ағымы, оның тиімді жағдайына байланысты сараптау, бағалау, дер кезінде анықтау — әдістемелік бағалаудың мақсаты болып табылады.

Көріп отырғанымыздай диагностика ауқымына оқушының біліктілігін, білімін дәстүрлі тексеруден гөрі кеңірек, әрі тереңірек мағына сияды. Тексеру тек қана нәтижені ғана шамалайды да, оның шығу тегін анықтамайды. Ал бағалау өлшемі (диагностирование) оқытудың нәтижесінің жолдарымен байланысты табыстың әдістері.

Диагностикалау оқытуда қол жеткен табыстардың жолдарымен байланыстыра отырып, оқыту өнімділігінің динамикасын, тенденцияларын қарастырады.

Диагностикалау бақылауды, тексеруді, бағалауды, статистикалық мәліметтердің жиынын олардың сараптамасын, динамикасын анықтап, іс-әрекеттің ары қарай дамуы болжамын да қоса-қарастырады. Оқушының біліктілігіне бақылау жасау, білімін бақылау диагностикалау негізгі қажетті бөлім ретінде кіреді. Бұл педагогикалық технологияның екі көне құрамдас бөлігі.


Өркениет тұсында да бақылау жасау мен бағалау мектептің дауысыз серігіне айналса, оның дамуына қоса ықпал етеді. Дегенмен, күні бүгінге дейін бағалау маңызы мен технология төңірегінде қызу талас тоқтаған емес. Педагогтар бұдан жүз жыл бұрын да талас тудырған.
Баға сапаны анықтаушы ма, әлде оқушы үлгерімінің тұжырымды анықтамасы ма немесе, керісінше, артық жерін көрсетуші, әлде оқыту әдістемесі жүйесінің кемшілігін анықтауыш ретінде қызмет етеді ме деген сауал төңірегінде болады.

Педагогтар бағалауда өз құқықтарын ақылмен, әрі салмақты пайдаланады. Мектеп бағасының қайшылығын Я.А. Коменский де ескерткен. Оқытып отырған тұлғасының білімін бағалауда әділ бақылау талаптары арқылы педагогтардың адамгершілігі оның бүкіл әдістемелік жүйесін көрсетеді. К.Д.Ушинский өз заманында бақылау түрлерін қатты сынға алған. Оның кемшіліктерін атап көрсете отырып, қолданылып жүрген тәсілдер оқушылардың ақыл-ой әрекетін басып тастайтынын ескерткен.


Әдетте мұғалім бір немесе бірнеше оқушыдан сұрап жатқанда қалғандары бұл істен шет қалады да өзін бос сезінеді. Олар күту арқылы толқып уақытын бос жіберіп, күштерін өшіреді. Мұндай жағдайда оқушы қызығушылығын да, бастамашылдығында көрсете алмайды.
Жаңа демократиялық мектепте жасанды бақылау болмауы тиіс. Әдістемелік бақылау өзіндік оқыту әдісі арқылы оқушының өзіне дамытушылық бағыт, өзін-өзі бақылау, қажетті әрі пайдалы болатындығын ашық көрсетуі керек. Мектеп бақылауын өзгерту жөніндегі ескі әрекеттер жаңа енгізулер мен барлық ұсыныстар төңірегінде болғандықтан ештеңе бермейді. Өйткені сұрақ біреу ғана болды – бағаны мектепте қолдану керек пе, жоқ па? Халық Комиссариатының 1918 жылғы мамыр айындағы “Бағаны өзгерту жөніндегі қаулысына байланысты бағалармен қоса емтихандар алынып, тасталынып, оқушылардың білімін бағалаудың ең қарапайым әдістері мен бақылаулар енгізілді. Осы мақсат пен оқушылардың жеке мүмкіндіктерін көрсететін ерекше есеп дәптерлер, “қызыл”, “қара” тақталарда озаттар мен үлгерімі төмен оқушылардың аты-жөндері жазылды, “социалистік жарыстар”, т.б. енгізілді. Бірақ бағасыз “бақылаусыз ешқандай тұрақты нәтиже берілмеді. Білім қабылдаудың жарқын болашағы” сонымен бірге “білімге табиғи құлшыныстың” оқыту әрекетінде ынталандыра алмайтындығы белгілі болды.
Мектеп өмірін демократизациялау бақылаудан бас тартпайды, керісінше оқуға бағалаудың көмегі арқылы ынтаны оятуды көздейді.Оқушылардың жаңа оқу әрекетін ынталандыру жеке бастың пайдасы емес, тәрбиелеу мен оқытуда жаңа күштерді іздестіру көзделеді. Баға диагностикалау жүйесінде ынталандыру құралы ретінде жаңа сапаға ие болуда. Диагностикалау нәтижелері жеке тұлғаны айқындауда бәсекелестік қоғамда негізгі қозғаушы күш болып табылады. Оқыту еркіндігінде баға өткен кезеңдерде оқушыларды зорлықпен оқытуды қаламайтын құралынан өркениетті қоғам адамның маңызды көрсеткіші болып жеке рейтингті тиімді қолдану аламастырады. Кейбір батыс елдерінде мұғаліммен оқушы арасында шарт жасасқанда мынандай сұрақ туындайды: “Бақылаусыз, әлде бақылаумен оқығыңыз келе ме?”, “Баға алғыңыз келе ме, әлде бағасыз бағыт меңгересіз бе?”

Егер оқушы бақылаусыз, бағасыз оқығысы келсе, онда қатаң бақылау жағдайында оқыған мен әділ бағалаудан гөрі оқуға төлем құны 3-4 есе төмен болады. Неге? Мұны сіз қалай түсіндіресіз?

Оқытуды диагностикалау деген не? Жоғарыда айтылған балалардың ішінен дұрысын, басқаларға қарағанда орнықтысын таңдап алыңыз.
Оқытуды диагностикалау – бұл оқушының білім мен биіктігін бағалау және бақылау.

Оқытуды диагностикалау бақылауды, бағалауды, тексеруді, статистикалық мәліметтерді қамти отырып, олардың сараптамасын, динамикасын нәтижелердің болжамын анықтайды.

Оқытуды диагностикалау – бұл (белгіленген критерилер бойынша) білімді, біліктілікті бағалау.

Оқытуды диагностикалау – бағаны емтихандарды өзгертуді, бақылаудың басқа формаларын талап етеді.

Оқытуды диагностикалау — әрбір оқушының жеке рейтингісін қалыптастыруды жүзеге асырады.

“Бақылау” жалпы шығу түріне қарай оқушының білімін, біліктілігін бағалау мен өлшеуді білдіреді. Өлшеу мен анықтауды тексеру дейді. Сондықтан тексеру – бақылаудың негізгі құрамы, оқушымен оқытушы арасындағы кері байланысты анықтайтын мұғалімнің оқушының нені дұрыс меңгере алмағанын, жіберген кемшілігінен әділ мәлімет беретін негізгі әдістемелік міндеті. Тексеру тек оқушылардың оқытылу сапасы мен деңгейін анықтамайды, сонымен бірге оқыту еңбегінің соңғы көлемін де білдіреді. Бақылау тексеруден басқа бағалау (әрекет ретінде) және тексеру (нәтиже ретінде) бағасын да қамтиды. Баға үлгерім табельдерінде, сынып журналдарында, мәліметтер жинағында т.б. белгі ретінде (шартты белгілердің көрсеткіші, “кескіні”, ескерту таңбасы) қойылады.


Әділділік – педагогтың оқытатын шәкірттерінің біліктілігін, білімін диагностикалық тестерді (тапсырмалар, сұрақтар) диагностикалау тәртібін дәл, нақты, өзара түсінікті қатынас арқылы ғылыми негізге арқау ету болып табылады.
Диагностикалаудың практикалық әділдігі диагностикалау көрсеткен педагогтың кез-келген бақылау құралдары мен қолданған әдістерімен қойған бағасы үйлесімділік тауып отырады. Бастапқы білімді қабылдаудан бастап, оны практикада қолдануға дейінгі барлық әдістемелік процесс диагностикалық бақылау жүргізу – жүйелілік процестің түрлері болып табылады. Оқу мекемесінде үнемі жүргізілетін диагностикалау оқитын шәкіртінің бірінші күніне дейінгі барлық әрекеті жүйелілік кіреді. Мектеп бақылауы оқушылардың нені біліп, атқару керектігіне жиі әрі маңыз бере жүргізілуі тиіс. Бақылаудың түрлі формалары әдістері мен құралдары, тексерулер, бағалаулар бірлікке, бір мақсатқа біріктірілуі, диагностиканы кешенді жүргізуде жүйелілік принциптері талап етеді. Жеке әдістер мен диагностикалау құралдарының жан-жақтылығы мұндай шешімді қаламайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет