Таңдау әдісі. Социометрия Шет ел психологиясы шағын топтарды зерттеуде ауырлықтың орталығын топтарда жеке тұлғаның тұлға аралық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге ауыстырды. Тұлға аралық қарым-қатынастың эмоциялық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Топтар мен ұжымдардағы қарым-қатынас және тұлға аралық қатынастар бақылау, эксперимент, әңгіме, анкета, социометрия әдістері арқылы зерттеледі. Белгілі әдістерді қолдану нақты міндеттермен, сонымен қатар зерттеу іске асатын жағдайлармен байланысты.
Қазіргі кезде кеңінен тараған және шет елден енген әдістердің бірі - социометриялық әдістеме немесе социометрия әдісі, оны алғаш рет ұсынған З.Фрейдтің шәкірті — Джекоб Морено (1892-1974). Морено теориясы бойынша, барлық қиыншылықтар, қарама-қайшылықтар, оның ішінде, әлеуметтік, микро және макро құрылымының сәйкес келмеуіне байланысты. Социометрия— америка социологі және психологі Джекоб Морено ұсынған шағын топтарда тұлға аралық қарым-қатынасты зерттеудің ерекше әдісі. Қазір социометрия әдісін топ мүшелерінің арасыңда ұнату және ұнатпауды анықтау үшін кеңінен қолданады. Социометриялық әдістің мәні белгілі бір шарттарға жауап беретін адамдарға — бірізділік тәртіппен таңдауды іске асыру міндеті қойылған топ мүшелерін сауалдаудың нәтижесін зерттеу. Демек, бұл жағдайда әртүрлі социометриялық өлшемдер немесе нақты сұрақтар ұсынылады, оған әрбір зерттеуші жауап беруі тиіс (мәселен, зеттеуші бірінші кезекте кіммен бірге жұмыс істеуді, көрші болуды, демалуды қалайды, кіммен екінші кезекте, кіммен үшінші кезекте). Сонымен зерттеу нәтижесінде топтағы "социометриялық жұлдыздарды"немесе топтағы ең кеп тандауға ие болғандарды анықтау.
Бұл әдіс тез арада топтағы адамдардың бір-бірімен қатынасын анықтауға мүмкіншілік береді. Бұл әдісті сынып жетекшілері, тәрбиешілер кеңінен қолданады. Мектеп оқушыларына төмендегі сұрақтарға жауап беру сұралады: "Сен кіммен туристік жорықтарға, емтиханға дайындалануға, бір партада отыруға, бір командада ойнауға тілек білдірер едің?" Әрбір сұраққа үш таңдау беріледі: нәтижесінде ұжымның кейбір мүшелері көп тандауға мәжбүр болады. Ұжымның әрбір мүшесінің орны, рөлі, мәртебесі, бағыты туралы негізделген бағалауға, ұжым ішілік топтарды, оның лидерлерін анықтауға мүмкіндік, тәріздес сұрақтар социометриялы өлшемдер деп аталады, топ ішілік тұлғалардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасының әртүрлі жақтарын қамтиды. Осындай өлшемдер белгілі бір міндеттерді орыңдаумен тығыз байланысты (оқу, қоғамдық жүктемелер, демалыс, бірге уақыт өткізу және т.б.сияқты).