Қалың эпителиальды қабаты бар тер аумақтарында жай бояу әдісінде жылтыр қабатта түссіз
сызықтар пайда болады. Кейбір патологиялық үрдістерде анық білінеді. Көпшіліктің айтуы
бойынша жылтыр қабат эпидермисте су мен электролиттермен байланысты және екі
қабаттан тұрады: жоғарғы қабат-қышқыл реакция береді, ал төменгі жағы сілтілік қасиет
көрсетеді. Осы жағдайларға қарап бұл қабат эпидермистің ең күрделі қабаты болып
табылады.
Мүйізді қабат эпидермистің жоғарғы қабаты болып саналады. Ол
сыртқы ортамен
байланысып, өзінің төзімділігімен ерекшеленеді. Ол ұзыннан созылған, бір
бірімен берік
байланысқан мүйізді затпен толтырылған кератин мен күкіртті және суы аз, құрамында май
полисахариды бар.
Достарыңызбен бөлісу: