Студент оқу үдерісінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Академиялық адалдық» Кодексін басшылыққа алуы керек;
берілген тапсырмаларды адал және мұқият орындауы қажет;
орындаған тапсырмаларда міндетті түрде ақпарат көздеріне сілтеме жасауы, басқа адамның немесе ұжымның еңбегін өз еңбегі ретінде ұсынбауы, толықтай немесе жартылай көшіріп алмауы тиіс;
бақылау жұмыстарын орындауда алдауға, көшіріп алуға, рұхсат берілмеген техникалық құралдарды пайдалануға жол берілмеуі керек;