Ескерту! Студенттердің оқу жетістіктерін ағымдық бақылау университеттің «Univer» платформасында сабақ кестесіне сәйкес тұрақты жүзеге асырылады. 13. КУРС САЯСАТЫ
Курс саясаты әкімшілік талаптар мен академиялық адалдық принциптерінен тұрады.
әкімшілік талаптар:
пән бойынша білімді толық көлемде игеру;
ББ бойынша құзыреттіліктерді меңгеру;
оқытушыларға, қызметкерлерге және білім алушыларға құрметпен және сыпайылықпен қарау;
силлабуста көрсетілген тапсырмаларды «өзбетінше» өзгертпеу және көрсетілген талаптарды сақтау;
сабақ кестесіне сәйкес онлайн және оффлайн режимдерінде оқытуға қатысу;
пән бойынша контент түрлерін тиімді қолдану, мысалы тақырыптар бойынша жазылған бейнедәрістерді YouTube каналынан тұрақты тыңдау, тапсырмалар, блиц-сауалдар және т.б.;
пәнді өткізу үшін қажетті ақпараттық (техникалық) құралдармен жұмыс жасау дағдысын меңгеру және техникалық талаптарды сақтау;
СӨЖ тапсырмаларын оқытушының жеке кестесінде көрсетілген мерзімде орындау және пән оқытушысымен кері байланыста болу;
бақылау тапсырмаларын (межелік, аралық бақылау) бекітілген мерзімде орындау ( дәлелді себептерден басқа жағдайда);
университет, кафедра мүлкіне жауапкершілікпен қарау;
университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау;
кафедра, факультет, университет жұмыстарына белсенді қатысу.