Пән туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы: Утеулиев Бауыржан Бабажанұлы конференцияның id номері: 224 620 7857 ПӘннің ҚЫСҚаша сипаттамасы «Тележурналистика»



бет11/25
Дата06.03.2023
өлшемі131,27 Kb.
#71850
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
ТақырыбыТелерадиодағы тікелей эфир
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Тікелей эфир табиғаты

  2. Тікелей эфирге тән ерекшеліктер.



Дәріс тезисі*
Тікелей эфирге тән ерекшеліктерді атап өтіп, олардың әрқайсысына талдау жасамас бұрын "Тікелей эфир дегеніміз не?" деген сауалдың жауабын іздестіруге тура келеді. Ендеше, тікелей эфир туралы ғылыми анықтаманы тұжырымдапкөрейік. Тікелей эфир-радиожурналистикадағы уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудын, кәсіби әдісі, шығармашылық-техникалык сипаттағы соны технологиялык процесс, аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде, алуан түрлі пішіндер мен жанрлық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі.
Ал тікелей эфирде жұмыс істеген журналистің даярлығының күштілігіне, дайындығының мықтылығына қарамастан процесс кезіндегі күллі іс-әрекетін, аузынан шыққан әрбір сөзін өлшеп-кесіп, мөлшерлеп-межелеп алдын-ала анықтап алуы мүмкін емес. Сондықтан да ол эфир кезіндегі әрекетінің негізгі шарттарын есте сақтауы қажет. Оны мына төмендегідей тәртіппен белгілеуге болар еді:
1. Сөз бостандығын иелену.
2. Мемлекеттік мүддені ұстану.
3. Құкық негіздеріне сүйену.
4. Шығармашылық еркіндікті пайдалану.
5. Кәсіби шеберлікті таныту.
6. Жауапкершілік шегінен аспау.
7. Заң аясына бағыну.
Жалпы, радионың ауызекі сөйлеу тілімен, дауыс ырғағымен, техникалық мүмкіндіктерімен о бастан тікелей эфирге бейім екені мәлім. Сондықтан да, тікелей эфирдің тарихи тамыры тереңде жатыр. Бұл турасында профессор Н.Омашев "30-жылдардың екінші жартысында Қазақстан радиохабары сапалык жағынан алға басты. Эфирден берілетін тікелей хабарлар, сөз жоқ, Қазақ радиосы хабарларының ең күшті қасиеті болды. Осындай таза радиолық пішіндер кеңес радиохабарында 1925-1929 жылдары пайда болып, көп кешікпей жергілікті жерлерде кең таралды"- деп атап өтті. Демек, сол кездерде тікелей эфир пішін ретінде көрініс тапқан. Негізінен, бұрынғы уақытта тікелей эфирде студияны ашып, жаңалықтарды оқып, концерттерді жүргізетін дикторлар еді. "Әлемге аты әйгілі Юрий Борисович Левитаннан кейін 1945 жылы Жеңіс бұйрығын эфирге қазақ тілінде тұңғыш рет мен оқыдым, — деді Әнағаң асқақ үнмен тіл қатып". Бұл - Әнуәрбек Байжанбаев туралы жазылған естелік кітаптан келтірілген үзінді. Мұнда "тікелей" деген сөз айтылмағанмен, диктордың мәтінді тікелей эфирден оқығаны анық. Әйтпесе, эфирге оқыдым деген сездің орнына "запись" жасалды деген тіркес айтылар еді. Өйткені, тікелей эфирден оқылмаған хабарлардың бәрі таспаға түсіріліп, монтаждалып берілетін. Сонымен қатар, тікелей эфирден концерттер де беріліп тұрған. 1944-45 жылдары Қазақ радиосында дикторлық қызмет атқарған Қазақ ССР-нің халық артисі Ермек Серкебаев сол жылдардағы тікелей эфирді былайша есіне алады: Тыңдаңыздар! Алматыдан сөйлеп тұрмыз" деп сөйлейтінім есімде. Уақытты айтып, жаңалықтар оқитынбыз. Соның ішінде ең алдымен, соғыстың хабарын айтамыз. Содан соң музыка береміз. Антон Макеимович Москаленко өзіміздің "Хор" және симфониялық оркестр бар Радиодағылар менің музыка мектебін бітіргенімді білген, микрофон алдында ән айтқызып көрді. Сөйтіп, менің әнші ретінде қалыптасуым республикалык эфирден қазақ композиторларының шығармаларын орындаудан басталды". Сондай-ақ, алаңдарда өтетін мерекелік шерулерден тікелей трансляциялар берілетін. 7-ші карашада Ұлы Октябрь мерекесіне, 1-ші мамырда еңбекшілердің халықаралық ынтымақ күніне арналған салтанатты шерулердегі мерекелік ұрандарды ер және әйел дауысына бөліп дикторлар оқитын. Бұл тікелей эфир болғанымен, трансляциялық жолмен берілгендіктен, шығармашылық емес, техникалық сипат алды. Оның үстіне дикторлар микрофон алдында дайын мәтінді оқитын. Демек, бұрынғы тікелей эфирдің функциясы толық мәнге ие болған жоқ. Сондықтан да болуы керек, көбінесе, пішін ретінде қарастырылды. Ал, цензура жойылып, журналистердің сөз бостандығын иеленуі шын мәнінде жүзеге асқан кездегі тікелей эфирдің ауқымын пішінмен қамту әсте де мүмкін емес. Журналистикадағы бұл жаңа құбылыстың негізі ел өміріндегі саяси маңызы бар өзгерістермен бірге орныққаны мәлім.
"Эфир" - сөзі грек тілінен аударғанда ауаның жоғарғы қабаты немесе "жоғарғы ауа" деген мағынаны береді, Ал ғылыми тұрғыда "эфир - радиотолқындар таралатын кеңістіктің жалпылама атауы".
Әдебиет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет