Академиялық тәртіп ережелері: «Әлем әдебиеті және оны оқыту» курсы сіздің маман ретінде кәсіби білім алудағы басты пәндердің бірі болып саналады. Әлемдік және отандық әдебиетте маңызды орын алатын әлем әдебиетіндегі классик жазушыларды танып білу асқан жауапкершілікті талап етеді. Әр дәуірдегі әдеби процесстің дамуын, көркем шығарманың табиғатын тану, тақырып, идея, мазмұн мен пішін, жаңашылдық мәселесін теориялық түрде меңгерсеңіз (талдау, мәнерлеп оқу, баяндау, әңгімелеу) нәтижеге жетесіз.
Академиялық құндылықтар:пән бағдарламасы тақырыптық ұстаным бойынша құрылған. Әр тақырып оның мазмұнын ашатын негізгі мәселелер тізімін қамтиды. Дәрісте әр тақырыптың теориялық негізі ашылып, білім алушыға бағыт-бағдар беріледі. Семинар, СӨЖ, СОӨЖ-де сол тақырып терең талданады. Талдауға белсене қатысуыңыз - сіздің курс бойынша біліміңіздің басты көрсеткіші.
5. Ақпараттық ресурстар: Оқу әдебиеттері:
Көптілеуова Дина Тұрғалиқызы. Әлем әдебиеті: Оқулық. -Алматы: Қазақ университеті, 2015.
Мухажанова Р.М. Әлем әдебиетінің тарихы: Оқу құралы. 2019.-173б.
Ашимханова С. ХІХ ғасырдағы шетел әдебиетінің тарихы. Алматы, 2009
Тебегенов Т.С. Шетел әдебиетінің тарихы. Алматы, 2006.
Антик заман драматургиясы. Эсхил, Софокл, Еврипид, Аристофан, Менандр. «Әлем әдебиеті» кітапханасы. Астана: Аударма, 2009. -592 б.
Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. Т. 1. Астана, 2008
Тоқшылықова Г. Антика әдебиетінің тарихы. –Алматы, 2019.
Дүйсенғазин С. Шетел әдебиетінің тарихы. Астана, 2010.
Қобыланов Ж. Шетел әдебиетінің тарихы. Алматы, 2009