7 тақырып. Конструктивті геометрия. Бақылау сұрақтары: Қарапайым геометриялық салулар: берілген ұзындықтағы кесіндіні салу.
Дөңгелекті және шеңберді, параллель және перпендикуляр түзулерді салу.
Кесіндіні қақ бөлу. Бұрыштарды, үшбұрыштарды, тік төртбұрышты (шаршыны) салу.
Нүктеге және түзуге қарағанда симметриялы фигураларды салу.
Геометриялық денелерді кескіндеу.
Координаталары бойынша геометриялық фигураны салу.
Практикалық тапсырма:
1. Келесі берілгендер бойынша АВС үшбұрышын салындар: екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышы бойынша: , , .
2. Екі қабырғасы және бұлардың үлкеніне қарсы жатқан бұрышы бойынша үшбұрыш салыңдар: , , .
3. Екі қабырғасы мен олардың біреуіне жүргізілген медианасы бойынша үшбұрыш салыңдар.
4. Екі қабырғасы мен үшінші қабырғасына жүргізілген медианасы бойынша үшбұрыш салыңдар.
5. Үшбұрыш берілген. Оның медианаларын және биіктіктерін салыңдар.
6. Бір қабырғасы, осы қабырғаға жүргізілген медианасы және сырттай сызылған шеңбердің радиусы бойынша үшбұрыш салыңдар.
7. Гипотенузасы мен катеті бойынша тік бұрышты үшбұрыш салыңдар.
8. Екі қабырғасы мен үшінші қабырғасына түсірілген биіктігі бойынша үшбұрыш салынңдар.
9. Бір қабырғасы және оған жүргізілген медианасы мен биіктігі бойынша үшбұрыш салыңдар.
10. Екі қабырғасы мен олардың біріне түсірілген биіктігі бойынша үшбұрыш салыңдар.