Пән туралы ақпарат


«Философия» пәнін оқыту негізінде күтілетін нәтижелер



бет2/4
Дата07.11.2022
өлшемі47,28 Kb.
#48163
1   2   3   4
Байланысты:
1 Силлабус 2021-2022

«Философия» пәнін оқыту негізінде күтілетін нәтижелер:


    • философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұнын сипаттау;

    • нақты дүниені философиялық зерделеудің ерекшелігін түсіндіру;

    • дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық зерделеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде негіздеу;

    • дүниені танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктеу;

    • мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның ерекшеліктері мен мазмұнына түсініктеме жасау;

    • негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның қазіргі әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде негіздеу;

    • медиамәтіндер, әлеуметтік-мәдени және жеке тұлғалық жағдайлардың философиялық қырларына этикалық шешімдерді қабылдау және негіздеу үшін талдау жасау;

    • қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты өзінің адами ұстанымын қалыптастыру және сауатты дәйектеу;

    • кәсіби саладағы мәселелердің философиялық мазмұнын анықтау үшін өзекті болып саналатын зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін талқылауға ұсыну.



  1. Курстың академиялық саясаты:


Пән бағдарламасы тақырыптық принцип бойынша құрылған. Әр тақырып оның мазмұнын ашатын негізгі мәселелер тізімін қамтиды, дәрістік курста жүйелі түрде баяндалады және студенттерге практикалық сабақтарда, сондай-ақ өзіндік жұмыс барысында оқытылады. Осы мәселелерді білу студентке оқу үдерісінде, ал оқытушыға бақылау іс-шаралары кезінде пәннің жекелеген тақырыптарын меңгеру дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.

Академиялық тәртіп ережелері:


    • студент әрбір аудиториялық сабаққа төменде келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалуы керек. Тапсырманы дайындау тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс;

    • орындайын тапсырмалар пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы үлестіріледі;

    • тапсырмалар әдістемелік кеңестер негізінде, белгіленген формаға сәйкес, мерзімінде орындалуы керек;

    • барлық тапсырмалар уақытында тапсырылуы тиіс. Кешігіп тапсырылған жұмыстар төмен бағаланады;

    • сабаққа кешігуге, себепсіз сабақтан қалуға жол берілмейді. Себепсіз сабақтан қалған жағдайда оны өтеу қажет болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет