Пәні: Қазақстан тарихы


зайырлы мектептер мен оқу орындарының ашылуы



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата03.05.2023
өлшемі224,98 Kb.
#89360
1   2   3
зайырлы мектептер мен оқу орындарының ашылуы 
1813 жылы Омбыда, ал 1825 жылы Орынборда 
әскери училищелер
 ашылды. Кейіннен 
олар Сібір және Орынбор Неплюев кадет корпустарына айналды. Бұл оқу орындарына 
қазақ балаларын қабылдауға едәуір шек қойылды. Ұлты қазақ кадеттер бірқатар 
әскери пәндерді оқып үйренуге жіберілмеді. Омбы кадет корпусын белгілі қазақ 
ғалымы, зерттеуші әрі ағартушы 
Шоқан Уәлиханов
 бітіріп шықты. 
1841 жылы Бөкей хандығында Жәңгір 
ханның
 бастамасы бойынша алғашқы қазақ 
мектебі ашылды. Ол мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, 
бірқатар шығыс халықтарының тілдерін, сондай-ақ ислам дінінің негіздерін оқып 
үйренді. Қазақ 
балаларының
 сабақ үйренуін Жәңгір ханның өзі тікелей бақылауға 
алып, тексеріп жүрді. Неғұрлым қабілетті деген балаларды ол Қазанға, Ресейдің басқа 
да қалаларына оқуға жіберіп отырды. Казак станицаларында, бекініс-қамалдарда діни 
шіркеулер және казактардың балалары оқитын мектептер болды. Олардағы оқыту 
деңгейі тым төмен еді. Мұғалімдердің басым көпшілігін шала сауатты дьяктар, сондай-
ақ қызметтік міндетін өтеген солдаттар мен казактар құрады. 
Жалпы алғанда, Қазақстанда халыққа білім беру ісі мен сауаттылық деңгейін 
қанағаттанарлық болды деп айтуға келмейтін. Зайырлы мектептер өте аз еді. Маман 
мұғалімдер жетіспеді. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты жағдайында 
тұрақты мектептер ашу қиын болды. 
XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың бас 
кезінде зайырлы мектептердің ашылуы 
Қазақстанды 
өнеркәсіптік
 тұрғыдан игерудің басталуына байланысты сауатты да 
білімді адамдарға деген сұраныс арта түсті. Сондықтан да 1850 жылы Орынборда оқу 
мерзімі жетіжылдық жаңа үлгідегі мектеп ашылды. Онда негізінен хатшылар мен 
аудармашылар даярланды, орыс тарихы, математика, география, геометрия, сондай-
ақ 
исламның
 негіздері оқытылды. Ал 1857 жылы осындай мектеп Омбыда да ашылды. 
1861 жылы Троицкіде, басқа да қалаларда 
орыс-қазақ мектептері
 ашылды. 1867—1868 
жылдардағы әкімшілік реформалары енгізілгеннен кейін және қоныс аударып келуші 
шаруалар қатарының арта түсуіне байланысты зайырлы мектептердің қатары көбейді. 
Олардағы оқу бағдарламаларын генерал-губернатордың өзі белгілеп, Халық ағарту 
министрлігімен келісіп алып отырды. Қазақтардың балалары орыс поселкелері мен 
казак станицалары жанындағы мектептерде тегін немесе азын-аулақ ақы төлеп оқуға 
құқықты болды. 
1879 жылы Ташкентте мұғалімдер институты ашылды. 1879 жылы Торғай облысында 
алғашқы екі сыныптық орыс-қазақ мектебі пайда болды. 1883 жылы 


Орынбор 
губерниясының
 Ор қаласында қазақтарға арналған мұғалімдер мектебі 
түңғыш рет ашылды. Ол мектептің ашылуына Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі 
орасан зор болды. 
1885 жылдан бастап барлық уездерде ауыл шаруашылық мектептері ашылды. Олар 
қазақ өлкесінде білім және қолөнер түрлерін дамытуға бағыт ұстады. 1887 жылы 
барлық жерде бірдей болыстық орыс мектептері пайда бола бастады. Ал 1891 жылы 
Торғай, Ақтөбе, Қостанай және басқа қалаларда қыз балаларға арналған бастауыш 
мектептер ашылды. 1892 жылдан бастап қазақ балалары үшін ауылдық көшпелі 
мектептер ұйымдастырылды. 
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Омбы, Семей, Орал, Ақмола қалалары халыққа 
білім беру орталықтарына айналды. Қазақстандағы орыс тілді халықтың арасында 
сауатсыздардың пайызы тым жоғары болды. Мұны 1897 жылғы халық санағы айқын 
көрсетті. Атап айтқанда, халықтың 8,1 пайызын ғана сауатты деуге болатын еді. Соның 
ішінде ерлердің 12 пайызы, ал әйелдердің 3,6 пайызы ғана хат таныды. Орысша сауат 
ашқан қазақтардың 
пайызы
 бұдан да төмен болды. Ал мұсылманша оқып сауат ашқан 
дала қазақтарының саны өте көп еді. Бірақ олардың қанша пайызының сауатты 
екеңдігі халық санағын өткізу кезінде есепке алынбады. 
Ресей империясы қазақтардың орта және жоғары білім алуына жол бермеуге тырысты. 
Сауатты қазақтардың қатары өскен сайын олардың Ұлттық сана-сезімі тезірек оянады 
деп қауіптенді. Мәселен, 1885 жылы Қазақстанда орыс мектептерін ашудың басты 
идеологта- рының бірі Ильминский былай деп ашықтан-ашық жазған болатын: «Бізге 
тиімді болатын бір жағдай бар. Ол — бұратана халықтың әрбір өкілінің орысша 
сөйлегенде шатасып, қысыла қызарып тұратын болуы. Ол — орысша жазғанда да аяқ 
алып жүргізгісіз қыруар қате жіберіп, өз ойын дұрыс жеткізе алмауы. Олар 
губернаторлардың алдында ғана емес, сонымен қатар кез келген бастықтардың 
алдында да қалтырап-дірілдеп тұруы керек». XIX ғасырда ауыл 
шаруашылық
 және 
фельдшерлік мектептері ашыла бастады. Олар орта білімді дәрігер мамандарын 
даярлап шығарды. Алайда Қазақстанда бірде-бір жоғары оқу орны ашылған жоқ. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
негізгі
1. Проблемы источниковедения и историографии. Материалы научных
чтений. -М., 2000.
2. Казахстан в начале ХХ века: методология, историография,
источниковедения. Сб. статей -А., 1993, 1994.
3 .Омарбеков Т.Омарбеков Ш.Қазақстан тарихына және тарихнамасына
ұлттық көзқарас. -А., 2002.
4. Мұхатова О.Х. Тарихнама ғылымының методологиялық ұстанымдары. -
Алматы,2008.


5. Мұхатова О.Х. Тарихнама ғылымы: теориялық методологиялық негіздері
және зерттеу үлгілері. - А: Қазақ университеті, 2009.
қосымша:
1. Дахшлейгер Г.Ф. Историография советского Казахстана. - Алма-Ата,1969.
2. Зевелев А.И. Историографические исследования: методологические
аспекты. -М., 1983. 
3. Козыбаев И.М. Историография Казахстана: уроки истории. - А., 1990. 

Document Outline



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет