Пәннің мақсаты: болашақ маманды электрмен жабдықтау жүйелерінің электржабдықтарын монтаждау және іске қосу-баптау және сервистік қызмет көрсету бойынша кәсіби міндеттерін шешуге дайындау.
Инженер-электриктің тәжірибелік саласында қажетті электр қондырғылар мен электр жабдықтардың техникалық күту және құрастыру, қалыпқа келтіру жұмыстары бойынша жұмыстарды орындау және заманға сай ұйымдастыру әдістерін студенттердің оқып білуі. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр жабдықтарын сенімді пайдалануды және электрмен жабдықтау жұмыстардың әр түрлі түрлерінің ары қарай даму преспективаларымен қамтамасыз ету.
Пәннің міндеттері:электржабдықтарын монтаждауды ұйымдастыру; әуелік және кабельдік электр желілерін монтаждау; күштік трансформаторларды монтаждау; тарату құрылғыларының жабдықтарын монтаждау; электржабдықтарын пайдалануды ұйымдастыру; әуе және кабельдік электр желілерін пайдалану; күштік трансформаторларды пайдалану; тарату құрылғыларының жабдықтарын пайдалану; электржабдықтарын жөндеу.
Электр қондырғыларды және электр жабдықтарды пайдалану мен құрастыру кезінде пайдаланылатын техникалық құралдардың және саймандардың, материалдардың негізгі құрылысы мен тағайындалуын білу керек. Қалпына келтіру, жөндеу және электр құрастыру жұмыстардың сапасын басқару мен жоспарлау, ұйымдастыру негізі туралы, сонымен қатар электр жабдықтар мен электр құрылғыларға техникалық қызмет көрсету туралы түсініктерді алу керек;
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер (коды, атауы):БҚ9/ПК9/PC9 Білім алушының технологиялық бірізділікті сақтай отырып, өндірістік және азаматтық ғимараттардың күштік электр жабдықтарын монтаждауды ұйымдастыру және өндіруде арнайы-кәсіби құзыреттілігін қалыптастырады.
Пән бойынша оқытудың күтілетін нәтижелер: Электр жабдықтарын монтаждауға технологиялық карталарды жасау кезінде нормативтік құқықтық актілерді талдай алады;
Қазіргі заманғы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес электр жабдықтарын монтаждау бойынша жұмыс технологиясын, электр жабдықтарын тексеру мен баптауды ұйымдастыру әдістерін жүргізеді;
Электр жабдықтарын монтаждауға құрылыс бөлігін қабылдау талаптарын, электр жабдықтарын монтаждау бойынша мемлекеттік, салалық нормативтік құжаттарды, кең таралған электр жабдықтарының, кәбілдік өнімдердің және электр монтаждық бұйымдардың номенклатурасы туралы біледі;
Кәсіби проблемаларды шешу үшін қазіргі заманғы бағдарламалық жасақтаманы қолдану үшін ақпараттық технологиялар құралдарын қолданады;
Орнатылған және қалпына келтірілген жабдықтардың жұмыс істеуін анықтау және тестілеу технологиясына ие.