Жарғақты лабиринт –жұқа дәнекер тканьді жарғақтан түзілген, ол сүйектің
лабиринттің ішінде орналасқан. Жарғақты лабиринттің ішінде эндолимфа жатады, сүйекті
лабиринт пен жарғақты лабиринттің аралығында перилимфа сұйықтығы жатады. Жарғақты
лабиринттің кіреберіс бөлігінің пішіні сүйек лабиринттің кіреберіс бөлігіне толығынан ұқсас
келмейді. Себебі, ол бір-бірімен тығыз байланыста жатқан жатырша мен қапшықтан
түзілген. Оның эллипс тәрізді жатыршасы үш жарғақты иірімді каналдармен байланысса,
дөңгелек қапшығы –ұлуға жалғасады. Ұлу жолы спираль пластинканың бос жиегі жағымен
өтеді, бұл жолдың пішіні (көлденең кесіндісінде) үш бұрыштыкеледі. Осы ұшбұрыштың бір
қабырғасындағы дыбыс толқынын қабылдайтын клеткаларды қортиев органы деп атайды.
Одан кіреберіс- ұлу нервісінің (преддверно-улитковый нерв) ұлу бөлігі басталады. Сонымен
ұлудың жарғақты бөлігі дыбыс қабылдайтын аппараттың маңызды бөлімі болып саналады.
Құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы артқы енген дыбыс толқыны дыбыс жарғағын
тербетеді. Бұл тербелу (импульсі) есту сүйекшелерінің тізбегінен кіреберіс терезесінде, одан
перилимфа сұйықтығы беріледі. Перилимфа сұйықтығы ұлу қабырғасындағы ұлу нервісінің
ұштарына одан орталыққа (миға) береді.
Лабиринттің кіреберіс бөлігі мен иірімді каналдары адамның тепе-теңдік аппараты
болып саналады. Олар арқылы адам денесінің және оның әрбір мүшелерінің сыртқы
жазықтықтағы жағдайы қабылданады. Осы кіреберіс бөлігі мен иірімді каналдардан қозуды
сопақша ми мен мишыққа беретін кіреберіс ми нервісі (нерв преддверия) басталады
.
ПЦК _______________________ № _____ Сабақтың оқу- әдістемелік жоспары Учебно- методический план занятий № _17_ Топ:
Күні: Тақырыбы/Тема: Дәм, иіс сезу және тері анализаторлары Cабақтың түрі/Вид урокаабақтың түрі/Вид урока: Тәжірибелік сабақ