Пәні аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»


Иллюстрациялы материалдар



бет8/36
Дата27.09.2023
өлшемі198,53 Kb.
#110450
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Байланысты:
метод-лек-Гигиена-дет-подр-ОЗ-каз

4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар


5.Әдебиет:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым
баспа орталығы.2008.
2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.
Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.
Қосымша:
1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.
Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
2.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.
3.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными
терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.


6.Қорытынды сұрақтары:
1.Өндірістік оқу тәртібінде қойылатын қандай негізгі гигиеналық талаптарды білесіз?
2. Кәсіптік-техникалық мектептерде оқу тәртібін санитарлық- гигиеналық қадағалауды сипатап беріңіз?


7
1.Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінің физиолого-гигиеналық негіздері. Тәуліктік козғалыс белсенділігі. Дене тәрбиесінің құралдары мен формалары. Дәрігерлік бақылау.
2.Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінің физиолого-гигиеналық негіздері, тәуліктік козғалыс белсенділігі, дене тәрбиесінің құралдары мен формалары, дәрігерлік бақылау туралы түсінік беру.


3.Дәріс тезисі:
Балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру тәрбиесі өте ерте заманның өзінде-ақ жүргізіле бастаған. Мысалы, алғашқы қоғамдық қауымда балалар арасында ұйымдастырылған түрде қимыл-қозғалыс ойындары өткізілетін болған. Олардың мақсаты, өсіп келе жатқан жастарға болашақтағы еңбектік іс-әрекеттерге қажетті дағдыларды қалыптастыру болған сияқты. Негізінде олар күн көріске қажетті құралдарды табуға арналған (аңға шығу, балық аулау т.б.)
Одан кейінгі кездерде дене шынықтыру тәрбиесі әскери істерді жете меңгеру үшін қажет болды. Ежелгі Грецияда дененің сұлулығы мен үйлесімділігі ерекше бағаланды, ал дене шынықтыру сабағымен айналысу мемлекеттік сипатта болады. Олимпиадалық ойындар кеңінен таралды. Жастардың дене шынықтыру тәрбиесі рухани тәрбиеден кем болған жоқ.
Феодалдық құрылыс дәуірі кезінде, сонау қайта жаңару кезеңіне дейін дене шынықтыру тәрбиесіне ешқандай мән берілген жоқ. XV ғасырда Италияда ғылымға танымалы, ең алғашқы дене шынықтыру мектебі ашылды, мұнда сонымен қатар басқа сабақтар жүргізілетін. XVI-XVII ғасырларда балалардың дене шынықтыру тәрбиесі ептеп ғылыми бағыт ала бастады.
Бірақ, осы саладағы арнаулы ғылыми зерттеулер, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында ғана жүргізіле бастады. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру тәрбиесінің теориялық негізін енгізген П.Ф Лестгафтың (1837-1909 жж.) жұмыстары ерекше көңіл аударуға турады. Сұрақтардың тарихын, оның әртүрлі елдердегі жағдайын зерттеп жэне нақты ғылыми жұмыстар жүргізе отырып, П.Ф.Лест-гафтың Ресейде ең алғаш дене шынықтыру тәрбиесінің жүйесін кұрды.
Онан соң дене шынықтыру тәрбиесі саласында біршама жетістіктерге қол жетті: жалпы көзқарастары құрылды;
1.мақсаты мен міндеттері анықталды;
2.тиімді құралдары өңделді;
3.бірыңғай жүйе құрылды.
Қазіргі кезде осы жүйеде түрт оқыту түрі бар: негізгі, қосымша, факулътативтік жэне өз еркімен оқу.
Балардың ең негізгісі бала-бақшада, жалпы білім беру мекемелерінде, мектеп - интернаттарда, КТУ, спорт мектептерінде және басқа оқу орындарында бірыңғай бағдарламамен жүргізіледі.
1. Негізгі оку (дене шынықтыру сабағы) оқу-тәрбие мекемелерінің барлық балалар мен жасљсшрімдеріне міндетгі түрде жүргізіледі.
2. Қосымша оқыту негізгі сабақтан бөлек жүргізілетін спорттық салауаттандыру және емдеу-профилактикалық шаралардан тұрады. Бұл шаралар қажудың алдын - алу үшін қолданылады. Факультативтік сабақ (міндетті емес) спорттық секциялардағы үиірмелердегі емдік дене шынықтыру және спорттық профильдегі мектептердің бағдарламасы, кіреді. Бұл дене шыныктыру сабағының маңызды бөлімі болып табылады.Оқытудың барлық үш түрін толық жүргізсе де өсіп келе жатқан балалардың ағзалардың денсаулығын нығайту үшін. Оның негізгі оку түрлерінен бірталай ерекшеліктері бар.Міндетті түрде еткізетін сабактардан ең басты айырмасы сол- мұнда балалардың спорт түрлерінен айналысудағы жеке тілегі қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет