Пәні: ӘСБ2 Саясаттану Курс: 2 Тобы


Ә.БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ЕЛ БАСҚАРУ ІСІНДЕ ҰСТАНҒАН НЕГІЗГІ 5 ИДЕЯСЫ



бет3/3
Дата01.04.2022
өлшемі2,58 Mb.
#29562
1   2   3
Ә.БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ЕЛ БАСҚАРУ ІСІНДЕ ҰСТАНҒАН НЕГІЗГІ 5 ИДЕЯСЫ
  • 1911-14 «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.
  • Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кірісті. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында Екінші жалпықазақ съезі Алаш автономиясы жарияланып, Ә. Бөкейхан сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.
  • 1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейхан қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.
  • Әлихан «Ресей. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды.
  • XIX ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысқал ол 1896 жылы көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен Орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланған.
  • 1904 жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина экспедициясының құрамында болды. 1911-14 жж. Әлихан Бөкейхан «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысты.  Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері осындай көп еңбектенудің арқасында өз ұлты туралы көп нәрсеге көзі жетеді.

Қорытындылай келе, менің Әлихан Бөкейхановты таңдаған себебім ол саналы ғұмырын ұлтына арнаған, қарақан басының қамынан гөрі ұлтының тағдырын биік қойған, халқының келешегін ойлаған, әрі сол жолда басын бәйгеге тіккен аяулы тұлға. Бір емес бірнеше ғылым саласын бірге алып жүрген ғұлама дарын. Қазақ әдебиеті тарихында, жалпы қазақ тарихында Әлиханның алатын орны әрқашан да ерекше, шоқтығы биік болмақ! Әлихан Бөкейханов – қазақтың ұлтының нағыз жанашыры, Алаштың арысы!

Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет