Сөж тақырыбы: Депрессивті, суицидалды немесе басқа жағдайларды жеңу үшін ойын немесе жаттығу жасаңыз таңдау. Орындаған: Ахмет Айгүл Тексерген: Рамазанова С. А алматы 2023ж



Дата18.03.2023
өлшемі68,41 Kb.
#75340

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «Философия және саясаттану»
Кафедрасы «Педагогика және білім беру менеджменті»
СӨЖ
Тақырыбы: Депрессивті, суицидалды немесе басқа жағдайларды жеңу үшін ойын немесе жаттығу жасаңыз - таңдау .
Орындаған:Ахмет Айгүл
Тексерген:Рамазанова С.А
Алматы 2023ж

Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі қоғамды дүр сілкіндірген өзекті мәселелердің бірі. Жылдан жылға өлім мәселесі арта түсуде, оның себептерін анықтау барысында келесі мәселелерге тоқталу керек: отбасында туындаған дағдарыстық жағдайлар, мемлекетте және дүние жүзінде туындаған экономикалық тепе-теңсіздік мәселесі, қоғамдық өмірде кездесетін алкоголизм, нашақорлық, зорлық зомбылық, бәскелестік.


Өзіне-өзі қол жұмсау, суицид - психикалық көңіл күйдің немесе жан дүниесінің әлсіреуінен ішкі күйзеліс арқылы туындайтын ой. Өзінің әрекетіне есеп бере алмайтын жағдай, яғни бес жасқа толмаған балалардың өлімі өз-өзіне қолжұмсады деп есептелмейді, ол оқыс туындаған жағдайға жатады.
«Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қолсалу» деген мағынаны береді [1]. Суицидттік әрекет екі түрлі жағдайды қамтиды алғашқысы аяқталған суицид және суицидтке әркет ету жағдайы. Алайда бұл феномендердің көрінісі деп есептеледі. Кейбір авторлардың айтуынша кей жағдайларда бұл айналасындағы адамдарды қорқыту немесе көңіл аударудың жолы деп есептейді.
Өткен ХХ ғасырдың басында австриялық психолог Зигмунд Фрейд алғаш рет адамның өзіне-өзі қол жұмсау психологиялық таным тeориясын жасаған екен. Ол бұл жағдай адамның өз-өзіне ызақорлық, агрессиядан болатынын мәлімдеген. Ал, америкалық психолог Карл Менниндер Фрейдтың ойын одан әрі талдай түскен. Ол суицидтің барлығы санадан тыс жасалатын өзара байланысты үш негізгі себепке бөлген. Оның бірі: өш алу — жек көрушілік (өлтіру ниеті), депрессия (тығырықтан шығатын жол таппағандықтан өлгісі келу) және кінәлі сезімнің күштілігі соншалықты, өзін-өзі өлтіруге бару. Екінші бір америкалық психолог Едвин Шнейдман суицидтің өте маңызды себептерін жазған. Мұның ішінде адам төзгісіз жан ауруы, қоғамға қажетсіз болып қалу қорқынышы, дәрменсіздік пен үмітсіздік және барлық күрделі мәселелерді шешетін ажал деп қалыптасқан пікір екеніне тоқталып өткен. Ал шын мәнінде, өзіне-өзі қол жұмсауды ойлаған адамдар өмір сүргісі келіп, көмек іздейтін көрінеді. Бірақ, өлімге бас тіге отырып, олардың арасында айналасындағыларға әлденені дәлелдеуді мақсат етіп қоятындары, осылайша өздеріне көңіл аударғысы келетіндері де жетерлік. Кей жағдайда өзіне-өзі қол жұмсауды адам ерлік пен күштілік дегенге сыйғызады [2, 3].
Өз-өзіне қолжұмсау деген сөздің астарынан екі түрлі түсінікті қарастыруға болады: біріншіден, жеке мінез - құлықтық әрекет; екіншіден әлеуметтік көрініс, кейбір адамдар өз еріктерімен өлімге барып жатады. Мінез құлықтық әрекет бұл психология, этика және медицина ғылымдарының зерттеу пәні болып табылады, ал өз еркімен өлімге баратындар әлеуметтік саланың, әлеуметтік психологияның зерттеу аумағы болып есептеледі.
Өзіне-өзі қолжұмсаудың себептерін алғаш зерттеген ғалымдардың бірі Э. Дюркгейм өлімге итермелейтін себептерден бастап зерттеген: эгоисттік себеп (қоғам мен индивидттің арасындағы қарым-қатынастың әлсіреуі); альтуристік (шындық үшін немесе басқа адамдар үшін); аномикалық (қоғамдағы дағдарыс жағдайлар) [4].
Дорпат және Босвелл суицидтті әрекеттік немесе демонстративті деп қарастырған, өзінің өміріне қастандық ету әрекеті.
Л. Векштайн (L. Wekstein) суицидттік әрекеттің отызға жуық түрін көрсетеді: алькоголдік немесе нашақорлық мәселесі, рационалды суицид, психикалық және экзистенционалды және т.б. [5].
Бэгли басқада авторлармен бірлесе отырып суицидті депрессияға түскен адамдар жасайды деген пікір айтқан, сонымен қатар қарттық және әлеуметтік себептермен де байланыстырған.
Э. Фроммның пікіріне де мән беру керек, дамып келе жатқан қоғамға адам икемделе алмаса, жекеленіп қалғандығы туралы сезім пайда болады сол себептен осы невротикалық сезімнен айырылудың жолы ретінде өзіне қол жұмсайды деген [6].
Өзіне-өзі қол жұмсап, қасақана жанын қию жағдайы Қазақстан Республикасы бойынша азаймай отыр. Әсіресе бесіктен белі шықпай жатып, осындай оқыс қадамға барған балалардың саны да жетерлік. Егерде ересек адамдардың әртүрлі жан күйзелісі болса, алаңсыз балалық шақты бастан кешіріп жатқан мектеп оқушыларының өз-өздеріне қол жұмсауын төтенше жағдайлар қатарына жатқызу керек. Суицидті дәрігерлер аурудың бір түрі десе, психологтар бұл жан күйзелісінің көрінісі деген түйін айтады. Соңғы жылдары Қазақстанда өз-өзіне қол салу деңгейінің көрсеткіші жоғары деңгейде қала беруіне байланысты, оның санын азайтуға қатысты әр деңгейде түрлі шаралар ұйымдастырылуда.
Жасөспірімдер мен балаларды суицидалды жағдайдан алдын алу үшін ата- аналар мен ересектер төмендегідей әрекеттерді жүзеге асыруы және есеруі қажет:
Ата-анасы біріншіден, баласын әрқашан оның үлгерімі нашар болса да, қандай да бір жетістіктерге жете алмай қалса да, тіптен қателік жіберіп қойса да оны бәрібір жақсы көре беретіндіктерін, оның өзін емес, тек қылығын ғана дұрыстауды, оған кешіріммен қарайтындықтарын, баласының өздеріне қажет екендігін айтып отыру.
Екіншіден, баланың өмірімен үлкендер, ал үлкендердің өміріне балалардың тығыз байланыста болып (бірлесіп демалыстарын өткізу, қандай да бір мәселені бірге шешу), олардың өз мәселесімен өзінің қалмауын, шеттеп қалмауын қарастыру (әсіресе ата-анасы күні бойы жұмыста болып балаларын ұмытып кету).
Үшіншіден, өсіп келе жатқан жасөспірімдер мен балаларға өлімнің шынайы екендігін, әрі бақилық өмірден қайтып келудің мүмкін еместігін түсіндіру. Оны психологиялық тұрғыдан жақын жуықтары өмірден озғанда немесе сүйікті жануары өлгенде жасырып айтпай қоймай, оның шынайы екендігін, оны жоғалтудың артынша күйзелістердің болатындығын түсіндіру. «Жасымыз ұлғайғанда біз де өмірден өтеміз» деген ойларға алдын ала дайындау. Ондай ақпаратты жасырып қалғандықтан жасөспірімдер өлімнің шын бар екендігіне сенбей, ақымақтық жасауы мүмкін.
Төртіншіден, балаңыздың көңіл-күйінің жағдайына аса мән беру, егер көңіл- күй жылдам ауыспалы болса, ол гормональдық өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Ал егер қабағы түсіп, көп уақыт бойы ешнәрсеге зауқы соқпай, бойын үрей мен күдік билеп, өз күшіне өзі сенбеу үстінде үлкендер тарапынан қолдау көрмесе оның арты қайғылы жағдайларға душар етуі мүмкін.
Бесіншіден, салы суға кеткен жасөспірімге немесе балаларға психологиялық тірек болатын ата-ананың өздерінің психологиялық жағдайлары қалай !? Тірек мығым болмаса қайғылы жағдайлардың санының артпасына кім кепіл... Статистикалық зерттеулер бойынша әлем бойынша суицидтік әрекетке баратындардың көпшілігі депрессия немесе сарыуайымға салынғандар арасында жиі болады екендігін жадында ұстау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет