Пәнаралық байланыс ұғымы соңғы уақыттарда кең етек жайып, осы негізде ғылыми зерттеулер жүргізу өзекті проблемаға айналуда



бет3/4
Дата13.04.2023
өлшемі64,03 Kb.
#82022
1   2   3   4
Байланысты:
Ғылым мен техника дамыған қазіргі ХХІ ғасырда белгілі бір ғылымды жеке оқып

Дамытушылық міндеттері:
– туған өлке туралы неғұрлым көп білуге деген ұмтылысты, танымдық қызығушылықты, интеллектуалдық және шығармашылық қабілетті дамыту;
– тақырыптық акцияларға және жобаларға, кітапханалардың, ұлттықмәдени орталықтардың іс-шараларына, сайыстарға, олимпиадаларға қатысу арқылы туған өлке жайлы білімді тереңдетуге деген ұмтылысқа ынталандыру;
болашақта білімді жалғастыру, мамандық және жұмыс орнын таңдау сұрақтарын шешуге бағыттау;
– күнделікті өмірде өлкетанушылық білім мен біліктілікті қолдана алу, жергілікті жердегі туындайтын проблемаларды шешуде өзінің орнын білу дағдысын қалыптастыру;
– туған өлкесінің өмірін жетілдіруге үлес қосуға деген ұмтылысты дамыту .
Өлкетану жұмысында тағы бір міндетті қосуға болады, ол – зерттеушілік сипаттағы міндеттер:
– қоршаған ортаның ластану деңгейін анықтау және туған аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
– логикалық ойлау қабілетін дамыту арқылы, проблема қою және оны шешудің жолдарын іздеу;
– оқығанды, танығанды, түсініксіз жағдайларды, мәліметтерді өз шығармашылығында көрсете білу;
– ізденіс арқылы таныс емес, белгісіз, түсініксіз құбылыстарды тануға, білуге, түсінуге ұмтылу.
Мектеп пәндерінің мазмұнындағы өлкетануды сипаттайтын ерекшеліктер:
– тарихи және ұлттық-мәдени өлкетану (ата-бабалар тарихы, шығу тегі, тарихи ескерткіштер, ежелгі қоныс-мекендер, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, өнеге, өмір сүру салтының ерекшеліктері және құндылықтары);
– табиғи-географиялық өлкетану (жергілікті жердің климаты, жер бедері, топырағы, өзен-көлдері, пайдалы қазбалары, экологиясы, экологиялық проблемалары);
– биологиялық өлкетану (өсімдік түрлері, жануарлар әлемі);
– әдеби өлкетану (жергілікті ұлттардың әдеби мұралары және ауыз әдебиеті, жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары);
– химиялық өлкетану (ауыз суының сапасы, ауаның ластануы, жергілікті жердегі тау-кен өнеркәсіптері т.б.);
– әлеуметтік-географиялық өлкетану (халықтың тығыздығы, елді мекендердің орналасу сипаты, ұлттық қолөнер түрлері, басқа елді мекендерден, аймақтардан алшақтығы, байланыс құралдары);
– әлеуметтік-демографиялық (ұлттық құрамы, жастық-жыныстық құрамы, көші-қон үдерісі, халықтың ұдайы өсуінің сипаты);
– әлеуметтік-экономикалық (халықтың өмір сүру деңгейі, еңбек ресурсы, кәсіби-мамандық құрамы, экономикалық даму келешегі);
– аймақтың экономикалық салаларының (ауылшаруашылық, құрылыс, таукен, химиялық т.б.), шығаратын өнімдері;
– әкімшілік-саяси (өлкенің шекарасы мен аумағы, инфрақұрылымының түрлері, басқару органдарының қызметі және жұмысты ұйымдастыруы);
– мәдени өлкетану (жергілікті ұлттардың ұлттық әндері мен билері, бейнелеу және сәулет өнері, қолөнері, жергілікті сазгерлердің музыкалық шығармалары, суретшілердің, мүсіншілердің, архитекторлардың туындылары т.б.);
– саяси (саяси факторлардың өлкенің өміріндегі рөлі, аймақтармен, елдермен қарым-қатынасы). Өлкетанудың түрлерін математикалық, физикалық, технологиялық деп жалғастыра беруге болады.
Аталған бөлімдерге сәйкес материалдарды іріктеп пән тақырыптарына кіріктіріп оқытудың мақсаты, мектептегі өлкетану жұмысын, оқушылардың өлкені білуге деген қызығушылығын арттыру болып табылады.
Өлкетану жұмыстарын оқушыларды тәрбиелеудегі ерекшеліктері:
– тарихи мәліметтермен тығыз байланыста болғандықтан, тарих ғылымдары және тарих оқу пәнінің негізгі ұстанымдары, әдістері, құралдарымен сипатталады;
– оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстары жетекші фактор болып табылады;
– өлкетану жұмыстары экологиялық мәдениетті қалыптастыруда жаратылыстану пәндерімен, әсіресе географиямен, биологиямен және экологиямен тығыз байланыстылығымен сипатталады;
– өлкетану жұмыстарының ерекшелігі топонимика (гректің «топос» – орын, жер, «онома» – атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз), ономастика (гректің onomastike – ат беру өнері, тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы) сияқты ғылымдардың, білімдердің өзгешеліктерімен анықталады.

«Музейлік педагогика» əлемнің көптеген елдерінде əлеуметтік сұранысы жоғары, дидактикалық үдерісінің айрықша құрылымы жəне мазмұнының өзіндік ерекшеліктері бар, педагогикалық жүйемен «қатарлас білім» жүйесі ретінде қарастырылып келеді. Музейлік педагогика – музей интеграциясы (базасы, негізі ретінде), яғни музейтанудың жəне педагогикалық ғылымдардың өзара байланысы. Оның негізгі қызметі мəдени-білім берудің ерекшеліктері мен тарихын, əртүрлі категориялардағы келушілерге ықпал ету əдістерін жүзеге асыру жəне басқа педагогикалық мекемелердің өзара қарымқатынасын зерттеу болып табылады. Н.В. Соловьевтің пікірінше, қазіргі музейлік педагогика қызметі музейлік коммуникация мəселесі саласында дамып келеді жəне оның қызметі музей жəне оның мəдениетіне көпшілікті (əсіресе жастарды) тарту, тұлғалардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған. Музей жəдігерлерін ұлттық мəдениетіміздің дерегі жəне жастарды рухани жағынан тəрбиелеу құралы ретінде педагогикалық тұрғыдан қарастыру, отандық ғылымда арнайы ғылыми бағыт ретінде музейлік педагогиканы, оның теориялық-методологиялық негіздерін қалыптастыру бүгінгі күннің талабы. Сондықтан да халық тарихының табиғи, тарихи деректері сақталған музейлердің педагогикалық қызметін жүйелі түрде қарастыруға сұраныс пен қажеттілік қазіргі қоғамның басты мəселесі. Сонымен қатар музей ісіне, оның ішінде музей педагогикасына қатысты қазақ тіліндегі оқулықтар жоқтың қасы. Өйткені тарихымыздағы отарлық кезеңнің, кейіннен кеңестік идеологияның ықпалы мен саясаты аясында қалыптасқан музейлердің, музей қорының қалыптасуы бұрынғы кеңестік мемлекеттерге тəн үдерістермен байланысты дамыған еді. Бұл жағдай кеңес дəуірі кезіндегі музей ісінің бір орталықтан бағындырылып, музейлік құжаттардың тек орыс тілінде жүргізіліп келгенімен де тығыз байланысты. Сол кезеңдегі музейлік деректерді тарихи тұрғыдан терең зерттеуге жол бермеген саяси құжаттардың қабылдануы, идеологиялық қысым музей ісіндегі ғылыми-педагогикалық ізденістерді шектеді. Жалпы, бұл ұсынылып отырған оқу құралы Б.А. Столяровтың «Музейная педагогика» атты оқу құралының негізінде дайындалды. Оның себептері өзіміз жоғарыда атап өткен қалыпты жағдайларға байланысты. Болашақта елімізде музейдің бұл саласы кеңінен дамып, мамандар даярланған тұста осы оқу құралындағы мəселелер отандық тəжірибе негізінде жеке қарастырылады деген ойдамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет