Адам тек қана жануарлардың эволюциялық дамуының нәтижесі ғана емес, ол
әлеуметтік ортаның, қоғамдық құрылыстың жемісі. Еңбек әрекетіне байланысты жоғары
дәрежелі нерв жүйесінің дамуы, адам организмін көптеген сапалы ерекшеліктерге
жеткізіп, әлеуметтік жоғары сатыға қойды. Еңбек пен сөйлеу процесінің пайда болуы
адам тегінің жануарлардан бөлініп шығуына жағдай жасады. Адам анатомиясының тағы
бір міндеті-адам денсаулығының дұрыс жағдайы мен патологиялық жағдайын ажыратуға
жәрдем ету. Сондықтан да анатомия пәні медицина ғылымының негізгі бір саласы болып
саналады.
Анатомияның ғылыми зерттеу әдістері жалпы екі салаға бөлінеді. Оның бөлшектеу
салаларын аналитикалық, ал адам мүшелерін тұтастай тексеретін саласын
экспериментальдық әдістер д.а. Бірінші немесе аналитикалық әдістерге өлік денесін
кескілеу, иньекциялық, коррозиялық, мацерациялық, фиксациялау және ежелден келе
жатқан «кескілеу» әдісі қазіргі кезде де өз маңызын жойған жоқ. Ол макропрепараттар
жасауға, адам денесінің барлық мүшелерімен танысуға жағдай жасайды.
Иньекциялық немесе құйып толтыру әдісі тез қататын бояулы заттарды пайдалану
арқылы өтеді. Сол бояулы сұйықтықпен қуысты органдардың ішкі толтырылып, олардың
пішіні, құрылысы тексеріледі.
Коррозиялық әдіс өте нәзік және күрделі құрылысты органдардың (өкпе, бауыр)
құрылысын зерттейді. Осы органдардың тамырларын тез қататын заттарды құйып, қатқан
соң әртүрлі қышқыл ерітінділерімен сыртқы жұмсақ тканін ыдыратып, ішкі құрылысы
мен пішіні анықталады.
Мацерациялық әдіс өлік денесін шірітіп, одан кейін қайнаған сумен шаю арқылы
сүйектерден тұтас қаңқа жасауға мүмкіндік береді. Ол сүйектер жұмсақ тканьнен
ажыратылып, кептіріліп, сабаққа оқу құралы ретінде беріледі.
Фиксациялау (бальзамдау) әдісі тұтас денені, жеке органдарды бұзбай, ұзақ уақытқа
сақтау үшін қолданылады.
Микроскопиялық әдіс анатомиялық зерттеу кезінде органдардың нәзік құрылысын
байқау үшін микропрепаратттар арқылы микроскоп аспабын қолданумен өтеді.
Адам анатомиясының негізгі маңызды мақсаты тірі организмді тексеру. Бұл үшін
рентгенологиялық әдіс кеңінен қолданылады. Бұның өзі екі жолмен жүреді. Егер рентген
сәулесі арқылы органдардың бейнесін экранда көретін болса, оны рентгеноскопиялық әдіс
дейміз де, ал рентген сәулесі арқылы органдардың бейнесін арнаулы пленкаларға түсіріп
алса рентгенография әдісі д.а. Ауторадиографиялық әдіс (радиоактивті изотоптар
жәрдемімен) тіс, қаңқа сүйегінің т.б. органдардың даму кезеңдерін тексереді.
Антропометриялық әдәс-адамның сырт пішінін, салмағын өлшеу арқылы қалай дамып
келе жатқанын анықтайды. Осы соңғы аталған рентгенологиялық, ауторадиографиялық
антропометриялық әдістер эксперименалдық зерттеу түріне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: