Пәні бoйыншa Тaқырып: «Бaстауыш білім берудегі балалардың даму ерекшеліктері және жас кезеңдері» Oрындaғaн


Бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктері мен дамуы



бет3/6
Дата30.05.2022
өлшемі92,74 Kb.
#35946
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Аружан1

1.2. Бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктері мен дамуы
Бастауыш сынып оқушыларын өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеу, жеке тұлғасының өмірлік бағыт-бағдарын аныктайтын дүниетанымын қалыптастыру ересек адамдардың міндеті. Тәрбие, шын мәніңде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталтан.
Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері деңгейге олардың көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйхес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.
Бастауыш сынып жасындағы баланын салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 6 жастан 12 жаска дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 килограммнан 36 килограмға дейін артады. Осы жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, яғни, ол 5 жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызына тең болады.
Жүйке жүйесінін жетілуі де жалғасады. Жүйке жасаушалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. 7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықгары жетіле түседі және олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесіндегі бұл өзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің ірге тасы қалануына негіз болады. [7]
Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттер (манипулияцилық, пәңдік, ойын арқылы) сияқгы, оған ену тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды. Білім алу іс-әрекеті окушы баланың өзіне бағытталған іс-әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес, сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді. Жазу, есептеу, оқу және тағы баскдларына үйрену арқылы бала өзін -өзі өзгертуге қарай бағыттай алады, яғни, ол іс-әрекеттік және ақыл-ойлық қажетті әдістерді (оны қоршап тұрған мәдениетке тән) меңгереді. Рефлексиялы түрде, яғни, өз санасы арқылы өзінің психологиялық күйіне ой жұгіртіп, ол өзін бүрынғы және бүгінгі қалпымен салыстыра алады. Өзіндік өзгерістері өз бойындағы жетістіктері арқылы қадағаланады және айқындалады.
Білім алу іс-әрекетіндегі баланың маңызды әрекеті - бұл онын өз-өзіне деген рефлекциясы, жаңа жетістіктерін және болған өзгерістерді қадағалай алуы. «Бұған дейін қолымнан келмеді - енді келеді» , «Бұған дейін жасай алмадым - енді жасаймын», «Бұрын қандай боддым - қазір қандаймын», - міне, бұлар қол жеткізілгендер мен өзгерістердің терең рефлекциясы қорытындысына берілген негізгі бағалар. Баланың өзін-өзі үшін өзгеріс мәні және осы өзгерістерді өзі үшін жүзеге асыратын субъекті бола алуы өте маңызды. Егер бала өзінің өрлеуіндегі оқу іс-әрекетінің, өзін-өзі дамытудың жетілген түрінің рефлекциясынан қанағат алса, демек, бала оқу іс-әрекетіне психологиялық жағьшан толықтай кірісті деген сөз.
Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі калыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оку іс-әрекеті әлі де дамуды кажет ететін деңгейде болады. Оқу іс-әрекетіндегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашкы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс-әрекетіне ерікті түрде назар аударту ол балаға жеңіл тиеді.
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, баланың алдына оқу іс-әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оку іс-әрекетіне тез араласып кетуіне (бұл жағдайда ол білімді алуға қалыптасқан) себеп болады немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап, бірте-бірте өзіне деген сенімін жоғалтады, мектепті және оқуды ұнатпаушылық сезімін оятып, бұл тіпті баланың бойындағы әдетке айналады. Тәжірибеде бұл екі вариант та типтік болып табылады: білім алуға дайын тұрған балалардың саны да, бұл жағдаймен оқуға шамасы жетпейтін балалардың саны да өте жоғары.[8]
Оқу іс-әрекетінің жағдайында балаға оның ойын емес екендігін түсіндіруге тырысу керек, сонда ғана ол оқуға ат үстілікпен емес, ынтамен, шьш көңілмен назар аударып, өзін-өзі шынайы өзгертуге үйренеді. Балалар ойынға құрылған тапсырмалар мен оку тапсырмаларын айыра біліп, оқу тапсырмаларына құлқы болса да, болмаса да оны қалайда орындауы керектігін білуте үйренуі керек. Әрине, ойын баланың белсенді өмірінің аясынан шығып калмауы тиіс. Балаға оның енді «үлкен» екендігін, кішкентай балалар сияқгы ойьшшықгармен ойнап отыру ұят деген сияқгы сөздерді айтуға болмайды. Ойын тек қана балалықтың ғана іс-әрекеті емес, ол барлық жастағы адамдардың бос уақыттарында айналасып, көңіл көтеретін құралы. Әдетте бала адамдардың әлеуметтік қарым-қатынасы жүйесіндегі өзінің жаңа орнында ойынның мәнін бірте-бірте түсіне бастайды әрі ойнағанда да аса бір қүштарлықпен ойнайтын болады. Ойнай жүріп бала өзіне аса маңызды әлеуметтік дағды калыптастырады. «Балалар қоғамының» рөлі мен ережелері үлкендер қоғамының қалыптасқан ережелері туралы білуіне мүмкіндік жасайды. Ойын үстінде ынтымактастық пен бәсекелестік сезімі қалыптасады. Ал әділеттшік пен әділетсіздікке көз жеткізу, теңдік, лидерлік, бағыныштьшық, адалдық, саткьіндық әрекеттері баланың бойындағы жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады.[9]
Баланың дұрыс психикасының ерекшелігі - танып-білуге деген белсенділігі. Баланың құштарлығы өзін қоршаған әлемді тануға және осы әлемнің құрылысын өзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүріп тәжірибеден өтеді, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктің себебін ашуға тырысады. Ол мысалы, қандай заттардың суға батып кететінін, қандай заттардың калқып жүретінін біле алатын болады. Бала ой-қабілеті жағынан неғұрлым белсенді болса, ол соғұрлым сұрақгы көп қояды және әр түрлі сұрақтар қоятын болады. Баланы бәрі қызықтыруы мүмкін: Мұхиттың терендігі қандай? Су астындағы жәндіктер калай тыныс алады? Жер шарының көлемі неше мың километр болады? Бала білуге ұмтылады, ал сол білімді игеруі «Неге?», «Қалай?», «Неліктен?», деген сұрақгар арқылы игеріледі. Ол білімге сүйенге, жағдайды бағамдауға және өз сұрағына жауап табудың жолын іздеуге тырысуға мәжбүр болады. Кейбір мәселелер туа қалған жағдайда бала оны өзі шешуте тырысады, әрине, ол оны тек ойша ғана шеше алады. Бала болып жаткдн жағдайды бағамдайды және оған өзі ойша аралаып, іс-әрекет жасайды. Сол жағдайды шешу үшін образдармен іштей әрекеттесуден туындаған ой-көрнекі образды деп аталады. Образды ойлау — бастауыш сынып жасындағы баланың негізгі ойлау түрі болып табылады.
Мектепте оқыта бастағанда баланың ойлау жүйесі өзінің эгоцентризмімен, белгілі бір мәселелерді дұрыс шешуге қажет болатын білімінің жоқтығынан ойлау үрдісінің ерекше болуымен назар аудартады. Мысалы, бала өзінің білімдік тәжірибесінде заттардың ұзындығы, көлемі, салмағы сияқты ерекшеліктерін онша түсіне бермейді.
Білімінде жүйеліліктің жоқгығынан, түсніктерінің жеткілікті түрде даму дәрежесіне жетпегендігінен ойлау жүйесінде көріністі тек қана қабылдау логикасы басым болады. Мысалы, судың, құмның, пластилиннің және т.б. бірдей мөлшерін ыдысқа салғанда, ол заттардың сол ыдыстың қалыбын алғанын көріп тұрып, бірақ оны бағамдау баланын қабілеті жетпейді. Балалар ол заттардың әрқайсысының өзгерісін көрген сәтіндегі әр жағдайға тәуелділікте болады. Алайда бала төменгі сыныптардың өзінде-ақ кейбір деректерді салыстыра алатын, оларды біртұтас кескінде көре алатын, тіпті өз деңгейіңде тікелей көздерден алыс жатқан абстрактылы білім қалыптастыруға қабілеті жететін дәрежеде болады.[10]
Бала қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған танымдық белсеңділігімен өзі зерттей бастаған объектісінен ұзақ уақыт бойы назарын алмайды, бұл әрекеті ол оған қызықсыз болып қалғанға дейін жалғаса береді. Егер 6-7 жастағы бала өзі үшін аса маңызды ойъш ойнап жатса, ол одан екі немесе үш сағат бойы бас алмауы мүмкін. Сондай-ақ ол өнімді жұмыс жасауда да, мысалы, сурет салуға, ойыншықтарды құрастыруға, өзіне қажетті әлденелерді жасауға да осындай ынтамен кірісе алады.
Балалар назарының бір нәрсеге ұзақ қадалуы, оның сол өзі жасап отырған іс-әрекетіне деген ерекше ынтасымен көрсетеді. Егер бала өзіне ұнамайтын нәрсемен айналысып, соған ұзақ уақыт назарын салып отыруға мәжбүр болса, ол шаршайды, көңілі басқа жакқа алаңдай береді, тіпті ол өзін соншалықты бақытсыз сезінеді.
Үлкен адам сөзбен айту арқылы баланың назарын белгілі бір нәрсеге бұрып, ұйымдастыра алады. Ол оған тапсырманы орындаудың қажет екеңдігін түсіндіреді және оны қалай жасау керектігінің әдісін де айтады /Балалар, альбомдарынды ашындар.
Қызыл қарындашты алындар да қағаздьщ сол жақтағы бұрышына, міне, мына жерге дөңгелек сызындар және т.б./[11]
Бастауыш сынып жасындағы бала белгілі деңгейде өзінін атқаратын жұмысын өзі де жоспарлай алады. Мұңдай кезде ол не істеу керек екендігін және неден кейін нені орындау керек екендігін өзіне-өзі күбірлеп айтатынын да байқаймыз. Бұлайша жоспарлау, сөз жоқ, баланың назарын жүйелеп, ұйымдастырады.
Алайда, бала төменгі сыныпта жүрген кезінде-ақ өзінін мінез-құлқын өзі үйлестіре алады десек те, оның назарынын өз еркінен тыс басқа жақка тез ауып кету жағдайлары көбірек болады. Балаларды біртектес, тез жалықтыратын немесе қызғьшықты болса да, бірақ ойлануды қажет ететін жұмыстар тез жалықтырады. Ал бала назарының анда-санда басқа жаққа ауып отыруы оны тез шаршаудан сақтайды. Бұл ерекшелік’ ойынның сабаққа кірісуте мүмкіндік беретін маңызды элемент екендігін көрсетеді және іс-әрекетті онымен жиі алмастырып отыру керек болатынын дәлелдейді. Төменгі сыныпта оқитын балалар интеллектуальды тапсырмаларды назарында ұстауға қабілетті, алайда бұл ерекше ерік-жігерді және үлкен ұйымдастырушылықгы қажет етеді.
Бастауыш сынып жасындағы бала әртүрлі жағдайларды өз қиялында бейнелей алады.
Ойын үстіндегі бір затты екінші затпен алмастырып көру арылы баланың қиялы іс-әрекеттің басқа түрлеріне ауысады. Оқу іс-әрекетінің жағдайында бала қиялына арнайы талаптар қойылады, олар бала қиялын өз күшімен әрекет етуге ұмтылады. Мұғалім сабақта балаларға заттардың, бейнелердің, белгілердің қайта пайда болу жағдайын көз алдарына еслестетіп көруі жөнінде тапсырма береді. Бұл оқу талаптары бала қиялының дамуына мүмкіндік береді, алайда оны арнайы құралдармен пысықтап отыруға тура келеді, әйтпесе баланың өз қиялын өз күшімен ілгері жылжытуы қиын болады. Ол кұралдар заттар, схемалар, макеттер, белгілер, графикалық бейнелер және т.б. болуы мүмкін.
Әртүрлі оқиғалар, «өлендер» ұйқастыру, ертегілер ойлап табу, түрлі кейіпкерлерді бейнелеу арқыл бала өзіне белгілі оқиғаларды, өлең жолдарын, графикалық бейнелерді өзі де байқамастан айта бастауы мүмкін. Баланың өзіне белгілі оқиғаларды әдейі бір-біріне қосып, өз кейіпкерінің сапалық жақгары арқылы жаңа бейнелер жасауы да жиі кездеседі. Егер баланың сөйлеу және қиялдай алу кабілеті жетілген болса, егер ол сөздің мәні мен мазмұнынан пайда болғ ан рефлексіне көңілі қанағаттанса, онда ол кәдімгідей мәні бар мазмұндағы оқиғаларды айтып, тіпті, өзінің ойлап табушылық кабілетінен шабыт алып, басқа адамдарды да қосып жаңасын ойлап тауып, оны әңгімелеп бере алатын болады. [12]
Бала өз қиялында қауіпті де үрейлі жағдайларды да тудыра алады. Ең бастысы -тапсырманы орындаудағы қиындықгы жеңу, дос табу, жарыкқа шығу, қуанышты сәтті бастан кешіру. Қиялдағы оқиғаны жасау және оны өрістету кезінде санаға түсетін салмақ, мазмұнды баскару, кейіпкерлердін әрекетін тоқтату және оған кайтып оралу әрекеттері бала қиялын ерікті шығармашылық қызмет ретінде жаттықгырады.
Оның үстіне, қиял әсер беретін іс-әрекет ретінде көрініс табады. Бала шынайы өмірдегі қиылдықтарды бастан кешіріп, өз басындағы жағдайды тығырыкқа тірелгендік деп түсінген шақта, ол өз қиялындағы әлемге кетіп қала алады. Мысалы, әкесі жоқ болса, бұл баланың жанын жаралайды, ал ол қатты қиналған кезінде өз қиялыңда ең керемет, мейірімді де ер жүректі әкеге ие бола алады. Киял өз мазмұны бойынша кандай да бір адам сенгісіз нәрсе сияқгы болып көрінгенімен, шынайы әлеуметтік кеңістіктің нормативтеріне сүйенеді. Бала өз қияльшда мейірімділікті немесе қатігездікті көруі арқылы, ол болашақтағы өз іс-әрекеттеріне мазмұн болатын жағдайларға бейімделе алады.
Қиялға берілуі үлкен адамға карағанда баланын өмірінде үлкен рөл аткарады, қиялдьщ жиі көрініс беруі арқылы ол шынайы өмірде көбірек қателеседі. Қиялдың шаршауды білмейтін жұмысы баланың қоршаған ортаны тануға және игеруге мүмкіндік беретін, өзінің өмірлік тәжірибесінің шеңберінен шығып кетуте жағдай жасайтын маңызды жолы болып табылады, ол шығармашылық қабілеттің дамуының маңызды психологиялық алғы шарты және әлеуметтік кеңістіктің нормативін игерудің тәсілі. Соңғысы қиялдың жеке тұлғаның өзіндік ерекше сапасының мүмкіншшігімен тікелей жұмыс істеуте мәжбүр етеді.[13]
Ақыл-ойдың дамуына оку іс-әрекеті ерекше әсер етеді. Әсіресе оку жүйесінде сөйлеу кабілетін меңгерудің және дамытудың айқындауыштық маңызы бар. Сөйлеу қабілетін бағдарлама бойынша дамыту мақсатында баланы оқытудың және дамытудың мынадай түрлері болады; біріншіден, нормаға сәйкес әдеби тілді меңгеру, екіншіден, оқи және жаза алу. Оқи білу де, жаза білу де — тіл жүйесіне, оның фонетикасына, таңбалануына, лексикасына, грамматикасына, орфографиясына сүйенетін сөйлеу дағдылары. Үшіншіден, оқушылардьщ сөйлеу мәдениетінің белгілі бір талап деңгейіне сәйкес келуі, яғни, ол оқушы деген атқа ие болғандықтан да сол деңгейден төмен болмауы тиіс.
Бастауыш сьшып жасындағы бала үлкендердің сөзін бірте-бірте толық және дәл қабылдау, өз бетінше оқып, радио тындау дәрежесіне жететін болады. Ол сөз әлеміне қиындықсыз араласып, онын мазмұнын бағамдай алатын болады, яғни, әңгіменің не хуралы болып жатқанын ұғынып, сөздің негізгі тақырыбының дамуын қадағалап, соған сәйкес сұрақтар беруге және диалог құруға шамасы жететін болады. Бала өзінің сөздік қорын ынталы түрде кенейтуте ұмтылып, өзі үйренген сөздер мен сөз тіркестерін жиі пайдалануға, қарапайым грамматикалық түрлер мен құрылымдарды менгеруте тырысады. Мұның бәрі баланың сөйлеу қабілетінің және ақыл-ой қабілетінің дамуындағы жетістіктер.[14
Тіл меңгеру базасында жаңа әлеуметтік қатынастар пайда болады, олар баланың ойлау жүйесін байытып және өзгертіп қана қоймайды, сонымен бірге, оны жеке тұлға ретінде қалыптастырады. Бала мектепке барған кезден бастап, оның сезімталдық дамуы оны қоршаған сырт адамдарға және оның сырттан алған тәжірибесіне қатысты болады.
Баланың үрейленуі өзін қоршаған ортаны қабылдауының санада сәулеленуі болып табылады, ал қоршаған орта бала үшін біртіндеп кеңейе береді. Үрейдің негізгі бөлігі отбасындағы, мектептегі және өз құрбылары арасындағы жағдайлардан құралады. Өткен уақыттағы адам түсіндіріп бере алмайтын және ойдан құрылған қорқыныштары бірте-бірте күнделікті тіршіліктің толып жаткан саналы мәселелерімен алмасады. Ал баланың үрейленуіне негіз болатын алда тұрған сабақ немесе укол, тіпті түрлі табиғи құбылыстар немесе жора-жолдастарының арақатынасы болуы да мүмкін.
Бұл жастағы балаларда бірте-бірте оларға тән; мектепке барғысы келмеу әдеті пайда болады, оған жаңа өзіміз айтқан үрей қосылады. Осындай жағдайға тап болған балада бас ауруы пайда болады, құсады, басы айналады. Мұның бәрі құр сылтау емес, сондықтан да оған дұрыс көңіл бөлу керек. Әдетте мұндай балалар жақсы оқиды, ал олардың қорқыныштары жаман баға алып қаламын дегендіктен емес, негізінен ата-аналары үшін, әсіресе анасы үшін аландағандықтан туындайды, мысалы баласы үшін олардың мұңға батып, қайғы-қасіретте қалуы оны қатты аландатады. Ата-аналар баланың көзінше өз аландаушылықтарын, күдіктері мен толқыныстарын айтады, сол арқылы баланың бойында өз ата-анасы үшін аландаушылық пайда болып, әсіресе олардың мектеп алдындағы жағдайын ойлап, бала үрейлену сезіміне беріледі, сөйтіп бәріне ата-ананың өздері себеп болады. Өздеріне өздері онша сенімді емес ата-аналар баланың үнемі өз қастарында болуын қалайды. Олардың саналы түрде баладан айырылмауы баланың тәуелсіздікке, табаңдылыққа деген ынтасын жояды.
Сабақ алдында үрейлену әдеті пайда болған баланы тезірек мектепке қайтару керек болады. Басы ауырып тұрғанына немесе басқа да сәл нәрсені сылтау еткеніне ерекше көңіл аудару сол белгілердің күшейіп кетуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Кейде тіпті баланың көңіл-күйінің жоқтығы мен шағымына көңіл аудармау керек болады. Баланы тындап отырғаннан да, оны мектепке баруға достық ниетпен қалай да көндірген дұрыс.[15]
Бастауыш сынып жасындағы балалардың ішіндегі ер балалардың 5-8 пайызының, қыз балалардың 1 пайызының ерекше белсенділігі байқалады, бірақ бұл әзірге психикалық ауытқу емес. Алайда бұл жағдай баланың эмоционалдық, ақыл-ой, интеллектуалдық дамуының кешеуілдеуімен қатар жүреді. Мұндай мінез-құлық жүйкеге күш түсуінен пайда болуы да мүмкін және ол баланың жүйкесін ерекше қоздырып жібереді. Аса белсенді балалар берілген тапсырмаларды орындауда қатты қиыналады, себебі оларға өз назарын бір жерге аударып, тыныш отыру өте қиын. Мұндай балалар, әдетте, ата-аналар мен мұғалімдердің ерекше назарында болуы керек.
Мектеп оқушыларында болатын ерекше белсенділіктің себебі әлі күнге дейін толық анықталған жоқ, бірақ көптеген жағдайларға байланысты белгілі бір пайымдаулар айтылып жүр. Мысалы, сарапшылар мұндай жағдайды орталық нерв жүйесінің генетикалық әсерімен түсіндіреді. Көптеген зерттеушілер оның себептерін күңделікгі ішіп жүрген тағамнан, баланың өзінің ерік-жігерінен, оның өрескел қылықгарына қолдау көрсетушіліктен іздейді. Бүтінгі танда мұндай келеңсіз жайттардың алдын алу мен емдеудің түрлі әдістемелері қолданылып жүр. Кейбір дәрі-дәрмектер белсенді балаларды тыныштандырады. Сондай-ақ кең таралған әдістің бірі-тағамның құрамынан қантты, жасанды дәмдеуіштер мен тағамға қосылатын заттарды алып тастау арқылы диета қолдану. Баланың мінез-құлқына ата-ана мен мұғалімдер тарапынан үнемі және табанды бақылаудың жасалуы және сыртқы әсерді, мысалы, қоғамдық орындарда көңілді тыныштандыратын көгілдір жарықтың түсірілуі жақсы нәтиже береді.
Осы және осыған ұқсас басқа да әдістемелер баланың бойындағы ерекше белсенділікті бәсендетуге мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде оқушының сабақ үлгерімін жақсартуына, сыныптағы, үйдегі, көшедегі мінез-құлқының жақсаруына себеп болады. Әрине, емдеудің бірыңғай тәсілі жоқ. Бұл жағдайда мамандар оны емдеудің бірнеше тәсілін бір мезгілде қолданады, бәлкім, оған жүйелі түрде қарау керек шығар.
Мектепке барған алғашқы жылдарында балалар әлі де үлкендер тарапынан қамқорлықты қажет етіп тұрса да, бірте-бірте ата-аналарынан өздерін алшақ ұстайды. Балалардың ата-аналарымен қарым-қатынасы, отбасының құрылымы және ата-аналардын өзара қарым-қатынасы балаға қатты ықпал етеді, алайда, сыртқы әлеуметтік ортамен араласының кенеюіне байланысты енді оларға үйден тыс жердегі ықпал етуі күшейе бастайды.
Бастауыш сынып жасындағы бала үшін ең маңыздысы -педагог. Балаға қарап жылы жүзбен жымиюдың аса маңызды әсері туралы И.М.Юсупов былай дейді: «Педагогикалық қарым-қатынаста балаға қарап жымию баламен диалогтың ең қажетті құралы болып табылады. Сөйлесетін адамың неғұрлым кішкентай болса, ол өзінің іс-әрекетіне үлкендердің соғұрлым үнсіз де жылы жымиысына баға беруін қажетсінеді.
Тек қана оқу процесінде емес, жай қарым-қатынастарда да бастауыш сынып жасындағы балалар мен жасөспірімдерді жылы жымиыспен ынталаңдырудың маңызы зор. Сондықтан да педагогтың вербальды емес қарым-қатынаста өз бет әлпетінің жылығымен әсер етуге сарандьпы бала мен педагог арасындағы онсыз да үлкен жас айырмашьшығын одан сайын кашықтатпақ».
Үлкендердің баламен әр түрлі қарым-қатынасы және олардың балаға беретін бағасының сипаттамасы оның бойындағы өзіне баға бере алу қасиетін дамытады. Бір жағдайда оның өзінің ақылды екендігіне сенімі артса, басқа бір жағдайларда өзінің көріксіз немесе қателігін мойындайдьі. Үлкендердің тікелей әсер етуімен баланың бойында пайда болатын осындай өзіне өзі баға берушілігінен оның басқа адамдарға да баға беруінің негізі қаланады.
Мектеп оқушъшарының өз арасындағы қарым-қатынастары үнемі өзгеріп отырады. Баланың 3 жастан 6 жасқа дейінгі аралықтағы қарым-қатынастары негізінен ата-аналардың бақылауында болатын болса, 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта мектеп оқушылары көп жағдайда ата-ана назарынан тыс қалады.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың достық қарым-қатынастары негізінен қыз бала мен қыз баланың, ер бала мен ер баланың арасындағы достыққа әкеледі. Ата-аналарымен арасындағы байланыстын бұрынғыға қарағанда босаңсығаны себепті бала енді өзінің жора-жолдастарының қолдауына көбірек сүйенетін болады. Сонымен бірге оған енді өзінің эмоционалдық кауіпсіздігін де қамтамасыз етуіне тура келеді.
Демек бала үшін өз құрбы-құрдастары өзіндік бір рөл атқара бастайды, яғни, ол соларға қарай отырып, бұдан әрі қарай ата-анасы көрсеткен жолдың ішінен қайсысын алуы керек, ал қайсысынан бас тарту қажеттігін тандай бастайды. Мектеп жасындағы балалар әдетте жынысына, өз отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне қарай өзіндік топтарға бірігеді. Осылайша бастауыш сынып жасы маңызды жағдаймен, яғни, баланың мектепке баруымен айқындалады. Мектептегі жаңа әлеуметтік жағдай бала өмірінін бұрынғы өзі үйренген қалыбынан гөрі тереңдеу әсер береді әрі баланың жүйкесіне салмақ түсіреді.[16]
Бастауыш сынып жасы-бұл айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастау, білім жинақтау, осыларды басымдылықпен игеру кезеңі болып табылады. Осы бір аса маңызды өмірлік функцияны табысты орындау баланың өзіне тән бейімділігінің осы жаста қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды, яғни, ол мынадай бейімділіктер: адамның беделіне зор сеніммен қарауы, кездесетін барлық жағдайларды тез қабылдап, оған тез әсерленгіштігі, аңғал да ойын баласының қарым-қатынасы.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың бойындағы осы аталған бейімділіктердің әрқайсысы тек жақсы жақтарымен ғана көрініс табады, ал ол осы жастағы балаларға ғана тән қайталанбас ерекшеліктер болып табылады.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың кейбір ерекшеліктері жылдар сайын жойылып отырады, кейбір ерекшеліктерінің маңызы өзгереді. Мұндай жағдайдың балалардың бойында көрініс табуы олардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі деңгейде болатынын атап көрсету қажет.
Міне, балалардың танымдық мүмкіндіктеріне өзіміз қарастырған осы ерекшеліктер зор ықпал етеді және ол баланың жалпы дамуының келешегінің алғы шрты болып табылады.[17]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет