Негізгі бөлім 2.1 Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді."Партия" деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны береді.Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мушелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, кұл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жок болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады. Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX г. Екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық, революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік билiктің ұйымдастырылу түpi және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әpi кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың ролі одан әpi өcтi. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды. Бipaқ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола калган жок. Онын ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап керсетті:
1) аристократиялық уйірмелер;
2) саяси клубтар:
3) көпшілік партиялар.
Саяси клубтардың аристократиялық уйірмелерден айырмашылығы олар ең алдымен буржуазияның муддесін білдіреді.(Ал аристократиялық уйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаған болатын). Олардың тұрақты идеологиялық байланыстары мен дамыған уйымы болды. Мұның бәpi оларға қоғамдық жұмысты кең өpicтeтyiнe мүмкіндік туғызады. Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі — олар жұмысың тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты. Өз қатарына барынша көбірек адамдарды тартты. Өздерінің угіт- насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие, мәдени қызметі. с. с. саяси әсер етудің ең бай мүмкіндіктерін пайдаланды. Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861жылы Англияда либералдық партия кұрылды. Сонымен қатар мұндай партиялардың дамуына жұмысты қозғалысы да зор әсер етіп. Жұмысшы- лардың өзіндік жарғысы, кең тараған жергілікті ұйымдары бар, жазба түрде мүшелік жарна төлейтін, мерзімімен съездер өткізетін партиялары ұйымдасады. Бірінші көпшілік жұмысшы партиясы болып 1863 жылы Жалпы Германияның жұмысшы одағы (Ф. Лассальдың басшылығымен) құрылды. XIX ғ. аяғына қарай Батыс Еуропа елдерінде түгелге жақын көпшілік партиялар пайда болды. Мұндай партиялар басқа континенттерде де құрыла бастады.
Американың белгілі саясаттанушысы Дж. Лa Паломбараның ойынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады: 1) партия белгілі бip идеологияны қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі; 2) партия — адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың әр түрлі деңгейінде әжеп тәуір ұзақ біріктіретін ұйым; 3) партияның мақ- саты — билікті қолға алып, жүзеге асыру (көбінесе ол коалиция- лық жолмен жасалады); 4) әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын камтамасыз еткісі келеді. Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердің топтардың,таптардың, бірлестіктердің мүддесін көздейді. Партия- лардың өмір сүруінің өзі сол жіктеудің арасында дау-жанжал- дардың тууы мен оларды шешу кажеттігінен шығады. Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднардың көрсет- кеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады:
а)қоғамның ipi топтарының мақсат-мүлделерiн анықтау, тұжырымдау және негіздеу;
ә)олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;
б)саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
в)саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысу және т. б.;
г)мемлекетте билік ушін күреске қатынасу және оның жұмы- сының бағдарламасын жасау;
д)мемлекеттік билікті icкe асыруга қатынасу;
е)қоғамдық пікірді қалыптастыру;
ж)жалпы қоғамды, яки оның белгілі бip бөлігін (топты, тапты, жікті) саяси тәрбиелеу;
и)мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық, ұйымдардың аппараты үшін кадрлар даярлау мен ұсыну және т.б.
Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады. Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндетi азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді Бұрынғы әлеуметтік-эко- номикалық саясатты одан әpi жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Соның ар- қасында қоғамның саяси саласындағы қайшылықтардың басы ашылады, әлеуметтік қопарылысқа соқтырарлық өткip, ойда жоқ шиеленістердің мүмкіншілігі азаяды. Қоғамнын қай жігіне партияның ықпалы кушті журіп, олар- дан ұзак уақыт қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін қалайды. Ал оган сайлау кезінде әрдайым даусын беруші сайлаушылар оның электоратын (латынның сайлаушылар тобы деген сөзінен) құрайды. Еуропадағы социал-демократиялык партиялардың дәстүрлі әлеуметтік негізіне жұмысшылар жата- тын. Либералдық-демократиялық партияларды орта жіктеп қыз- меткерлер, зиялы қауым, ұсақ кісіпкерлер және т. б. қолдайтын. Аграрлық партия шаруаларға сүйенетін. Консервативтік партия- лар ipi меншік иелерін, шаруалар мен орта буындылардың бip бөлігін тірек ететін. XX ғ. ортасынан бастап жағдай өзгерді. Ipi партиялар сайлауда халықтың әр түрлі топтарының даусын жи- нады. Демек, солардың мүддесін де көздейді. Сонымен, партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бip идеология негізінде құралған адамдардң, epiкmi одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды ic жүзеге асыруга белсене катынасады. Саяси партияларды жіктеп, жуйелеудің көптеген белгілеpi мен өлшемдері бар. Мысалы, институциондық тәсіл партияларды топ- тастырғанда ұйымдастыру ерекшелігін басшылыққа алады, ли- бералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына бас- ты назар аударады, марксистер болса таптық белгілеріне айрықша мән береді.Бұл мәселені терең зерттеген саясаттанушылардың бipi француз ғалымы М. Дюверже XX ғасырдың 50 жылдарында сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты партияларды кадр- лық және бұқаралық деп eкігe бөледі (оларды ұйымдық қалыптасқан және ұйымдық қалыптаспаған деп те атайды). Кадрлық деп қатарында сайлаушылардың 10%-ынан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бipaқ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Онын әрбір мүшесінің партия билеті болады, мүшелік жарналарын уақтылы төлейді жарғысында қаралған тәртіпті мүлтіксіз орындайды. Мысалы, оған Австрия халық партиясы, Англия консерваторлар партиясы, ГФР-дың Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы, Швеция орталық партиясы жатады. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды. Партбилет алып, мушелік жарна төлeмeйдi. Мысалы, мұндайларға АҚШ-тың, республикалық және демократиялық партиялары, Англия лейбористер партиясы т. т. 60 жылдардың аяғында жоғарыда аты аталған Лa Паломбара- нын көрсеткен eкi партиясынан баска әмбебап партиялар (уни- версалдык немесе сайлаушылар партиясы) деген ушінші түрін бөліп шығарды. Олардың ерекшелігі — партияның мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысуда. Онда әлеуметтік, этникалық, діни және т.б. өзгешеліктеріне мән берілмейді. Мұндай партиялардың саны соңғы жылдары Еуропа мен Америка елдерінде тез етек алуда. Саяси жуйедегі pөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты сая- си партияларды төрт түрге топтастырады:
1.Авангардтық партиялар (лениндік тұжырымдама). Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады,өзінің барлық мүшелерінен партиянын жұмысына белсенді қатынасуын талап етеді. Мысалы, Үндістаннның ұлттық конгресс партиясы, бұрын- ғы СОКП.
2.Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты уміт- керлердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жи- нау, үгіт жүргізу т.т. Оларда тұрақты мүшелік, идеологиялық негіз, ұйымдық құрылым жоқ. Мысалы, АҚШ-таға республика- лы және демократиялық партиялар. Сондықтан американдық азмат "Мен демократиялық партияның мүшесімін"демейді, "Мен демократтар ушін дауыс беремін" дейді.
3.Пapламентік партия. Ол негізгі eкi қызметті атқарады: сай- лауга дайындалу және парламентке бақылау жасау. Мәселелерді алдын ала талқылап, қабылданатын шешімдерді сәйкестеу, келістіру үшін партиялар парламенттер мен муниципалитеттер- де (жергілікті өзін-өзі басқару органы) жіктер (фракциялар) жасайды. Премьер-Министрдің кандидатурасымен укімет құрамы парламенттегі көпшілікке байланысты. Мысалы, Германияда, Италияда, Ұлыбританияда, Францияда солай.
4. Қауымдастық партиясы. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына карай емес, ортақ қөзқарас, ұқсас мүшелеріне орай өзара қатынасып, маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі. Мысалы, оларға "Жасылдар" партиясы, балаларды, малдарды, жануарларды корғау партиялары жатады.