Пәні: Экология және тұрақты даму



бет3/4
Дата28.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#45907
1   2   3   4
Байланысты:
Тұрақты даму тұжырымдамасы

Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық (бүкілдүниежүзілік) объектілерін қорғау, яғни жеке ұлттық мемлекеттерге жатпайтын табиғи объектілерді қорғау. Оларды бірнеше топқа бөледі:
-барлық мемлекеттер пайдаланатын объектілер (атмосфералық ауа, Дүниежүзілік мұхит, Антарктида, Космос);
-екі немесе бірнеше мемлекеттер пайдаланатын объектілер (мысалы, шекаралық сулар, Балтикалық немесе Қара теңіз, Дунай өзені, Каспий теңізі);
-әртүрлі елдер аймақтары бойынша ауысатын объектілер (қоныс аударып отыратын жануарлар).
Қоршаған ортаны қорғау облысы бойынша халықаралық қауымдастықтар түрлері әртүрлі келеді. Яғни:
-табиғи ортаны қорғау бойынша халықаралық ұйымдар;
-халықаралық (екі жақты немесе көп жақты) келісімдер, конвенциялар;
-халықаралық келісімдердер бойынша мемлекеттердің ұсыныстары.
Қазіргі кезде экология мәселесімен айналысатын халықаралық ұйымдар жұмыс жасаудағы ең беделдісі – Біріккен Ұлттар Ұйымы. Оның негізгі бағыттарының бірі- табиғатты қорғау облысында келісіммен жұмыс істеу. Генералдық Ассамблеяда маңызды сұрақтарды қарастырады, резолюциялар мен декларациялар қабылдайды, халықаралық конференциялар өткізеді. БҰҰ адамды қоршаған ортаны қорғаудың арнайы принциптерін тауып, бұл Стокгольм конференциясындағы Декларациясында (1972 ж) және табиғаттың Дүниежүзілік Хартиясында (1982 ж) қабылдады.
Қоршаған ортаны қорғаудың арнайы халықаралық ұйымы БҰҰ-да жұмыс істейді.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша БҰҰ-ның арнайы органы қоршаған ортаны қорғау бойынша ұзақ мерзімді бағдарламасын жүзеге асыруда, ол үшін БҰҰ Генералды Ассамблеясы Қоршаған орта қорын құрды.
Білім бері, ғылым және мәдениет сұрақтары бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЭСКО) қоршаған ортаны және оның ресурстарын зерттеуді ұйымдастырады, онда «Адам және биосфера», «Адам және оны қоршаған орта» бағдарламалары бекітілген.
Денсаулықты сақтаудың дүниежүзілік ұйымы қоршаған ортаның гигиенасы, атмосфералық ауаны қорғау проблемаларымен айналысады.
Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудың халықаралықодағы (МСОП) әкімшіліктік, ұлттық және халықаралық ұйымдар, сондай-ақ жеке адамдар арасындағы қоршаған ортаны және табиғатты қорғау туралы сұрақтар бойынша бітімдер жасаумен айналысады. МСОП халықаралық Қызыл кітапты (10 том) ұсынды.
Жалпы халықаралық-құқықтық келісімдер қоршаған табиғи орта бойынша сұрақтарды да қозғауы мүмкін.

Табиғи ресурстардың таусылуы және қоршаған ортаның өзгеруі адамзат қоғамының дамуына экологиялық қауіп туғызып, адамдардың әртүрлі топтарының, барлық елдердің үкіметтік және үкіметтік емес мекемелердің алаңдатушылығын туғызып отыр. Осы себепке байланысты 20 ғасырдың соңғы төрттен бір бөлігі табиғатты пайдалануға, тұрақты дамудың ұстанымдарын игеруді аяқтауға жаңа жолдар қарастыруда.
1972 жылы Стокгольмде өткен конференцияда 113 елдің өкілдері алғаш рет дамыған елдер өткен экономикалық даму тағыда қайталанатын болса оның өркениеттің жойылуына әкеліп соғатынын болашағымыз» тақырыбында доклад дайындады.
Онда ТД-дың негізгі ұстанымдары алғаш рет жасалынды. Онда келтірілгендей, әлемдік экономиканың дамуы планетамыздың экологиялық мүмкіндіктеріне байланысты анықталуы тиіс. Осыған байланысты кез-келген елдің экономикалық дамуы өнімі мен ақшасына ғана байланысты анықталмайды.

1983 жылы ҚО және даму бойынша Дүниежүзілік комиссия «біздің жалпы даму бойынша 1992 жылы Рео-де-жанейрода өткен БҰҰ конференция «XXI ғасырға күн тәртібін» қабылдады. Ол әлемдік қоғамдастықтың болашаққа стратегиясы болып табылады, сондай-ақ негізгі мақсаттарға - ҚО жоғарғы сапасына және барлық мемлекеттер өмірінде экологиялық қауіпсіз экономикаға жетуге бағытталған. Осы құжатта айтылғандай, адамзаттың бұрынғы деңгейі сын көтермейді, яғни планетамыздың табиғи ресурстарының көп бөлігі таусылды, ал экологиялық жағдай барған сайын қиындап бара жатыр. Сондықтан да тұрақты дамуға көшу қажет.
Тұрақты даму үштіктегі маңызды индикаторлардың: адам-шаруашылық-табиғат тиімді динамикасын қалайды, яғни олар социалды, экономикалық және экологиялық ортаның қозғалысын тұрақты түрде қамтамасыз етуі тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, тұрақты даму қазіргі және болашақ ұрпақтың әлеуметтік-экономикалық мұқтаждығын ҚО-ға зиянын тигізбей қамтамасыз етуіне бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет