Пән туралы мәлімет



бет3/19
Дата06.01.2022
өлшемі397,5 Kb.
#13159
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Силлабус Алгебра және геометрия

Курсты оқытудың әдістері: ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді, бағдарламаларды, математикадан оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды теориялық талдау; педагогикалық эксперимент; бақылау; озат педагогикалық тәжірибені оқып-үйрену және жалпылау; әңгіме; анкетк; тест және т.б.

Оқыту нәтижелері:

Пәнді меңгергеннен кейін студенттер білу керек:



  • арифметикалық материалдың, алгебра мен геометрия элементтерінің теориялық негіздерін;

  • сандық өрнектер және айнымалылары бар өрнектер анықтамасын;

  • теңдеу анықтамасын және теңдеулердің қасиеттерін;

  • теңсіздіктер түрлерін және теңсіздіктер қасиеттерін;

  • планиметрия фигураларын және олардың қасиеттерін;

  • фигуралардың ауданын есептеудің негізгі формулаларын;

  • стереометрия фигураларын және олардың қасиеттерін;

  • денелер беттерінің аудандары мен көлемдерінің негізгі формулаларын

Пәнді меңгергеннен кейін студенттер істей білу керек:

  • өрнектерді теңбе-тең түрлендіруді;

  • бір айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді, екі айнымалысы бар теңдеулер және теңсіздіктер жүйелерін шешуді;

  • фигуралардын периметрі мен ауданын есептеуді фигуралардын периметрі мен ауданын есептеуді;

  • денелер беттерінің аудандары мен көлемдерін табуды;

  • циркуль мен сызғышты пайдаланып, қарапайым салуларды орындауды істей алу.

Пәнді меңгергеру үдерісі келесі құзіреттіліктерді қалыптастырып дамытуға бағытталған:

  • кәсіби құзіреттіліктер: ойлау мәдениетін иелену, ақпаратты жинақтау, талдау және қабылдау, мақсаттар қою және оған қол жеткізу жолдарын таңдау; ауызша және жазбаша сөйлеуді логикалық тұрғыдан дұрыс жасау қабілеті; болашақ мамандықтың әлеуметтік маңызы туралы хабардар болу, кәсіби қызметті жүзеге асыруға ынталандыру; олардың кәсіби қызметінің нәтижелеріне жауапты болу мүмкіндігі

  • пәңдік құзіреттіліктер: шекті және шексіз жиындарға амалдар қолдану; есептерді арифметикалық және алгебралық тәсілдермен шығару; циркуль және сызғыштың көмегімен қарапайым геометриялық салуларды орындау; теріс емес бүтін сандарға ауызша және жазбаша рационалды амалдарды орындау және негіздеу.

  • Пререквизиттер:

«Алгебра және геометрия элементтері» курсын меңгеру үшін студент мектеп математикасы бағдарламасының толық курсын білуі тиіс. Пәнді оқыту студенттердің «Алгебра», «Геометрия» және т.б. курстарында алынған білімдеріне негізделеді және практикалық дағдыларды игеру базасы болып келеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет