Пән туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы: Утеулиев Бауыржан Бабажанұлы конференцияның id номері: 224 620 7857 ПӘннің ҚЫСҚаша сипаттамасы «Тележурналистика»



бет9/25
Дата06.03.2023
өлшемі131,27 Kb.
#71850
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Өткізу форматы:Презентация,дискуссия
Тақырыбы:Телевидениядағы жоспарлау және оның түрлері
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Перспективалық немесе болжамды жоспарлау.

  2. 1 айлық жоспарлау.

Дәріс тезисі*
Кез келген БАҚ әр-қайсына материалдарды уақытында беру үшін жоспарлау жүргізіледі. ТД-ғы жоспарлау эфирге шығару “жоспарлау” бөлімі айналысады. Кез-келген хабарларын жоспарлаған кезде әр хабар саяси-әлеуметтік мәселелерді көтеруіне байланысты жанр, форма, тақырыптарына қарай алдын-ала жоспарлап жіберу беріледі сондықтан ТД түрлері жоспарлаудың мынандай түрлерін қолданады:

  1. Перспективалық немесе болжамды – көбінесе 4 тоқсан ортасынан бастап. Яғни қарашаның ортасынан бастап дайындалды. 1 жылдық ТВ хабарлар беру жүйесі жоспарланады. Мұны бір жыл хабарларды көрсету немесе сеткасы деп аталады.

1) ТВ хабарларды көрсету сеткасы әр редактордың, әр бірлестігінің
1 жылда дайындап көрсететін хабарларын жоспарлау. Яғни мерзімділігі, циклі оны циклді хабарлар деп атайды.
2) хабардың тақырыбын жоспарлау немесе ұзақтығы хронометраж мерзімділігі жиі болады.
3) жарты жылдық жоспарлау, яғни қаңтар атынан июннің аяғына дейін.
4) Тоқсандық жоспарлау немесе 3 айға жоспарлап беріледі (көбінесе квартал түрінде б/ді, көбінесе қайталама хабарлар).
5) 1 айлық жоспарлау – яғни бір айда көрсетілетін хабарлар жоспары. Олар 1 апталық, бір күндік, мерекелік болып та келеді. 1 апталық – алдын-ала 1 апта бұрын дайындалып отырады. Бұнда кез-келген хабардың нақты уақыты, кім жүргізетіні беріледі. Көбінесе 1 апталық бағасын хабардың макеті деп аталады. Сол сияқты бір күндік – теледидарда монтаждық бет деп аталады. Онда таңертеңнен кешке дейін көрсетілетін жоспар рет-ретімен, қандай хабар екені жоспарланады. Таспаның нөмірі белгіленеді, микрофонның папкасы тіркеледі, дикторлық текст тіркеледі. Бұл көбінесе архивке тіркеледі. Дикторлық текст кез-келген хабардың қысқаша мазмұны беріледі. Апталық жоспар 2-ге бөлінеді: а) анықталған, ә) аяқталған (окончатель). Анықталған нұсқада эфирге жоспарлап берілетін нақты күні, уақыты белгісіз болады.
Әдебиет
1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. –А., 2011
2. Әбілдина Ғ. Телевизия өнері: теориясы мен технологиясы. – А.,2012.
3. Бекетова Л. Проблемы реформирования телевидение и радио вКазахстане. – Алматы: 2011.
4. Галперин Ю. Человек с микрофоном – М., 2011.
5. Д.Рендаль Универсальный журналист – А.,2011.
6. Любосветов Д. Радиожурналист и процесс общения.//Мастерство
журналиста – М., 2011.
7. Әбдіжәділқызы Ж. Тележурналистика:оқу құралы, Алматы.,Қазақ университеті, 2018
Өткізу форматы:Презентация,дискуссия
Тақырыбы Теледидар және кино өнері
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Телевидение мен киноның бірліктегі әлеуметтік мәселесі

  2. Кино мен телевидениедегі көрініс пен дыбысты қолданадылуы

Дәріс тезисі*
Телевидение мен киноның бірліктегі әлеуметтік мәселесі. Қоғамда олардың бір-бірін байытулары. Екеуі де БАҚ-ның ішінде көрнекті мәнге ие. Кино-өнердің ең көпшіл түрі. Алайда, теледидар өмірге келген соң оның мүмкіндігі кинодан да асып түсті.Кезінде жылына (1980-90 ж.ж.) 150 толықметражды фильм және телевидениеге арналып 80 картина, мыңнан аса деректі және ғылыми ленталар, 100-дей мультипликация жасалатын. Жыл сайын әрбір адам – 18 рет киноға баратын.Телевидениедегі эволюцияның киноның даму тарихын қайталауы. Өнердің тууында техника рөлінің өлшеусіз мол мүмкіндігі.Көптеген артық қасиеттері: көріністі екі өлшем арқылы көрсету, артист, режиссерлердің кино және телевидениеде көрермендеріне сахна арқылы емес, экран арқылы үндесулері.Кино мен телевидение көрініс пен дыбысты қолданады, әрі дыбыс әмбебап түрде, тірі даусты адам сөзін, “тіл заттарын”, музыканы да бірлікте қолданады.Киноның басқа да көркемдеуші құралдары – монтаж, ракурс, план-теледидарға да ортақ. Алайда, киноның тілін меңгере отырып, телевидение бір мезгілде, “қатысушылық эффектілігін” де көрсетеді. Егер киноэкранда тек қана оқиға, зат, адам өткен шақпен кинокамера алдында көрінсе, телеэкран оны сол шақпен беру құдіретіне ие.Телевидение кинематографияның көркем және документальды туындыларын кең көлемде көрсете алады. Ол бірнеше жолмен жүзеге асырылады. Біріншіден, кинолентаны телевизиялық бағдарламаның қалыбына салу арқылы. Екіншіден, телевидениеден циклды тақырыптық бірліктегі кинофильмдерді демонстрация жасау. Үшіншіден, фильмді, комментарий жасау жолымен телекөрермендер хаттары бойынша көрсету.Телевидение кинематографияның күшімен көпшілігінде өз картиналарын жасайды. Телевидениеге арналған алғашқы кинокартиналар көп сериальды болып келді.Телевизия тілінің қалыптасуында киноөнерінің әсері.Кинематографиядағы көркем ойынды картиналар. Олардың көпшілігінде драматургиялық негізге құрылуы. Көріністегі факті, оқиға, адамдардың ең жоғарғы қарым-қатынасқа дейін көтерілуі.Өз кезегінде киноның телевидение әсерін сезінуі. Ол көркем кинода таза телевизиялық әдістердің қолданылуы, мысалы кейіпкердің “камераға ашық жұмыс істеуі”. Ірі пландағы көрініс және т.б.Отандық және әлемдік кино өнері. “Востокфильм”, “Қазақфильм” киностудияларының құрылымы. Кино өнерінің теледидарға өткен басты элементтері. “Амангелді” киносынан бастау алған әр жылдардағы сүбелі туындылар. “Қазақтелефильм” студиясының 30-жыл ішіндегі әдеби-мәдени, өнер, ғылым, өндіріс, тәрбие, педагогика саласындағы түрлі жанрдағы толық метражды фильмдері мен деректі, музыкалық, мультипликациялық туындылары. Видеоның өмірге келуі. Кино өнерінің қазақ топырағында туып дамуы. “Қазақфильм” киностудиясының теледидар экранындағы туындылары. Бүгінгі “Ұлттық кино орталығының” нарық кезеңіндегі өндірістік, шаруашылық құрылымдары.Теледидардағы жанр формаларының эволюциясын журналистің ұстанған позициясына, өзі көрсетпек болған нысанына көзқарасына, қарым-қатынасына, нысанның өзіндік қасиеттерімен байланыстыра қарастыру. Бейнелеу құралдарының өзіндік белгілері, тіл ерекшеліктері, техникалық мүмкіндіктер әр жанрдың табиғатын, ерекшеліктерін, белгілерін анықтайтындығын түрлі саладағы хабарлармен бірлікте қарастыра отырып түсіндіру.
Әдебиет
1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. –А., 2011
2. Әбілдина Ғ. Телевизия өнері: теориясы мен технологиясы. – А.,2012.
3. Бекетова Л. Проблемы реформирования телевидение и радио вКазахстане. – Алматы: 2011.
4. Галперин Ю. Человек с микрофоном – М., 2011.
5. Д.Рендаль Универсальный журналист – А.,2011.
6. Любосветов Д. Радиожурналист и процесс общения.//Мастерство
журналиста – М., 2011.
7. Әбдіжәділқызы Ж. Тележурналистика:оқу құралы, Алматы.,Қазақ университеті, 2018


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет