ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Ғ. ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА және БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Жылу энергетикасы және басқару жүйелері институты
Электрмен жабдықтау және энергияның жаңғыртылатын көздері кафедрасы
№1 ЕСЕПТІК СЫЗБА-ЖҰМЫСЫ
Пәні: Кәсіпорындарды электрмен жабдықтау және электр жабдықтары
Тақырыбы: Энергияны үнемдеу: мотор отынын үнемдеу
Нұсқа: 9
Мамандық: 5В071700- «Жылу энергетикасы»
Группа: ТЭ(ЭЭ)к-18-2
Орындаған: Тлеугалиев Руслан
Қабылдаған: аға оқытушы Жунусова Гульназ Сайпудиновна
________________ «______» _____________2021 ж.
Алматы 2021
ЖОСПАР
КІРІСПЕ.........................................................................................................4
2Электр энергиясын үнемдеу.......................................................................5
2.1Табиғаттағы энергия көздерін тиімді пайдалану жолдары..................5
2.2Тұрмыста энергия шығынын азайту жолдары......................................7
2.3Энергия көздерін тиімді үнемдеу бойынша ұсынымдар....................13
2.4Мотор отынын үнемдеу.........................................................................15
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................19
КІРІСПЕ
Энергия қорларын үнемдеу 21-ғасырдың аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бүгінгі күнде әлемнің өнеркәсібі дамыған барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу мәселелері қарқынды шешілуде. Көмірмен және көмірсутегімен жұмыс істейтін жаңа ЖЭС салуға инвестициялар тарту экологиялық проблемалардың тереңдеуін білдіреді. Қайта жаңаратын жергілікті энергия көздері, әсіресе электр энергиясынан тапшылық көретін аудандар үшін, орталықтандырылған экономикалық баламалы энергия үнемдеу болып табылады. Осыған байланысты, Министрлікте «Қайта жаңаратын энергия көздерін қолдау туралы» Заңының жобасы әзірленді. Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы табиғат ресурстарының орынды пайдаланылуы және қоршаған ортаның ластануы, ескірген және «лас» технологиялардың бақылаусыз енуі, қайта жаңаратын қорлардың тиімсіз пайдаланылуы проблемаларын шешу үшін Қазақстан Республикасының тиімді заңнамалық базасын қалыптастыру мақсаты қойылған Жолдауын іске асыруға бағытталады. Қайта жаңаратын энергия көздерін пайдалану үлесін көбейту, өндірістің энергия сыйымдылығын және оның экологияға әсерін, соның ішінде көшетхана газдарының тасталуын төмендету «Қайта жаңаратын энергия көздерін қолдау туралы» Заңын қабылдаудың мақсаты болып табылады.
Энергия үнемдеу туралы 1997 ж. 25 желтоқсандағы № 210-1 Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңның, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
3-бап. Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi:
отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiн арттырудың оларды шығару мен жылу және электр энергиясын өндiрудi молайтудан басымдығы;
отын-энергетика ресурстарын және (немесе) энергияны шығару, өндiру, ұқсату, тасымалдау және пайдалану кезiндегi адамның қауiпсiздiгi мен денсаулығын, оның өмiрiнiң әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайларын, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудегi басымдық;
Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi: отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiн арттырудың оларды шығару мен жылу және электр энергиясын өндiрудi молайтудан басымдығы; отын-энергетика ресурстарын және (немесе) энергияны шығару, өндiру, ұқсату, тасымалдау және пайдалану кезiндегi адамның қауiпсiздiгi мен денсаулығын, оның өмiрiнiң әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайларын, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудегi басымдық.
Достарыңызбен бөлісу: |