Пән туралы қЫСҚаша мәлімет: Пән оқытушысы



бет5/18
Дата07.02.2022
өлшемі326,63 Kb.
#24978
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
2021-2022 Силлабус Отарш дәу қаз әдеб тар

Тақырыбы Дулат Бабатайұылының (1802-1873) шығармашылығы.

Сағат саны 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Дулат Бабатайұылының өмірбаян деректері.

  2. Шығармашылық мұрасының сақталуы, зерттелуі.

  3. Дулат ақын толғауларындағы заман, дәуір көрінісі.

Дәріс тезисі*

Дулат Бабатайұлының шығармашылық мұрасы. Дулат Бабатайұлы (1802-1874). Өмірбаян деректері. Шығармашылық мұрасының сақталуы, басылым, жариалануы, зерттелу жайы. Дулаттың «Өсиетнама жинағы» (1880). Дулат Бабатайұлының «Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға» арнауларындағы замана күйі ел мінезі. Дулаттың қазақ әдебиетіне жекелеген адам образын әкелуі. Ақынның туған жер, ата-қоныс жайын толғаған «Ақ жайлау мен Сандықтас», «Ата қоныс Арқадай», «Тас ағызып екпіні» өлеңдеріндегі қозғалған адыра қалған ата қоныс, қимас мекеннің өксігі. Дулаттың сөз өнері, өлең, ақындық қуат жайлы шығармалары. «Тегімді менің сұрасаң», «Сөзім бар да, көзім жоқ», «Сүйлейменге», т.б өлеңдеріндегі « сорғалаған нөсердей» жыр құйған «сарқылмайтын суат», «жыр сауыты», «жібек сөзден», «жыр кесте» өрнектеген ақындық жаратылыс. Дулаттың «Еспенбет» дастанындағы ел тарихы, елдік, ерлік, дәстүр. Дулаттың мысал өлеңдері. Дулат Бабатайұлының өлең құрлысы. Тіл кестесі. Дулат Бабатайұлы- Абайға дейінгі қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі. Дулат Бабатайұлы шығармашылығының зерттелуі. Сейіл Мүлкенұлының Дулат өлеңдерінің кейінгіге жетуіндегі орны. Дулат поэзиясын зерттеудегі Х.Сүйіншалиев еңбегі. Дулаттың әдеби мұрасы төңірегіндегі 1999жылғы әдеби мұраға көзқарас жөнінен өткен ғылыми теориялық конференциядағы пікірлер қайшылығы. Дулат Бабатайұлы шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихындағы орнының бағалану, айғақталу тарихы. Дулаттанудағы, Дулат поэзиясының ежелгі дәстүрлі әдебиет үлгілерімен сабақтастығы жайлы Қ.Өміралиев, Р.Сыздықова пікір-тұжырымдары. Дулат Бабатайұлының әдеби мұрасын қазіргі кезеңде зерттеу. Қ.Раев,Э.Партаева зерттеулері. Дулат шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихындағы орнын айқындай түсу жөндері. Дулаттың өлең үлгісін,оның шығармаларының жанрлық өзгешілігін,құрылым жүйесін қазақ өлеңінің даму заңдылықтарымен сабақтастыққа зерттеуді дамыту, тереңдету.



Бекіту сұрақтары:

  1. Дулат ақын поэзиясындағы дәстүр және жаңашылдық.

  2. Дулаттың «Еспембет» шығармасы – қазақ поэзиясындағы тұңғыш поэма.

Әдебиет

  1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  2. Қазақ әдебиетінің тарихы. ХІХ ғ. Бірінші жартысы (1800-1850). 4-том. Он томдық. Ред. Басқарған ф.ғ.д., проф. Асқар Егеубаев. Алматы, 2005. 438 б.

  3. Мәдібай Қ. Зар заман ағымы. – Алматы, 2005

  4. Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы. - Алматы, 2000

  5. Омарұлы Б. Зар заман әдебиеті. - Астана, 2005

  6. Мәдібай Қ.Қ. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. 2 кітап. – Алматы: «Қазақ
    университеті», 2004.- 270 б.


Тақырыбы Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) шығармашылығы

Сағат саны 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Мұрат Мөңкеұлының өмірбаяндық деректері

  2. Ақынның әдеби мұрасының негізгі арналары.

  3. Ақынның заманға, отаршылдыққа наразылықтан туған шығармалары.

Дәріс тезисі*

Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906). Мұраттың өмірбаяны. Ақынның заманға, отаршылдыққа, наразылықтан туған жырлары. Батырлықты, ерлікті көтеруі. Ізгілікке үндеуі. Мұраттың арнау өлеңдері. Айтыстары. Толғаулары. Эпикалық дастандары. Мұрат-Махамбет және басқа да ақын-жыраулар мұрасын сақтап жеткізуші. Мұрат шығармаларының қазақ әдебиеттану ғылымында зерттеліп, көркемдік-теориялық жақтан негізделуі.

Мұрат поэзиясының жанрлық сипаты. Көркемдік қуат, құндылығы. Мұраттың «Үш қиян», «Сарыарқа» толғауларындағы елден, жерден айырылу сарыны. Мұраттың отаршылдық зардаптарын алдын-ала болжауы. Мұраттың «Жалпыға айтқаны толғауы», «Арғымақ сайлап не керек», «Жігітті көркем көрсеткен», «Айшықты ала ту тіккен», «Жалп-жалп ұшқан жапалақ» өлеңдері. Жантолы қызбен айтысы. Мұраттың айтыс өлеңде ауыларалық, рулық шеңбердегі айтыстан елдің деңгейіне көтерілген айтыс ақыны болып қалыптасу жөні. Мұраттың «Шалкиіз», «Қазтуған», «Қарасай-Қази» жырларының көркемдік алымы, эпикалық дәстүрмен сабақтастығы. Мұрат Мөңкеұлының әдеби мұрасының әдеби тарихындағы орны жайлы зерттеу еңбектер. Мұрат мұрасының кейінгіге жетудегі Х.Досмұхамедұлының еңбегі. «Мұрат ақын сөздері» жинағы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет