2. Көру органы.
1. Организмге әсер ететін түрлі тітіркендіргіштер, сезімтал нерв талшықтарының ұштары –
рецепторлар арқылы қабылданады. Олар арнаулы сезім органдарында және денеде
орналасқан.
Рецепторлардың белгілі органдарға жинақталуы организмнің эволюциялық дамуы мен
сыртқы ортаға бейімделу нәтижесінде пайда болған. Жалпы рецепторлар шоғыры дыбысқа,
жарыққа, иіске т.б. тітіркендіргіштерді қабылдауға икемделген. Оларды әдеттенген
тітіркендіргіштер деп атаймыз. Осы әдеттенуге байланысты есту, көру, иіс, дәм, тепе-теңдік
сезім органдары дамыған.
Омыртқалы жануарларда нерв жүйесі күрделеніп тіршілікке қажетті иіс, дәм, есту, көру,
тепе-теңдік органдарының рецепторлары шоғырланады.
Үлкен ми сыңарлары бөліктерінің күрделі даму нәтижесінде сезім органдарының
орталықтары пайда болады. Олар анализаторлардың рецепторлары мен нерв талшықтары
арқылы байланысады. Рецепторлар арқылы қабылданған қозу ми қыртыстарына жеткізіліп
отырылады, онда талдау, талқылау процесі жүріп, сезім ажыратылады. Сондықтан да адам
дүниедегі бар затты сезім органдары арқылы қабылдап, анализаторлары арқылы түсінік
алады.
И. П. Павловтың айтуы бойынша анализатор – белгілі бір қызмет атқаратын күрделі жүйе
болып табылады. Оның өзі үш бөлімнен шеткі – рецепторлардан, өткізгіш жолдары –
нервтерден және орталық ми бөліктерінен тұрады.
Тітіркендіргіштерді қабылдайтын анализаторлардың шеткі бөлігіне, сезімтал нервтерінің
ұштары – рецепторлары, оның өткізгіш бөлігіне – жұлын мен мидан шығатын нерв
талшықтары, ал анализаторлардың орталық бөлігіне – ми және ми қыртысындағы аймақтар
жатады. Ми қыртысының аймақтарында жоғарғы дәрежеде анықтау, талдау (анализ, синтез)
процестері өтеді.
Осы айтылған анализаторлардың үш бөлігінің біреуінің зақымдалуы, организнің тітіркенуді
ажырату қабілеттілігіне нұсқан келтірмейді.
Рецепторлардың екі үлкен топқа бөледі. Тітіркенулерді ішкі ортадан қабылдайтын
рецепторларды
энтерорецепторлар ал, тітіркенулерді сыртқы отрадан қабылдайтын
рецепторларды
эксторецепторлар деп атайды.
Энтерорецепторлар ішкі органдарда жатады, бұлар организмнің ішкі ортасындағы
(химиялық, механикалық, температуралық т.б.) өзгерістерді қабылждайды. Мысалы қан
тамырларының қабырғасындағы хемобароценторлар қанның химиялық құрамының, қан
қысымының өзгеруін қабылдайды.
Бұлшық еттердің, сіңірлердің, буын байламдарының құрамындағы интерорецепторлар
ерекше пропориорецепторлар деп аталады.
Экстрорецепторлар сезім органдарында жатады. Сол себептен, олар сыртқы нерв ұштарынан
– рецепторлардан түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: