Пән туралы мәлімет



бет10/19
Дата06.01.2022
өлшемі397,5 Kb.
#13159
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
Силлабус Алгебра және геометрия

Практикалық тапсырма:

1. Материал тасымалдау үшін фабриканың екі үйінің арасынан көлбеу науа жасалған. Бұл екі үйдің ара қашықтығы 10 м-ге тең, ал науаның екі басы жер бетінен 8 м және 4 м биіктікте. Науаның ұзындығын табыңдар.


2. Радиусы 34 см шеңберге іштей сызылған тік төртбұрыштың қабырғаларының қатынасы 8:15 қатынасындай. Осы қабырғаларды табыңдар.
3. Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 17 см, ал табаны 16 см. Үшбұрыштың табанына түсірілген биіктікті табыңдар.
4. Тең бүйірлі трапецияның табандары 10 см-ге және 24 см-ге тең, бүйір қабырғасы 25 см. Трапецияның биіктігін табыңдар.
5. Ромб қабырғасы 241 м, биіктігі 120 м. Бұрыштарын табыңдар.

6. Егер тік төртбұрыш қабырғаларының қатынасы 4:9 қатынасындай болса, ал оның ауданы 144 м2 болса, оның қабырғалары немен тең болады?


7. Егер тік төртбұрыштың периметрі 74 дм де, ал ауданы 3 м2 болса, оның қабырғалары немен тең болады?
8. Ромбтың биіктігі 10 см-ге, ал сүйір бұрышы 300-қа тең деп алып, оның ауданын табыңдар.
9. Қабырғасы а-ға тең болып келген тең қабырғалы үшбұрыштың ауданың табындар.
10. Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғалары 1 м-ге тең де, ал олардың арасындағы бұрыш 700-қа тең. Сол үшбұрыштың ауданын табыңдар.
Негізгі әдебиет: 1-5

Қосымша әдебиет: 6-9




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет