Пән туралы қЫСҚаша мәлімет: Пән оқытушысы


КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



бет3/18
Дата07.02.2022
өлшемі326,63 Kb.
#24978
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
2021-2022 Силлабус Отарш дәу қаз әдеб тар

9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

9.1 Дәрістер

ТақырыбыКіріспе.ХІХ ғасырдағы қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік өзгерістер, әдеби-көркемдік ізденістер

Сағат саны1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. ХІХ ғасырдағы тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдай.

  2. ХІХ ғасыр әдебиетінің саяси-әлеуметтік, көркемдік негіздері

3.ХІХ ғасыр әдебиетінде жаңа жанрлардың туындауы.

4.Зар заман ақындары – қазақ жазба әдебиетінің басы.

5.ХІХ ғ. әдебиетінің жанрлық, көркемдік жөнімен зерттелуі.

6.Қазақ зерттеуілерінің әдебиеттің тегі мен түріне байланысты жанрлық классификация жасауы.



  1. ХІХ ғасыр әдебиетін зерттеудің қазіргі көкейкесті жайлары.

Дәріс тезисі*

ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында хандық құрылым жойылып, қазақ даласында аға сұлтандық пен сұлтандық басқару жүйесі пайда болды. Аға сұлтандардың өздері қазақ даласын бірнеше бөлікке бөліп, қадағалап отырған әскери-губернаторлардың өздері де тікелей билік жүргізе бастады. Атақоныс, жер ең бір әлеуметтік мәселеге айналды. Жерге иелік біртіндеп сұлтандардың, сол арқылы Ресей патшасы губернаторларының билігіне көшті. Ресей империясы қазақ жеріне түгелдей иелік ете бастады. Міне, осындай тарихи шындықтар, одан туындаған өзге де көптеген ұлттық, саяси-әлеуметтік шындықтар қазақтың әдебиетіне де әсер етті. Ақындар елдің көкейіндегі ойды толғады.



Бекіту сұрақтары:

  1. ХІХ ғасыр әдебиетінің әдебиеттану ғылымында бағаланудағы көркемдік-теориялық тұжырымдар.

  2. ХІХ ғасыр әдебиетінің өзіне дейінгі әдебиетпен сабақтастығы және ерекшелігі.

  3. ХІХ ғ. соңындағы қазақ баспасөзіндегі алғашқы әдебиет материалдары.

  4. ХІХ ғ. аяғында жарыққа шыққан жинақтар мен кітаптар, қиссалар

Әдебиет

  1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  2. Байтұрсынов А. Ақжол. – Алматы, 1991

  3. Қазақ әдебиетінің тарихы. ХІХ ғ. Бірінші жартысы (1800-1850). 4-том. Он томдық. Ред. Басқарған ф.ғ.д., проф. Асқар Егеубаев. Алматы, 2005. 438 б.

  4. Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы, 1991

  5. Ысмайылов Е. Ақындар. - Алматы, 1956

Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) шығармашылығы

Сағат саны 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Махамбеттің шығармашылық ғұмырбаяны

  2. Исатай – Махамбет көтерілісінің (1836 – 1838 ) тарихи себептері, «Ереуіл атқа ер салмай», «Орай да борай қар жауса», т.б. өлеңдерінің шығу тарихы, олардағы ерлік тақырыбы

Дәріс тезисі*

Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жанқұс деген жері. – 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданы) – қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.

Шығармашылық мұрасының жиналу, басылу жайы. Зерттелуі. Махамбет ұлт азаттық күрес жыршысы. Бостандық күрес батыры. Махамбеттің көтеріліс алдындағы, көтеріліс барыындағы, көтеріліс жеңілгеннен кейінгі өлең толғаулары. «Ұлы арман», «Ереуіл атқа ер салмай», «Толарсақтан саз кешіп», «Еңселігім екі елі», «Исатай деген ағам бар», «Тайманның ұлы Исатай», «Тарланым» т.б. өлеғдеріндегі азаматтық үн, ерлік рух. Исатай батырдың тарихи тұлғасы. Махамбет өлеңдерінің көркемдік сипаты,сөз қолданыс қырлары, тіл кестесі. Махамбет поэзиясының жанрлық қырлары. Махамбет поэзиясының дәстүрлі жыраулық өлең үлгісімен сабақтастығы. Ақын толғауларындағы жаугершілік заман күйі. Жауынгер мұраты түскен жыраулар поэзиясымен мазмұндық түр, өлең үлгісі, сөз қолданыс жөнінен туыстығы. Махамбет поэзиясындағы дәстүрлі қолданыстар. Махамбеттің өлең құрылысы. Махамбет және Хан Жәңгір.

Махамбет поэзиясының қазақ әдебиеттану ғылымының зерттелуі. Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев. ғаламдардың Махамбет поэзиясын бағалауы. Академик Қ.Жұмалиевтің Махамбет шығармашылығын зерттеуі. Махамбеттану ілімін өрістетуі. Махамбет шығармаларын жиыстыруы, туу тарихын айқындауы. Махамбет өлеңінің теориялық негіздемесін жасаудағы академик З.Ахмет ов зерттеулері. Махамбет поэзиясының тілін зерттеудегі Р.сыздық, Қ.Өмірәлиев еңбектері. Махамбеттанудың екінші өрісі. Зерттеу мәселлері. Махамбет поэзиясының қазақ әдебиеті тарихындағы өлшеусіз орны.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет