1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары Раздықова Гүлназ Мақсұтқызы - философия және мәдениеттану кафедрасының т.ғ.к., доцент.
Кафедра №423 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 1153
2 Пән туралы мәліметтер «Павлодар Ертіс өніріндегі ағартушылықтың дамуы» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы мемлекеттік оқулық стандартына мәдениеттану мамандығы сай бойынша кредит технологиясының негізінде құрастырылған.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы6N0201 Философия мамандығының магистранттары үшін
Семестр
Кредиттар саны
Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны
Студенттің өздік жұмысының сағат саны
Бақылау нысаны
барлы-ғы
Дәріс
практи-ка
Зертха-налық
студия-лық
жеке
барлығы
СРМП
3
2
150
15
15
-
-
-
90
30
Емт.
Бар-лығы
2
150
15
15
90
30
Емт
Пәннің еңбек сыйымдылығы6N0204 - Мәдениеттану мамандығының магистранттары үшін
Семестр
Кредиттар саны
Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны
Студенттің өздік жұмысының сағат саны
Бақылау нысаны
барлы-ғы
Дәріс
практи-ка
Зертха-налық
студия-лық
жеке
барлығы
СРМП
2
2
150
22,5
7,5
-
-
-
90
30
Емт.
Бар-лығы
2
150
22,5
7,5
90
30
Емт
4 Пәннің мақсаты және міндеттері Пәннің мақсаты: «Павлодар Ертіс өңірінде ағартушылықтың дамуы» курсын оқу «Мәдениеттану», «Философия» мамандығы бойынша дайындалатын магистранттар үшін маңыздылығы өте зор. Ұсынылып отырған курс шеңберінде қойылатын мақсат магистранттарды Павлодар Ертіс өңірінен шыққан әйгілі тұлғалармен, олардың еліміздің ағартушылық құбылыстарына, ғылымына, өнеріне зор әсерін тигізген еңбектерімен толығымен таныстыру болып отыр.
Ұсынылып отырған арнайы курс магистранттардың ой-өрістерінің кеңейуіне, оларда патриоттық сезімдерін оятуға ықпал етеді. Әйгілі жерлестерінің атағы мысал ретінде келтіріліп, магистранттардың ғылыми-білімділік құштарлығын оятады деген сенімдеміз. Бұл арнайы курс Қазақстан тарихы, тарихи өлкетану, мәдениеттану және Павлодар Ертіс өңірінің тарихы сияқты пәндерден алған білімдерін толықтырады.
Пәннің міндеттері:
Павлодар Ертіс өңірінен шыққан ғалымдардың өмірлік және шығармашылық жолдарын айқындап қарастыру;
ағартушылық және қоғамдық іс-әрекеттерде, ғылыми ортадағы артықшылықтарын көрсету.
Курсты оқу барысында магистрант Павлодар Ертіс өңірінің тұлғаларының өмірі мен шығармашылығын, олардың аймағымыз бен республикамыздың ғылымына, білімі мен өнеріне қосқан үлестері жайлы білу керек.
5 Пәнді игерудің барысында магистранттар істеуге тиісті:
ұсынылып отырған пәннің базалық білімін басқа пәндерді игеру кезінде қолдана білу:
бұл пәннен алынған білімдерді ой-өрісті және ойсананы кеңейту құралы ретінде пайдалана білу;
сөз тіркестерін дұрыс құрап, өзіндік ойды дұрыс жеткізу.