Пәні: Газдардың кинетикалық теориясы және термодинамика Қабылдаған: Батырбекова А



бет4/4
Дата27.11.2023
өлшемі86,54 Kb.
#128884
1   2   3   4
Байланысты:
Ару газ бөж

4.Жылусыйымдылық теориясы
Жылу сыйымдылығы — дене температурасын 1°С-ге немесе 1 калорияға жоғарылату үшін берілетін жылу мөлшері. Яғни, дененің (заттектің) қандай да бір процестегі күйінің мардымсыз шексіз өзгерісі кезінде алатын жөне оларға температураны жоғарылату үшін қажет болатын жылу мөлшері. Массаның жылу сыйымдылығының бірлігі меншікті жьлу сыйымдылығы деп аталады. Жылу сыйымдылығының қысымы тұрақты газдар үшін С және көлемі тұрақты газдар үшін С болып ерекшеленеді. Бірінші жағдайда дененің жьлулық ұлғаюына байланысты (дененің геометриялық өлшемдерінің өзгеруіне) сыртқы күштерге қарсы механикалық жұмыс жасалады, ал екінші жағдайда дененің жылуы кезінде оның геометриялық өлшемдері өзгермейді және энергиясын ұлғайтуға жұмсалады. Қысым тұрақты болған кездегі жылу сыйымдылығы көлемі тұрақты болған кездегі жылу сыйымдылығынан үнемі артық болады. Судың 15°С кезіндегі жылу сыйымдылығы Ся бірге тең деп алынады. Қалыпты қысым (1 атм.) Және температура 50°С болғанда ауаның меншікті жылу сыйымдьшығы 0,24 кал/ г.град. тең. Көлем тұрақты болған кезде С — 0,17 кал/г.град; су буы үшін (темпе-ратура 0°С болғанда) Ср = 0,44 кал/г.град және С = 0,34 кал/г.град. Меншікті жьшу сыйымдылығының дененің тығыздығына көбейтіндісі көлемдік жылу сыйымдылығы деп аталады.
III.Қорытынды
Термодинамика негізінен термодинамиканың бірінші және екінші заңдары деп аталатын екі заңдылыққа сүйенеді. Олардың екеуі де өмірдегі, өндірістегі тәжірибелерді жинақтап, қорытып, тұжырымдаудан пайда болған. Термодинамика бірінші заңының биологиялық процестерді зерттеудегі маңызын қарастырайық. Термодинамиканың бірінші заңы табиғаттағы әмбебап заңдардың бірі, өйткені ол тірі организмдер үшін де қолданылады. Тірі организмдегі әрбір процесс энергияның қатысуымен жүреді. Мысалы, салмағы 80 кг кісі тыныштык, жағдайында, яғни ешбір физикалық жұмыс істемегенде тәулігіне өзін қоршаған ортаға 1200 ккал шамасындағы жылу та- ратады екен. Организм дүрыс жұмыс атқару үшін онда зат алмасу процесі жүру керек. Бұған да энергия қажет.кез келген тағамның анық химиялық құрамын, дәл формуласын көрсету мүмкін емес. Әйтсе де, олардың организмде тотығуы нәтижесіндегі жылу арқылы, яғни термодинамиканың бірінші заңына құрамдас болып енетін термохимия немесе гесс заңын пайдаланып, әлгі тағамдардың калориясын есептеуге, анықтауға болады. Алайда, мұндай есентеулер организмде болатын құбылыс жайлы толық және нақтылы дерек бермейді, өйткені тағамдар организмде тотыққанда, кәдімгі химиялық рсакция кезіндегідей толык жанып, көмір қышқыл газы, су және азот бере бермейді, организмдегі тағам көбіне жартылай ыдырап, басқа күрделі органикалық қосылыстар түзеді.

IV.Пайдаланылған әдебитеттер тізімі:
1.Физика және астрономия” Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық Р.Башарұлы; У.Тоқбергенова; Д.Қазақбаева. Алматы “Атамұра” 2012ж
2.Stud.kz
3.Кабашев Р.А. ж. Б. Жылу техникасы: Оқулық/ Р.А. Кабашев, А.К. Қадырбаев, А.М. Кекилбаев. -Алматы: «Бастау» баспаханасы, 2008. – 425 б

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет