1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы: Педагог-психологтың ағартушылық жұмысы Кредит саны 5 Курс, семестр 1, 2 Мамандықтың шифры және атауы 6B011- Педагогика және психология
Институт Педагогика және психология институты
Кафедра Педагогика және психология
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, атағы,қызметі п.ғ.м., оқытушы Орынбаева Л.К.
Контактілік ақпарат (телефон, e-mai) 8-7775916699 e-mail:ldoctorant@bk.ru
8-7476803084
2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)* Жиынтық бағалау: Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2) 0,6 + емт 0,4
3. Пәннің қысқаша мазмұны. «Педагог-психологтың ағартушылық жұмысы»пәнінің мақсаты Білім беру жүйесіндегі педагог-психологтың ағартушылық жұмысы саласында студенттердің кәсіби құзыреттілігін және жалпы білім беру саласындағы кәсіби педагогикалық міндеттерді шешуге практикалық дайындығын қалыптастыру
Курстың негізгі міндеттері: 1. Педагог-психологтың ағартушылық жұмысының мақсат-міндеттерін, принциптері мен құрылымын білу және түсіну;
2. мектептегі ағартушылық қызметті ұйымдастырудың заманауи әдістері мен ұйымдастыру формаларын жіктеу;
3. педагогтермен, оқушылармен, ата-аналарымен ағартушылық жұмысты бағалау өлшемдерін түсіндіру;
4. ағартушылық жұмысының басым бағыттарын анықтауда шешім қабылдау.
4. Курстың академиялық саясаты: Академиялық тәртіп ережелері:
Тапсырманы дайындау тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқтау;
Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы үлестіру;
Үй тапсырмаларының көпшілігі деректер қорының мысалында сұрау арқылы жауап беруге болатын бірнеше сұрақтардан тұрады; білім алушыларға сұрауларды орындау қажет болады және алған жауаптар үй жұмысының келесі бөлігі үшін пайдалануға болады.