Пәні: «Философия» Дәріс тақырыптары: 1 Дәріс



бет14/16
Дата01.02.2023
өлшемі65,31 Kb.
#64377
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
14 Дәріс. «Дін философиясы»

Ғылым мен техниканың дамуына, адамзаттың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына толыққанды жағдай жасаған XX ғасыр да тарих қойнауына енді. Өте ерте заманда-ақ пайда болған дін әлі күнге өз позициясын адамзат санасының басқа түрлерінің алдында бермей келеді. XXІ ғасырда түрлі конфессиялар мен діни ұйымдар ойдағыдай әрекеттесуші институттар ретінде өркениеттің бір саласы болып өмір сүре бермек. Діннің тұрақты сақталып келе жатқаны факт болып табылады. Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын феномендер. Дін қоғамдық құбылыс, ал қоғам мемлекеттің субстанциясы. Бүгінгі таңда әркім өзінің діни сеніміне берік бола отырып, ортақ адамзаттық келісімге келу өркениеттік сананы қажет етпек. Өркениеттік сана дегеніміз әрбір адамның өз болмысымен, дінімен, елдік санасымен бірге адамзатқа ортақ мәселелер туралы келелі сөздер айта білуі. Халықтар, елдер арасында, діндер арасында ұрыс-керіс, жанжал емес, бүгінгі бұрқ-сарқ етіп қайнап тұрған XXI ғасырда мәдени сұхбат қажет.


Дін – қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі, қаншама ғасырлар бойы адамзат баласы діннің мән-мағынасын ашып көрсетуге талпынып, қаншама ұлағатты істер атқарды. Дін мағынасына анықтамалық теория беру де оңай емес. «Религия» терминіне келетін болсақ, латын тілінен аударғанда «байланыс» дегенді білдіреді. Адам Абсолютпен (ең кемел бағдарлаушымен) байланысын сезінеді, бұл адамның табиғатымен бітіскен қасиеті. Барлық діндерге ортақ мүдде – адамдардың бейбіт өмір сүруі. Егер адамдардың құдайға деген сенімдері, дінге деген сенімдері қалыптасса, бейбіт тіршілік ету мәселесі де шешіледі. Дін адамның ішкі жан дүниесінде мейрімділік, шыншылдық, махаббат деген сенім мен үмітті қалыптастырады.
Дін – дүниеге көзқарас және дүние түйсінімі, сондай-ақ осыларға сәйкес мінез-құлық пен ерекеше іс-әрекеттер (табыну). Ол Құдайдың немесе құдайлардың өмір сүруіне, оның табиғаттан тыс екендігіне сенуге негізделеген. Философиядағы сияқты дінді де әңгіме адамдар өз өмірінде негізге алуы тиіс дүние туралы ең жалпы түсінімдер туралы болады. Өйткені дін адамның дүниені түсіндіру мен өзін-өзі түсіну әркеті мен қажеттігі ретінде пайда болған.
Әдетте, діни түсінімдер құдай туралы, дүниені құдайдың жаратқаны, жанның өлмейтіндігі, адамның орындауы тиіс құдай өсиеттері және т.б. туралы ілімде білдіріледі. Бұл іргетастық діни идеялар өз сипаты бойынша философиялық идеяларға ұқсас. Алайда олар дін шеңберінде негізделмейді, сенім негізінде қабылданады және ешқандай сынға ұшырауға жатпайды. Философия болса, өз тұжырымдарын дәлелдеуге ұмтылады. Ол логикалық пайымдаулардың көмегімен идеялардың теориялық жүйелерін дамытады және бұл ретте өз қорытындыларын үнемі сынға ұшыратады. Философиялық ой қасаң қағидалардан азат болуы тиіс, ал кез келген дінде оларға қандай да бір күмән келтіру күнә ретінде айыпталатын қағидалар бар.
Философия автономды, онда зерде ешқандай қысымға бағынбайды және барлық шешімдерді өзі қабылдайды. Дін өктемшіл, ол адам зердесіне белгілі бір «зердеден тыс» қағидаларды тықпалайды. Философияда рационалдық үрдістердің дамуы оның теологиямен (құдайылық іліммен) – құдайдың мәні және іс-әрекеттері туралы ілімді негіздеудің діни-философиялық жүйесімен шұғыл жік ажыратуына әкелді. Мұны бірқатар ойшылдар (Декарт, Спиноза, Кант, Гегель, Рассел және басқалар) жүзеге асырды.
Алайда құдай болмысын дәлелдеу, діни догматтарды рационалды негіздеу міндеті қойылған кезде дін философиямен етене жақындаса түседі. Мұндай міндет қою діни философияның құрылуына әкеледі. Алайда бұдан діни ілім философиялық ілімге айналмайды: оның өзі емес, оны негіздеу философиялық болып шығады. Философия мен діннің арақатынасын мынадай сызбада ұсынуға болады: Әртүрлі діни-философиялық доктриналар бар, оларда діни мазмұн дәлелдемелермен бекітіледі. Бірақ дінмен үйлеспейтін толып жатқан философиялық ілімдердің өмір сүретіні де өз-өзінен түсінікті. Философтар дінге сенушілер де, атеистер де болуы мүмкін.
Дін философиясының пәндік саласы діннің дүниеге көзқарастық проблемаларын зерделеу, діннің негізінде жатқан жалпы идеялар мен принциптерді зерттеу болып табылатынын түсіну маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет