Байланысты: Прак. Тәрбие жұмыс.теория. әдістеме (1)
4.05-03 н.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ
Институт/жоғары мектеп
Педагогика және психология кафедрасы
Мақұлданды
« 31» 08 2023_ж.
№ 1 хаттама
Институт/жоғары мектептің
АС жөніндегі Кеңес төрағасы
__________Еламанова А.Б.
Пән: Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Дайындық бағыты: 6В01 Педагогикалық ғылымдар
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Оқыту түрі:күндізгі
Көкшетау
Практикалық сабақтарды жүргізудің нұсқамасы. Практикалық сабақтарын:
біріншіден: курс жұмыс бағдарламасы бойынша практикалық сабақтардың тақырыбын нақтылау, материалдың толықтығы және сағаттардың дұрыс бөлінуі, практикалық сабақтардың күнтізбелік жоспарлардың дәрістік курсқа сәйкес келуін қадағалау (дәрістік және пратикалық сабақтардың дәрістің нақты тақырыптарының мазмұнына сай жүйілілігін сараптау). Осы тақырып бойынша пратикалық курсты жүргізудің негізгі, әр сабақтың өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
екіншіден: Практикалық сабақтардың мазмұнымен танысу, жаңашыл ғылыми-педагогикалық жаңалықтардың қолданылуы мен көрініс табуына назар аудару. Оқытылып жатқан пән салалары бойынша еліміздің және әлемнің ғылыми жетістіктері мен пратикасының сабақ барысында қолданылуына, ғылымилығына, мазмұндылығына көңіл аудару.
Практикалық сабақтарда студенттердің бойында - ғылыми-теориялық көзқарастардың қалыптасуына және тақырыптың әдістемелігін ашуға;
- оқытушы мен студенттердің сабақтың материалын түсіндірудегі нақтылық және
бейнелілікті көрсетуге;
- сабақтың кәсіпкерлік бағыттарына (мектеп курсымен байланысы); теориялық материалдың
практикалық байланысына;
- олардың формаларын сараптау;
- оқытудың техникалық құралдарын дайындауға, көрнекіліктерді, оқулықтар мен көркем әдебиеттердің қолданылуына назар аудару керек.
Практикалық сабақтарды жүргізу кезіндегі тәсілдердің әр түрлілігін атап өту; дидактикалық материалдың даярлық дәрежесін, дәрісті, тақырыпты толық кешенді игеруге итермелей отырып оқытуды тиімді ете білуін атап өту (дәріс, зертханалық, практикалық, семинар сабақтары кезінде);