Қимыл- қозгалысқа биологиялъқ қажеттілік Адам эволюциясы қимыл-қозғалыс белсенділігімен үзбей байланыста болды.
Қимыл-қозғалыс тіршіліктің белгісі және ағзаның биологиялық қажеттілігін қамтамасыз етудің, әлемді танып, білудің құралы. Қимыл- қозғалыс белсенділігі дегеніміз - белгілі уақыт арасындағы дене қозғалыстарының жалпы санының жиынтығы.
Қимыл-қозғалыс белсенділігі дұрыс өсіп, даму үшін қажет және кинезофилия деп аталатын ағзаның биологиялық қажеттілігі болып саналады. Ол, үдемелі сипаттамада болады жэне жас өскен сайын ұлғаяды. Мысалы: Көрсетілген заңдылықтар балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру тәрбиесін ұйымдастыруда жас жыныстық ережелердін негізі болып табылады.
Қимыл-қозғалысқа биологиялық қажеттілік баланың өмірге алғаш келген кенінен бастап пайда болады, бірақ ол әлеуметтік жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Тіршілік жағдайы мен тәрбие жүйесі, тәуліктік қимыл-қозғалыс белсенділігін шұғыл төмендетіп не болмаса жоғарылатып жіберуі мүмкін. Ерте жаста ол биологиялық (генетикалық) механизммен реттеледі, ал одан кейінірек ересек жастарда әлеуметтік механизм бойынша реттеледі.
Дене шынықтыру тәрбиесінің физиологиялық негізі, сонымен қатар генетикалық және сыртқы орталық жағдайлардың әрекеттесуінен тұрады. Ағзаның дамуы, онтогенездің барлық кезеңдерінде генетикалық бақылауда болады. Бірақ генетикалық бағдарламаны жүзеге асуы әртүрлі сыртқы орта жағдайлардың әсер етуіне байланысты болады. Қолайсыз жағдайлар ағзаның дамуын осы бағдарлама ішінде, немесе оданда артық ауытқуларға әкеліп соғады. Биохимиялық және морфофункционалдық өзгерістерге ұшыратып бағдарламада қаралғаннан басқа дамудың төмен деңгейіне қарай ауысу басталуы мүмкін. Баланың даму кезендерінде дұрыс жүргізілген дене шынықтыру тәрбиесі, керісінше генетикалық бағдарламаға сәйкес дамуды жоғары деңгейге қарай ауыстырады. Бұл процесс, өсу мен даму деңгейін жақсартуға табиғи жағдай жасау деп аталады.
Қимыл-қозғалыс белсенділігіні физиологиялық тиімділігі де онтогенездің әрбір кезеңдерінде әртүрлі болады. Ғалымдардың зерттеулері бойынша, 8-9 жастағы ер бала, еркін тәртіпте тәулігіне 24 мың қадам, 10-11 жастағы 24 мың, 14-15 жаста 28-29 мың қадам жүреді.
Жыныстық айырмашылық 10 жасқа дейін онша білінбейді, бірақ 11 жастан бастап қыз балаларда орташа тәулік қадамдарының саны ер балаларға қарағанда3-4 мыңға кем болады. Одан ары қарай бұл айырмашылықтар одан да көп аралықпен балалардың әртүрлі физикалық жаттығулардың әсеріне ең жоғары сезімталдық кезеңдері, яғни сенситивтік кезеңдер бекітілген. Олар негізінен күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік сияқты физикалық қасиеттерінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасайды. Мысалы, балаларда иілгіштік қасиет, әсіресе, мектепке дейінгі жастарда қарқынды дамиды да, жыныстық жетілу кезеңінде тоқтайды. Олардың негізгі физикалық қасиеттерінің бэрі 10-12 жасқа дейін жақсы дамиды, бірақ төзімділікті дамыту үшін ең қолайлы кезең 15-17жас аралығы деп есептеледі. Физикалық жаттығулар, жыныстық жетілу механизмін реттеуші болып табылады. Бұл процестің даму қарқыны генетикалық процеске негізделсе де, спортпен дұрыс айналысу, қыз балалардың репродукциялық қызметінің дамуын жақсартады. Бірақ, олардың спорттың кейбір түрлерімен (футбол,
ДЗЮДО, атлетикалық жаттығулар) айналысуы туралы сұрақ әлі кунгебіржақты шешімін тапқан жоқ. Балалар мен жасөспірімдер қимыл-қозғалыс белсенділігін шартты
түрде үш бөлімге бөлуге болады: оқу және еңбек іс-әрекеті кезеңіндегі
денешынықтыру сабағы кезеңіндегі және бос уақытта тұрақты түрде пайда
болатын қимыл-қозғалыс белсенділіктері. Тіршілік жағдайында, тұрақты
түрде пайда болатын белсенділікті әдеттегі қимыл-қозғалыс белсенділігі деп
айтамыз. Шынайы өмірде оның деңгейі ағзаның қимыл-қозғалыс
қажеттілігіне сәйкес келмейтіндіктен, балалар мен жасөспірімдердің
денсаулық жағдайынын, қимыл-қозғалыс дамуының бұзылуына әкеліп
соғады. Әсіресе, бұл жағдай мектеп жасындағы балалардың арасында жиі кездеседі.
Қимыл-қозғалыс белсенділігі биологиялық қажеттілік сияқты
мүшелермен реттеледі. Мысалы, түске дейінгі мезгілде мектепте қимыл-
қозғалысы аз жағдайда болған оқушыларды сабақтан соң қатты қимыл-
қозғалыста болатындығы байқалған. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің өзін-өзі
реттеуін физиологиялық шама деп есептеуге болады, бірақ, мұндай
реттеушіліктің механизмі аз зерттелген және барлық уақытта бірдей қимыл-
қозғалыс қажеттігін қамтамасыз етеді. Оған әртүрлі әлеуметтік жағдайлар бөгет жасайды.
Балалар мен жасөспірімдердің қимыл-қозғалыстарына ең көп әсер ететін жағдайлардың классификациясы жасалған.