Пәні бойынша жазбаша емтихан жұмысын бағалау шкаласы



бет2/6
Дата29.10.2023
өлшемі24,95 Kb.
#121117
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Білім алушы:

A

  • берген жауаптарын стилистикалық сауатты, логикалық дұрыс ашқан;

  • теориялық ережелерді нақты мысалдармен келтіре білген;

  • ғылыми терминологияны тура қолдануды толық көрсеткен

  • тәжірибелік тапсырманы толық көлемінде, шығармашылық жолын қолданып орындаған

B

  • баяндауда жауаптың логикалық және ақпараттық мазмұнын бұрмаламайтын бірнеше қателіктер жіберілген;

  • жауаптың негізгі мазмұнын баяндауда бір-екі кемшіліктер жіберілген.

C

  • тәжірибелік тапсырманы орындау кезінде немесе теорияны жаңа жағдайда қолдана алмаған.

D

  • терминдерді пайдалану кезінде түсініктерді анықтауда қателіктер жіберген.

F

  • білім алушының тексеріліп отырған пән бойынша міндетті білімі мен машықтарының толығымен жоқтығы байқалады.



Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2) 0,3 + емт 0,4
3. Академиялық курстың презентациясы
Оқу курсының түрі: ВК
«Инклюзивті білім беру» пәнінің мақсаты студенттерді инклюзивті білім беру пәнімен, тарихы және қазіргі уақытта қолданылу аясымен таныстыру болып табылады.
«Инклюзивті білім беру» пәннің негізгі міндеттері білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың мынадай нәтижелерін (ОН) қалыптастыру болып табылады:

  • білім алушылар азаматтық-дүниетанымдық, кәсіби ұстанымды және цифрлық сауаттылықты көрсетеді; инновациялық ойлау және сыни ойлау қабілеттерінде комбинаторлыққа ие; психологиялық-педагогикалық бақылау, диагностика нәтижелерін жинау және өңдеу әдістерін біледі және қолданады;

  • арнайы педагогика мен психологияның негізгі категориялары мен түсініктерін біледі, арнайы және инклюзивті білім берудің мазмұнын, әдістері мен ұйымдастырушылық формаларын дамытудағы заманауи үрдістерді талдайды;

  • оқытылатын саладағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады; дамуының өзекті деңгейінің кешенді диагностикасын жүргізеді, білім беру ортасын дамытатын жеке білім беру маршруттарын (бағдарламаларын) жобалайды, білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың әлеуметтенуі мен кәсіби өзін-өзі айқындауын қамтамасыз етед;

  • білім алушылар білім беру қызметін ұйымдастырудың заманауи әдістері мен технологияларын, білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін диагностикалау мен бағалауды, білім беру бағдарламаларын меңгерудің педагогикалық мониторингін жүргізуді қолданады;

  • білім алушылар ата-аналармен және ортамен педагогикалық өзара іс-қимылды ұйымдастырудың, отбасын білім беру процесіне тартудың және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен білім беруге педагогикалық жәрдемдесудің әдістері мен тәсілдерін қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет