Жоспар 1. Қиын балалар, девиантты (деликвентті) мінез-құлықты балалар ұғымына түсініктеме
2. Балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы психологиялық жəне педагогикалық мəселе ретінде
3. Қиын балаларды анықтау және олармен жүргізілетін жұмыстар
Практикалық тапсырмалар Тақырып бойынша реферат дайындаңыз
Педагогикалық жағдаяттарды шешу:
Педагогикалық жағдаят №1 Мектептің 6-сыныбында оқитын Әділ өркекірек, дөрекі, білектің күшіне сенетін оқушы болатын. Кейінгі кезде бос уақытын мектептің зоологиялық бұрышында өткізіп, асыраңды қояндарды күтіп жүрді. Бір күні сынып жиналсында әрбір оқушыға мінездеме беріліп, Әділге келгенде пікірлері екіге бөліңді. Пән мұғалімдері оның әлі де түзеле қоймағаның дәлелдесе, сынып оқушылары оны жақтап түзелгенін, қоғамдық жұмыстарға қатысып, сабақ үлгерімі де жақсарғанын айтып, мінездемесіне «қанағаттанарлық» бағасын қоюды талап еткен.
Сұрақ: Бұл педагогикалық жағдайда сынып жетекшісі не істеу керек деп ойлайсыз?
Педагогикалық жағдаят №2 12 жасар Қуан мектепте «қиын бала» атанған. Наурыз мейрамы күні сынып жетекшісі оған бір-екі жолдасымен бірге мектеп ауласына 20 шақты тал отырғызуды міндеттеді. Қуан өз жолдастарымен бірге тапсырманы тиянақты орындап шықты. Мектеп жиналысында оларға алғыс айтылды.
Осы кезден бастап бала өміріне өзгерістер ене бастады.
Сұрақ: Балаға жасалған педагогикалық ықпалдың нәтижелі болуының себебі неде?
Тақырып 9. Педагогикалық ұжымның дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі
Жоспар 1. Интеллект, қабілеттілік, дарындылық, талант ұғымдарының мәні
2. Дарындылықтың диагностикасы
3. Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі
4. Қазақстан Республикасында жас таланттарды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламалары
Практикалық тапсырмалар 1.Үзіліссіз педагогикалық іс-тәжірибе барысында мектепте дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарды бақылау, хабарлама дайындау.
2. Тақырып бойынша реферат дайындаңыз