1.1 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ: Философия пәні жоғары оқу орындарында оқытылатын жалпы білім беру пәндерінің бірі болып табылады. Философия пәнін оқытудың мақсаты: студенттердің бойында дүниені танудың ерекше формасы болып табылатын философия, оның негізгі бөлімдері, мәселелері және оларды зерттеудің өзінің болашақ кәсіби қызметімен байланысты әдістері туралы басты түсініктерді қалыптастыру.
1.2 ПӘННІҢ ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ:
Студент Философия пәнін жақсы меңгеру үшін мектеп курсындағы «Дүние жүзілік тарих», «Адам, Қоғам және Құқық», «Өзін-өзі тану» және т.б. осы секілді базалық пәндермен таныс болу қажет.