Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет69/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   162
Сыртқы дыбыс жолы құлақ қалқанының ойысынан басталып, тереңдеп дабыл
жарғағына дейін жететін түтік тәрізді, оның ұзындығы 3,5 см. Дейін барады. Бұл түтіктің


ішкі жағын астарлап жатқан теріде көптеген бездер болады, олар май мен құлақ күкіртін
шығарады. Ол екеуінің қосындысын құлақ шайыры дейді. Бұның микробтармен күрес
жасайтын қорғаныстық маңызы бар. 
Дабыл жарғағы сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақты бөліп тұрған перде тәрізді, оның
сыртқы беті эпителиймен, ал ортаңғы құлаққа қараған ішкі беті кілегей қабықшамен
жабылған. Дабыл жарғағы өте жұқа келеді, сондықтан оның ішкі бетіне жабысып жатқан
ортаңғы құлақтың балғашық сүйекшесі көрніп тұрады. 
Ортаңғы құлақ дабыл қуысы, есту сүйекшелері және есту түтігі жатады. 
Дабыл қуысы самай сүйегінің тасша бөлігінде орналасқан саңылау тәрізді қуыс
болып келеді. Бұл қуыстың сыртқы қабырғалары болады. Сыртқы қабырғасы дабыл жарғағы
арқылы сыртқы дыбыс жолынан бөлініп тұрады., ал ішкі қабырғасында екі тесікше жатады.
Оның жоғарғы дөңгелек тесікшесін ұлу терезесі десе, төменгі сопақша тесікшесін кіреберіс
терезесі деп атайды. Бұл тесікшелер арқылы ортаңғы құлақ ішкі құлақпен байланыс
жасайды. Жоғарғы қабырғасы ортаңғы құлақ қуысын ми сауытының қуысынан, төменгі
қабырғасы –мойындырық ойысынан, алдыңғы қабырғасы –ұйқы ратериясының каналынан,
артқы қабырғасы –емізік өсіндісінің қойнау қуыстарынан бөліп тұрады. Дабыл қуысында үш
есту сүйекшелері жатады. Олар пішендеріне сәйкес балғаша үзеңгіше және төсше деп
аталынады. Бұл сүйекшелер бір –бірімен буынды қосылыстар жасап, дабыл қуысының
сыртқы қабырғасынан ішкі қабырғасына дейін өзара жалғасын жатады. Балғаша сүйектің
басы, мойыны, сабы болады. Есту (евстахиев) түтрігі ортаңғы құлақты жұтқыншақпен
жалғастырып тұрады, оның ұзындығы 3-4 см . Түтіктің ішкі аз бөлігі сүйектен, ал сыртқы
бөлігі шеміршектен түзілген. Ауа, жұтынған кезде осы түтік арқылы жұтқыншақтан ортаңғы
құлаққа еніп, оның ішіндегі ауа қысымын сыртқы ортадағы ауа қысымымен теңестіріп
тұрады. Бұның дабыл жарғағының ауа толқыны қысымынан жарылып кетпеуіне маңызы
зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет