Пән туралы мәлімет: Атауы: «Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» Кредит саны: «Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері»


«Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» курсының жұмыс бағдарламасы – (SILLABUS)



бет4/39
Дата24.05.2023
өлшемі1,17 Mb.
#96749
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері, Ж.Ж.Шайекенов

«Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» курсының жұмыс бағдарламасы – (SILLABUS)


1 апта:
Дәріс 1
Тақырыбы: Пәнге кіріспе. Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері курсының негізгі мақсаты мен міндеттері.
Дәріс мазмұны: Әдебиет тарихы халық тарихымен тығыз байланысты, соның бейнелі көрінісі, сүрлеуі: ол қай кезде болсын халық тарихының ізімен жасалады. Демек, қазақ әдебиетінің ғылыми тарихы да қазақ әдебиетінің ғылыми тарихы да қазақ халқы азаматтық тарихының ізімен жасалуы тиіс.
Қазақ халқының құрамына енген рулар ежелден, арғы заманнан осы күнгі Орта Азияны, Қазақстанды, Орталық Азияны, шығыс оңтүстік Сібірді, орта, төмен Еділді, Каспий жағалауларын мекендеген. Сол жерлерді ертеден мекендеген көптеген түрі, моңғол руларын, кейін әзірбайжан, түрікпен, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, ұйғыр, ойрат, тува, хакас, башқұрт, татар халықтарының құрамына енген ру тайпалармен бірге, кейде қатар жасаған. Солардың біразымен кейде жауласып, қақтығысып, соғысып: кейде одақ құрып, қыз алысып, құда болып, әскери топ жасап, анда болып жүрген.
Біздіңше, тегі ерте уақыттарда арғы, бергі тарихтарда аталатын скиф, ғұн, қаңлы, сақ, сармат, алан, карлук, қазар, оғыз, куман – бәрі де есте жоқ ерте замандардан орталық Азия мен Византия аралығын мекедеген түрік, моңғол рулары, солардың әр кездегі ру-ұлыстық, түрлі бірлестік, құдандалық аттары.
Аталған жерлерді жайлаған түрік, моңғол ру-тайпаларының қай қайсысы да болмасын үнемі бір орында, өзі әуелі мекендеген жерінде отыра бермеген. Кейде өзара жауласып, соғысу салдарынан, кейде басқа жақтан келген ру-тайпалардың, халықтардың жорығы, көшіп-қонуы салдарынан бір жерден екінші жерге, бір өлкеден екінші өлкеге ауысып, мекендерін жиі ауыстырып отырған.
Әсіресе, Александр Македонскийдің жорығы, ғұндардың босқыны, арабтардың жаулап алуы, моңғолдардың щабуылы, онан кейінгі түрлі жаугершіліктер әлі өлкелер мен ру-тайпаларды әр кезде жойқынға ұшыратып отырды, әрі әбден сапырылыстырып жіберді.
Тек осыдан деп білу қажет, тарихи деректер бойынша, мысалы, қазақ халқы болып құрылған рулардың дені біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV ғасырда Сырдарияның орта, жоғары бойын жайлаған, I ғасырда Ыссық қой төңірегін қоныстанған. Біздің жыл санауымыздың алғашқы ғасырларында Шу, Талас, Қаратау, Сарысу жағын алып жатқан; VII-VIII ғасырларда Орталық Азия мен шығыс-оңтүстік Сібірді жайлаған; X-XIV ғасырларда орта, төменгі Еділ бойын, Каспийдің шығыс, солтүстік, батыс жағалауларын мекендеген.
Қазақ ауыз әдебиетінде: «Барар жерің Балқан тау, ол да біздің барған тау» деген сөз тіркесі бар. Бұл қазақ руларының бір заманда Балқан түбегіне дейін ығысып барғанын аңғартады. Яғни қазақ рулары басқа түрік, моңғол ру-тайпаларымен бірге ерте уақыттардан шығыс жағы Орталық Азия, батыс жағы Византия аралығын жайлаған, әр кезде сол араның әр жерінде болған. Осы күнге Қазақстан жерінде XV ғасырдан негізінде өз алдына халық, хандық болып құрылғаннан бастап жайғасқан.
Әлгідей әр кезде әр өңірді жайлағанынан болуы тиісті, тарихшылар арасында қазақ рулары түгелдей әуел бастан, өмірбақи көшпелі болды, тек мал шаруашылығымен ғана айналысып, үнемі жөңкілік көшіп жүрді деген пікір, көзқарас бар. Ол пікірді түгелдей дұрыс деуге, түбірімен қостауға болмайды.
Карл Маркс: «Күншығыстағы ру-тайпалар тарихымен басынан-ақ бір жағы көшпелі, бір жағы отырықшы болып өмір сүргендері байқалады» - дейді.
Қазақ рулары түгелдей өмір бақи көшіп жүрмеген, Маркс айтқандай ерте уақыттан жартылай көшпелі болған. Яғни бірқатары көшпелі, бірқатары отырықшы болып өмір сүрген. Қыстақты, кентті, қалалы жерлерді мекндеген, солардың маңында тұрған. Мал өсірумен қатар егіншілкпен де, ұсақ қолөнер кәсібімен де айналысқан. Сондай-ақ, әлеуметтік, шаруашылық тіршілігіне сай қазақ руларының әр кезде өзіндік мәдениеті де болған. Өйткені тарихта ешқандай мәдениеті болмайтын, әр түрлі өнер, мәдени, әдеби шығарма жасамайтын адам қоғамы, ру-тайпа, халық болған емес, болмайды да.
Ертедегі қазақ рулары жөніндегі біздің бұл айтып отырғанымызды, олар мекедеген, жүрген өлке-өңірлерде, мекенді жерлер тарихы мен тарих, археология ғылымдарының бүгінгі табыстары айқын дәлелдеп отыр.
Тарихтан мәлім, ертедегі түрік, моңғол ру-тайпалары мекендеген жерлерде әр жерде әр түрлі одақ бірлестіктер, қауым-мемлекеттер болған. Хорезм патшалығы, Қыпшақ бірлестігі («Дешті қыпшақ»), Алтын Орда (Ақ Орда, Көк Орда) мемлекеті, түрлі хандықтар өмір сүрген.

Практикалық сабақ тақырыбы: Пәнге кіріспе.Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері курсының негізгі мақсаты мен міндеттері.


СОӨЖ мазмұны: Әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу және даму кезеңдері туралы зерттеулер және дәуірлеу мәселелері.


СӨЖ мазмұны: Әдебиет тарихын дәуірлеудегі әдеби тартыс-дау дамайлардың себеп-салдары.

Әдебиет:



  1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.

  2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.

  3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

  4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.

  5. Қирабаев С . Әдебиетегі ақтаңдақтар. Алматы, 1997.

  6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

  7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.

  8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

  9. Қирабаев С. Тәуелсіздік рухымен. Алматы, 2005.

  10. Тұрысбек Р. Ақиқат айнасы. Алматы. «Таймас» 2008.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет