Мектеп басшысының педагогтермен қарым-қатынасы



Дата25.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#76102
түріЛекция
Байланысты:
Дополнительные материалы (мультимедийные материалы, ссылки на электронные ресурсы и т.д.)-1670146662858

10-лекция Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті.

10-лекция Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті.


Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты:
оқушылардың психологиялық, дене-қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру; олардың мінез-құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне-өзі қызымет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени-гигиеналық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады

Дарындылық - белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі.

В. Крутецский : өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,- деп тұжырымдады.

Өмір салты – адамның белсенді тіршілік әрекетінің түрі ретінде қарастырылатын, денсаулығындағы өзгерістің негізгі тенденциясын анықтайтын жалпы жетекші фактор. Өмір салты ұғымымен өмір деңгейі (адамға кететін шығынның құрылымы), өмір сапасы (адамды материалдық қамтамасыздандыру дәрежесі, өлшеу параметрі), өмір сүру стилі (мінез-құлықтың психологиялық жеке ерекшеліктері), өмір сүру тәртібі мен әдет-ғұрпы (өмірдің ұлттық-қоғамдық тәртібі, тұрмыс, мәдениет) ұғымдары тікелей байланысты. 

Салауатты өмір салты дегеніміз не?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50-60 % өмір тіршілігіне, 20 % - тұқым қулаушылыққа, 20 % - сыртқы ортаның жағдайына, 8-10 % - дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттауға бағытталған шараларды ұйымдастыру екендігін дәлелдейді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50-60 % өмір тіршілігіне, 20 % - тұқым қулаушылыққа, 20 % - сыртқы ортаның жағдайына, 8-10 % - дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттауға бағытталған шараларды ұйымдастыру екендігін дәлелдейді.

Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы

Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы

№905 қаулысымен "бекітілген" "Салауатты өмір салты" кешенді бағдарламасы, оның мақсаты – халықты сауықтыру және орташа өмiр сүру ұзақтығын ұлғайту болып табылса, ал негiзгi мiндеттерi – салауатты өмiр салтына, денсаулықты нығайтуға, халықтың денсаулық әлеуетiн дамытуға және денсаулық сақтау мәдениетiн қалыптастыруға жәрдемдесу; салауатты өмiр салтын қалыптастырудың кешендi, үзiлiссiз және орнықты жүйесiн құру деп белгіленген. 

Мектептің оқу – тәрбие үдерісінде денсаулықты сақтау сауаттылығын қалыптастырудың келесі принциптеріне сүйенеді:

  • Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың оқытудың мақсатына сәйкестігі.
  • Оқу - тәрбие жұмыстарының денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың заңдылығына сәйкестігі.
  • Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудағы оқушының саналылығы және белсенділігі.
  • Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың көрнекілігі.
  • Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың жүйелілігі және бірізділігі.
  • Денсаулық сақтау сауаттылығына байланысты білім, білік, дағдының бір-бірімен байланысы.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет