Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет116/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   162
3. Жаңа тақырып:
«Денсаулық – өмірдің азығы, білім – ақыл - ойдың дамуы»


Сабақтың жоспары:
1. Ас қорыту мүшелеріне сипаттама
2. Ауыз қуысы
3. Жұтқыншақ
4. Өңеш
5. Асқазан (қарын)
6. Аш ішек
7. Тоқ ішек
8. Ұйқы без
9. Бауыр
Адам денінің сау болып қалыптасуы үшін салауатты өмір сүру қажет. Адам организімінің қалыпты 
өсіп, дамуы мен тіршілік әрекеті үшін ең негізгі жағдай – дұрыс тамақтану. Олай болса бүгінгі 
сабағымызда ас қорыту мүшелерінің құрылысына тоқталамыз. Тамақ өнімдерін ыдырататын да, 
қорытатын да универсал аппарат - ас қорыту жүйесі.
«Ой қозғау»
Адам мен сүтқоректі жануарлардың ас қорыту жүйесінде қандай ұқсастықтар бар? Мұндай көп 
ұқсастықтар неге байланысты деп ойлайсыңдар? (Сүтқоректілердің асқорыту жүйесі күрделі. Ауыз 
қуысына 3 - 4 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Ауыз қуысы - жұтқыншақпен, ол өңеш 
арқылы қарынмен жалғасады. Қарындағы көптеген ұсақ бездер қарын сөлін бөледі. Мысалы: күйіс 
қайыратын жануарларды (сиырда) қарны көп қуысты. Олар 4 бөлімге бөлінеді: үлкен қарын (таз 
қарын), жұмыршақ (тақия қарын), қатпаршақ (қырық қатпар) және ұлтабар)
Кез - келген тіршілік иесі сияқты адам организмде үздіксіз жұмыс істейді. Мұның барысында кейбір 
жасушалар тозып, бұзылып немесе тіршілігін жояды. Олардың орнына дәл сондай жаңа 
жасушалармен толығып, қалпына келеді. Бүкіл тіршілік процесстерінің үздіксіз жүруіне қуат, яғни 
энергия пайдаланылады. Организмге қорек болып, оның тіршілігін қамтамасыз ететін, яғни оған 
«құрылыс материалын» да, энергияны да беретін – ас. «Ас - адамның арқауы» дейді атамыз қазақ. 
Адамның денсаулығы, дене қимылы, ой еңбегі, іс - әрекеттері астың құрамына байланысты. Ас 
қорыту – өте күрделі процесс. Ол ас қорыту жолынан және ас қорыту бездерден тұрады. Ас қорыту 
мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан (қарын), аш ішек, тоқ ішек жатады. Ауыз қуысы 
жіңішкеріп, жұтқыншаққа ауысады. Жұтқыншақтан соң өңеш, асқазан, ішек жалғасады. Ішектің аш, 
тоқ, тік бөлімдері бар. Аш ішек 12 елі ішек (ұлтабар), жіңішке ішек, сербек ішек бар. Тоқ ішек соқыр 
ішекке, жиек ішек, тік ішекке бөлінеді. Бауыр мен қарынасты без - асқорыту бездері, олар 12 елі 
(ұлтабар) ішекке ашылады. Асқорыту жүйесінде тағам әртүрлі механикалық және химиялық 
өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. 
Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып 
ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Ас қорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырау 
химиялық өзгерістерге жатады. Асқорыту жүйесінің қызметі асты қорыту, қоректік заттарды сіңіру 
және олардың организмнен бөліп шығару қызметтерін жүзеге асырады.
Тірек - схема №1 «Ас қорыту жүйесі». Видеоролик.
Ас қорыту қоректің органикалық заттары – нәруыз, май, көмірсулар, ас қорыту ферменттері арқылы 
жай заттарға ыдырауы жүретін физиологиялық процесс: нәруыз аминқышқылға, көмірсулар 
глюкозаға, май глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдырайды. Ас қорыту жүйесінің әрбір 
бөлімі белгілі қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет