Тоқ ішек – бұл асқорту саласының соңғы бөлігі. Ол құрсақ қуысының оң жақ мықын бөлігінде ас
ішектің , тоқ ішекке қосылған жерінен басталып артқы аналь тесігімен аяқталады. Тоқ ішектің 2,5
метр, басталар бөлігінде дм 8 см болса, аяқталар бөлігінде 4-5 см болады..
Тоқ ішектің құрылысы аш ішекке қарағанда ерекше, ол ас ішекті қоршай, жиектеп тұрған
шеңберге ұқсайды. Тоқ ішектің қабырғасы кілегей ет және сір қабаттарынан түзілген кілегей
қабатында түкшелер мен қатапарлар аз , лимфатикалық фалекулалар да шамалы , ал оның есесіне
хрипталар мен түтікше және бокал тәрізді бездері кейіпінде, сөлдерінің құрамында ферменттер аз
болады. Тоқ ішектің атқаратын жұмысы қорытылмай қалған тағам қалдығын жылжытып,суды кері
сіңіріп, нәжісті қалыптастырады.
Соқырішек –жамбастың оң ойысында жатады ені 5-6 см ұзындығы 6-8 сымы болады. Бұл тоқ
ішектің кеңейіп келіп, қалталы бөлігі, сондықтан оны бүйен деп атайды.Ішіндегі қатпарлары жарты
ай сияқты болып келеді. Соқыр ішектің түбіне ұзындығы екі см –ден 12 см –ге дейін жететін құрт
тәрізді өсінді (аппендикс) жалғасып жатады, ол ас қорытуға қатыспайды оның соқыр ішекке
ашылған аузы өте тар келеді.Бірақ кезейсоқ түскен тамақ бактериалардың түсуіне байланысты
қабынып, іріңдеп ауруы мүмкін оны аппендицит деп атайды.
Ас ішектің соқыр ішекке ашылар жерінде қос ерінді қақпақша жатады.Ол қақпақшаның маңызы
тағам қалдығының кері ас ішекке жібермей жауып тұру.
Тік ішек.- Тоқ ішектің соңғы бөлігі, ол кіші жамбас бөлігінде орналасқан бұл сегіз көз тұсынан
басталып, аналь тесігімен бітеді.Оның ұзындығы 16-18 см дм 4-5 см аралығында. Тік ішектің төменгі
жағында ет талшықтары жақсы жетілген олар аналь тесігінде адамның еріксіз және ерікті
қысқыштарын түзеді.ерікті қысқышы көлденең жолақты ет тканьінен ерікті қысқышы бірыңғай
салалы ет тканьіне түзілген егер ер адамда тік ішектің алдында қуық және қуық түбі безі, шәует
көпіршігі орналасқан боласа, әйел адамда жатыр, түтігі қынап жатады.
Қарны асты безі . Ол асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқа тұсында ісір қабықшамен
жабылып жатады.қарны астының салмағы 70-80гр ұзындығы 20 см, оның басы денесі және құйрық
бөлімдері болады. Бас бөлімі жуандап 12 елі шек иініне кіріп орналасқан. Денесі бел омыртқаға
көлденең еліп, асқазанға жанасып жатады.
Бауыр. Адам денесіндегі ең үлкен без- оның салмағы 1,5 кг дейін барады. Бауыр құрсақ қуысының
оң жағында диафрагма күмбезінің, астында төменгі қабырғаларға таяу жатады.Оның түсі қызғылт,
қоңыр кринсистенсиясы жұмсақ. Бауырдың жоғарғы және төменгі беттері , алдыңғы оң және сол
бөлімдері болады. Оның үлкен бөлігі оң жақ қабырғалар астында , ал сол жақ бөлігі құрсақ бөлігінде
орналасқан бауырдың алдыңғы жиегі терең тыныс алғанда ғана қабырға астында ғана байқалады.
Оның үстіңгі дөңес бетінде бауырды үлкен және кіші бөлімдерге бөлетін орақ тәрізді сіңір
орналасады.Осы сіңір байламы арқылы бауыр диофрагмаға ілініп бекіп жатады. Жоғарғы беті дөңес
төменгі беті ішкі органдардың орналасуына байланысты ойыс келеді, онда алдынан артқа қарай
паралельді жатқан екі сай бар. Оң жағындағы ұзынша сайда ет қапшығ жатса, сол жақ ұзынша
жұмыр сіңір орналасқан.
Өт қапшығы –алмұрт тәрізді, ол бауырдың оң жақ ұзынша сайынының алдыңғы бөлігінде
орналсқан. Оның түбі, денесі және сойыны болады. Тібң өте кең және жұмыр келеді. Ет қапшығы
етке көп толса, бауыр астынан шығышқырап тұрады. Оның мойын бөлігі жіңішкеріп келіп өт
жолына көшеді. Өт қапшығының, қабырғасы жұқа ет қабатынан тұрады. Ішкі жақ кілегейлі
қабатында көптеген майда қатпарлар болады. Олар өт жолында ұлғая келіп, спиральды орналасқан
қақпақшаға (клапанға) айналады.Өт қапшығына бауырдан шыққан өт жиналады, оның
сыйымдылығы 60 см.
Достарыңызбен бөлісу: