Пәнге кіріспе. Психология пәні, міндеттері және әдістері Лекция жоспары



бет6/10
Дата10.04.2023
өлшемі153,48 Kb.
#81354
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
11неделя

Психологияның зерттеу әдістері. Психологияда қолданатын әдістер әр түрлі болады. Бақылау, эксперимент,
әңгімелеу әдісі адам қызметінің нәтижесін зерттеу болып табылады.
Бақылау – психологияда кең тараған әдіс. Зерттеуші басқа адамның іс–әрекетін, оның мінез–құлқын, психикасын, қозғалысын, сөйлеген сөзін жоспарлы түрде бақылайды. Адамның мінез–құлқын дұрыс түсіне білудің де маңызы зор. Мысалы оқушының бет–әлпетіне ден қоя берудің керегі жоқ. Кейде оқушы зер салып отырған адамның кейпінде болады, ал шынында ол мұғалімнің айтып жатқанын тыңдамай отырады. Сондықтан балалардың жай күйін білу үшін, оларға зер салып қарау жеткіліксіз, басқа әдістер сұраулар қоюды қолдану керек.
Баланың іс–әрекетін сабақ үстінде сыныптан тыс оқып үйренуде үй іші жағдайында үнемі бақылау жасай отырып, мұғалім оның оқуға, жолдастарына, өзіне және үлкен адамдарға қарым–қатынасының қандай екендігін біледі. Оқушыға бақылау жасау арқылы оның темпераментін, мінезін, қабілетін білуге болады.[2, 16 бет].
Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:
1. Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;
2. Зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет. Мысалы, байқау объектісі ретінде сабаққа нашар студентті алатын болсақ, мақсатымыз – оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының кейбір ерекшеліктерін білу;
3. Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелінушінің сөз реакцияларын стенографиялау, кейін оған мұқият талдау жасау, басты фактілерді іріктеп алу – осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.
Байқау әдісіне қарағанда психологиялық қасиеттерді эксперименттік жолмен зерттеудің біраз артықшылығы бар. И.П.Павлов: «Бақылау табиғаттың ұсынғанын жинайды, ал тәжірибе табиғаттан өзінің тілегенін алады», – деп тегін айтпаған.[1, 14-15 беттер].
Тәжірибе (Эксперимент). Ғылыми–зерттеу жүргізуде эксперименттік әдістің мәні – сыналушыға зерттеуге қажет психикалық процесті әдейі жасатады. Яғни тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті психикалық қасиеттерді көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Мәселен, мәтінді дұрыс түсініп, игеруде оны оқудың қолайлы шапшаңдығын білу үшін, белгілі бір әңгімені бір топтағы балаларға 3 минутта, сол үзіндіні екінші топтағы балаларға 5 минутта, үшінші топтағыларға 7 минутта оқытады. Бір қатар тәжірибе жасаудың негізінде оқу материалын жақсы түсініп, есте сақтау үшін оқудың орташа қарқыны дұрыс деген қорытындыға келеді.[2, 16 бет].
Тәжірибенің 2 түрі болады:
1. Зертханалық тәжірибе
2. Табиғи тәжірибе


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет