Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жаңа тақырыпты бекіту
Деңгейлік тапсырмалар
Ұжымдық тапсырма
Қорытынды
Үй тапсырмасы
Бағалау
Рефлексия
|
Сәлемдесу
Студенттерді түгендеу
Психологиялық дайындық
Өтілген материалдарды еске түсіру
Сабақтың жоспары және кезеңдерімен таныстыру
Студенттер берілген тапсырманы топтық қорғайды.
Негізгі ұғымдарға түсінік беру.
Жоспар:
1. Түйсік туралы жалпы түсінік.
2.Балада түйсіктің дамуы.
1. Түйсік туралы жалпы түсінік.
Түйсік (ағылш. Sense) – адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі – сезім мүшесі (рецептор), екіншісі – миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі – мидағы әр түрлі жүйке орталықтары. Сыртқы талдағыштардың рецепторлары экстроцептор, ішкі мүшелердің хал-күйін білдіретіні интероцептор, ал дене мүшелерінің қозғалысы мен орналасуын хабарлайтын рецепторларды проприоцептор деп атайды. Адам түйсігінің негізгі заңдылықтары 19 ғасырдың орта шеніндегі эксперименттік психологияда зерттелген. Түйсік жүйке жүйесінің қызметімен тығыз байланысты, адамның тіршілік-тынысында үлкен рөл атқарады. Ш.Құдайбердіұлы : “Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын – иіс, тіл – дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы-жаман әр істі сол тексермек.” деп түйсік процесін сипаттайды.
Түйсік — материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім ағзаларына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық үрдіс.
Термин 4 түрлі мағынада қолданылады:
берілген биологиялық түрге тән алынбаған реакция;
белгілі бір түрге тән белгілі тәсілмен жауап қайтара алуға бейімділік. Бұл бейімділік бақыланатын мінез-құлықтың негізі болып табылады;
дамудың белгілі бір шартында, әуестену күйінде, стимулды жағдайларда пайда болатын күрделі әрекеттер жинағы. Бұл мағына көбінесе этологияда қолданылады, мысалы, белсенділіктің тіркелген паттерндері;
алынбаған, тұқым қуалау арқылы берілетін тенденциялар, мінез-құлықтың күрделі модельдерінің мотивациялық күштерінің функцияларын орындайды. Бұл мағына классикалық психоанализде қолданылады.
Балада түйсіктің дамуы.
Түйсіктердің өзара байланысы – психофизиологиялық заңдылықтардың бір түрі. Белгілі бір тітіркендіргіш сезгіштің сол бойда сезіліп тұрған басқа да тітіркендіргіштерге тәуелділігі түйсіктердің өзара байланысы дейді. Әдетте, сыртқы әсерлер талдағыштардың жеке түрімен ғана емес, өзара байланысты түрде түйсіну процесін тудырып отырады. Мәселен, тамақ ішкенде адамның дәм, тактикалық, температуралық, иіскеу талдағыштары бір мезгілде жұмыс істейді. Денеге бір нәрсе тисе, тактикалық температуралық, кейде көру рецепторы қатысады. Түйсіктің бір түрінің басқаларына әсер етуі ми орталықтарындағы қозудың үдеуіне байланысты. Түйсіктердің өзара байланысын айқын елестетін жайт – түйсіну қарама-қарсылық. Мәселен, әуелі тәтті кәмпит жеп, содан кейін ізінше алма жесеңіз, ол тәп-тәтті көрінер еді. Қарама-қарсыға байланысты көршілес және бірімен-бірі жалғасып келетін түйсінулердің айырмашылығы күшейеді. Мұндай жайт нәрселердің қасиеттері қабылдау үшін маңызды. Өйткені, түрлі тітіркендіргіштер бірінен-бірі оқшауланып әсер етсе, нәрселердің жеке қасиеттері анық түйсіледі. Түйсіктердің дамуын өзге де психикалық процестермен байланысты түрде қарастыра отырып, оның барлық психикалық процестердің негізі болатындығын аңғарамыз. Талдағыштар неғұрлым жақсы қызмет атқарса, адам сыртқы ортадан соғұрлым анық хабарлар алып отырады. Белгілі дәрігер ғалым С.П.Боткин (1832-1889жж.) түйсік адамның өмірлік тонусын белгілі дәрежеде сақтап отыратын процесс екендігі өзінің тәжірибелік зерттеулерінде айқындап берді.
Балалар мектепте оқығанға дейін олардың анализаторлары бірқатар жетілмегенімен, олардың одан әрі дамуы мектептегі кезеңдерде жүріп жатады. Анализаторлардың бірқалыпты дамымайтыны атап айтуымыз керек. Төменгі класта оқитын кезеңде, көздің көргіштігі біршама сылбыр болғанымен ұлғая бастайды, жасөспірімдерде бұл қырқын үдей түседі. Сонымен қатар, төменгі класс оқушыларының көру, есту тітіркендіргіштерін ажырата білу қабілеті жылдам дамиды.
Балалар мектепте негізгі түстерді ажырата алатын болады. Бастауыш класта жүрген кезінде олар түрлі түстерді ажыратып қана қоймай, оларды атымен атап, тапсырма бойынша сөз атауымен (мысалы, ашық көк, қоңырқай жасыл, солғын қызғылт) түстерді іріктейді.
Ер балаларға қарағанда, қыз балалардың түс түйсігі басымдау болады. Бұның болуы себебін, ойын кезінде қыз балалардың заттың түр-түсіне ер балалардан гөрі көбірек көңіл бөлінуінен деу керек. Мұғалімнің түстің түрлерін ажыратуға әдейі арналған жаттығулары ер балалардың да бұл қабілетін арттыра түседі.
Ал есу жітілігіне келсек, бөбектік жастағылардан гөрі төменгі кластағы балалардың естуі едәуір жоғары. Айтылған сөзді ести білуі, әсіресе мектепте оқудың алғашқы жылында дами бастайды. Сонымен қатар фонематикалық есту жеткілікті дамыған жағдайда, оқыту ісі де ойдағыдай өтеді. Балалар сөздері буынға дыбысқа бөліп, талдау жасайды, содан соң керісінше процеске жинақтау жасауды үйренеді, дыбысты буынға біріктіріп, буындардан сөз құрайтын болады. Психологтардың зерттеулері бойынша, сөздік материалдардың негізінде анилитико-синтетикалық әрекетпен сирек жаттыққан оқушылар кітап оқуды сылбыр үйреніп, жазуға келгенде қателер жіберіп алатыны байқалады. Дұрыс жазу үшін жазылатын сөзді буынға бөліп естіртіп не болмаса іштей айтудың маңызы үлкен.
Мектептегі бастауыш сынып мұғалімдерінің басты міндетінің бірі – ол балалардың түйсік ерекшелігіне зейін қойып, олардың сезімталдығын күшейте қамқорлық жасау болып табылады. Мұғалім оқушыларының қайсысының нашар көретінін (жақыннан не алыстан көрінетін) не көмескі еститіндердің жақсы білуі керек. Сезім мүшелерінің кемістігі бар оқушыларды дәрігерге көрсетіп алу қажет, ал класта оларды тәуір көріп жақсы еститіндей жерге отырғызған жөн.
Мектеп оқушыларымен әңгімелескенде, біз табиғаттың сыйы, баға жетпес, өте нәзік құрылған сезім мүшелерін сақтай білудің қажеттігі айтқан жөн. Көру мүшесін сақтау ымырт кезінде және төсекте жатып, транспортта келе жатып оқуға болмайды, жазған не оқыған кезде дәптер мен кітапқа тым жақын еңкеймеген жөн. Еңбек етіп, дүние тануда түйсіктің қандай маңызы бар екенін, оның бақытының маңызды көзі болып табылатынын жастайынан баланың құлағына сіңірту қажет.
Сонымен қатар, мұғалім балалардың түйсігін дамытуға қамқорлық жасауы тиіс. Бұған сурет, музыка, ән айтумен айналысуы, табиғатқа экскурсия жасау, мұражайға бару, сурет көрмелері т.б. едәуір дәрежеде себепкер болады. Балаларды өнерді сүюге баулып, өнердің бір саласында өз күшін жұмылдыруға үйрету қажет. Сезім мүшелеріне арнайы жаттығулар жасаған пайдалы.
Бұл жаттығуларға балалардың ойын әрекетін енгізуге болады (мысалы лото ойнау, суреттің түрі, түріне қарап біркелкі реңкін таба білу).
Оқушылардың сезім мүшелерін сақтап, оны дамыта білу үшін, мұғалімнің ата-аналармен бірлесе отырып, балалардың түйсік ерекшеліктерін дамытуға кеңесі өте пайдалы
Балада түйсіктер дүниеге келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Оның аузына хинин ерітіндісін тамызса, ерітінді ыңғайсыз реакция білдіреді. Осы айтылғандар балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың есту түйсігі біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері оның құлақ түтігі суға толы болады да ештеңені есітпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елеңдемесе оның саңырау болып қалуы ықтимал. Мұндайда анасы баласын дәрігерге апарып көрсеткені дұрыс. Үш айлық бала анасының еркелеткен даусын естіп көңілденеді, қатты жекіре сөйлесе, кемсеңдеп жылайтын болады. 2-3 айдан былай қарай бала көзін жарық түсіріп тұрған затқа бұра бастайды, қозғалмалы заттарға көзін тоқтатуға тырысады. Жарықты түйсіну тіпті жаңа туған нәрестелерден де байқалады.
Мәселен, шала туған баланың өзі де бірнеше күннен кейін жарық пен қараңғыға түрліше реакция білдіреді. Заттың түсін айыру кейінірек дамиды. Мәселен, 5 айлық бала алдымен заттың түріне, біртіндеп оның көлеміне, содан соң барып бояуына көңіл аударатын болады. Бала тілінің шығуы, оның жұрт бастауы түйсіктердің дамуына қолайлы әсер етеді. Мектепке түскенге дейін түйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту, сипай сезу, қозғалыс т. б.) біршама қалыптасып үлгереді. Түйсіктердің қайсысын болса да қалағанымызша жетілдіруге болады. Егер адам алдына өзінің сезгіштік қабілетін арттыруды нақтылы міндет етіп қойса және осыған жаттығатын болса, онда түйсіктері ойдағыдай дами түседі. Түйсіктердің адамның іс-әрекетіне байланысты дамып отыратындығын, көптеген мамандықтардың тәжірибелері айқын сипаттайды.
1.Балада түйсіктің даму ерекшеліктері.
А-тапсырма. Түйсіктің жас ерекшеліктеріне байланысты дамуы қалай жүреді?
В-тапсырма. Түйсіктің түрлерін атаңыздар.
Балада түйсіктің түрлері жас ерекшеліктеріне байланысты қалай дамып отырады? Мысал келтіріңіз.
Бекіту барысында студенттердің түсінігінің қалыптасу деңгейіне орай толықтырып, түйін шығару.
1.Лекцияның конспектісімен танысып,оны әртүрлі авторлардың екі-үш оқулықтарынан алынған материалдармен толықтырыңыз.
2.Тақырып бойынша ақпарат жинап, топтық қорғау.
Студенттер білімін бағалау.
Өз іс-әрекеттерін бағалау.
|