● Гиподерма - тері шелмайы қабаты. Дәнекер ұлпадан тұрады, онда майлы қосылыстар көп. Майлы
заттарды ағза қажет кезінде пайдаланады.
Әрі қарай пән мұғалімі өзі жалғастырады.
Терінің қызметі:
1. Қорғаныш қызметі
2. Қажетсіз заттарды бөлу
3. Сезгіш
4. Жылу реттеу
Көз байлау ойыны:
Үш оқушы шығып, көздерін байлайды. Дорба ішінен алынған затты саусықтарымен сипалап, не
екенін, неден жасалғанын айтады. Терінің сезгіштік қызметі дәлелденеді.
Сөздік:
Меланин - тері пигменті (түсі)
Эпидермис – сыртқы қабат
Дерма – нағыз тері
Гиподерма - тері шелмайы қабаты
Дерматолог – тері ауруын емдейтін дәрігер
Альбиностар - олардың терісі аппақ, шаштары да аппақ, көз қарашығы қызыл болады. Олардың
терісінде теріге түс беретін пигмент - меланин бөлінбейді. Ол тұқымқуалаушылықпен берілетін
қалыптан ауытқушылық.
Достарыңызбен бөлісу: