Пән:Қазақ әдебиеті Тарау: Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика



бет3/6
Дата16.10.2022
өлшемі28,34 Kb.
#43453
1   2   3   4   5   6
Мұғалімнің кіріспе сөзі:– Иә, балалар, салт дәстүрлер өте көп. Олар: тәрбие дәстүрлері, отбасы дәстүрлері, діни дәстүрлер, наурыз дәстүрлері, еңбек дәстүрлері болып бөлінеді. Әрбір халықтың салт - дәстүрі ұлттық рухани құндылығы болып саналады. Біздің еліміздің барлық дәстүрлерін зерттеп, зерделеп, кітап етіп шығарған – ауыз әдебиетінің жинақтаушысы, белгілі шежіреші, этнограф Сейіт Кенжеахметов.
Видео «Қазақтың салт – дәстүрлері»
Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Дүниеге жас нәресте келуін, келін түскенді, алыстағы сағынған адамның келгендігін, жоғары атақ, үлкен сыйлық берілуін, т.б. қуанышты сәттерді алғаш хабарлаушы сүйінші сұрайды. Сүйіншіге бағалы зат немесе ақша береді.
Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.
Ат мінгізіп, шапан жабу - Құрметті қонаққа, ақынға, батырға, палуанға және сол сияқты елге еңбек сіңірген ардақты, айтулы азаматтарға ат мінгізіп, шапан жабу қазақ халқының ертеден келе жатқан аса лайықты, жарасымды ата салты яғни бұл «батыр», «ақын», «палуан» деген құрметті атақтардан кейінгі берілетін құрметтеу, сый-сияпат, марапат, мадақ (награда) белгісінің айғағы, ең жоғары құрметі ретінде беріледі.
Жылу жинау - Бір бақытсыздыққа ұшырағанында, үй–мүлкі, малынан айырылғанында ауыл тұрғындары, көрші-көлемі, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны олардың ортасынан бір адам ұйымдас- тырады. Бұл жәрдем – жылу жинау деп аталады. Арам жолмен шығынға ұшыраандарға жылу жиналмайды. Олар: дүние-мүлкін қартаға салып ұтқызып жібергендер, зинақорлыққа салғандар, ішіп құртқандар, қоғамның, мемлекеттің дүние-мүлкін жеп қойғандар.
Қонақасы – қонаққа арналған дәм, мәзір. Дәстүрлі қазақ қоғамында үйге тосын келген немесе арнайы шақырылған қонақтың қадір-құрметіне, жас мөлшері мен туыстық қатынасына қарай сойылған малдың мүшелерінен сыбағалытабақ тартады; қонақасы - қазақша ет; мүше тарту.
Қонақ кәде – қонақтың өнерін ортаға салуын сұрайтын салт. Дәстүрлі қазақ қоғамында қонақасы берілгеннен кейін үйге жиналған қауым әңгіме-дүкен құрып, шағын сауық кешін ұйымдастырады. Сол кезде мейманнан қонақ кәде жасауын өтінеді. Келген қонақ аса сыйлы әсіресе әнші, жыршы, шежіре айтатын қарт сал-сері болса, ауыл адамдары оларға қонақжайлық көрсетіп, бірнеше күн қонақ етіп, ән-жырын тыңдаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет